Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Шымкент қаласы көшелерін күтіп-ұстау, ағымдағы жөндеу, орташа және күрделі жөндеу кезінде орындалатын жұмыс түрлерінің сыныптамасын бекіту туралы" Шымкент қаласы әкімдгінің 2019 жылғы 18 наурыздағы № 222 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 134304 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Шымкент қаласы көшелерін күтіп-ұстау, ағымдағы, орташа және күрделі жөндеу кезінде орындалатын жұмыс түрлерінің сыныптамасының 18-тармағы келесідей редакцияда жазылсын:
"18. Көшелер мен ондағы құрылыстарды көктемгі, жазғы, күзгі және жазғы кезеңдерде күтіп ұстау кезінде, яғни жыл бойы мынадай жұмыстарды орындайды:
1) жер жамылғысы мен су өткізу жүйесі бойынша:
су өткізгіш жыраларды көктемде қардан, ал жазда қоқыстарды пайдаға асыруға тиеу, шығару және беру арқылы жиналған қоқыспен балшықтан тазалау;
жиектердегі, иірімді учаскелердегі кептіргіш науаларды қазу және себу;
жиектерді жоспарлау, шөптерді егу;
шөптерді шабу және шабылған шөптерді жинау;
көлік құралдарының қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ететін материалдарды қосу немесе қоспау арқылы жиектерді және бермаларды кесу және жоспарлау;
иірім учаскелерді жою;
опырылған, мүжілген жерлерді және сең шығарындыларын тазалау;
жиектерге тас төгу және бекіту;
жеке элементтерін алмастырумен және жаңа материалдарды пайдалану арқылы жер төсемі, су қайтарғыш, резервтер, бермалар, қорғаныс, бекіту және реттегіш имараттарының жеке бұзылуларын түзету;
үйіндінің шайылған жергілікті жерлерін жою, шайылуларға тас төсеу;
жаңа жыраларды қазу;
құрап қалған ағаштарды шауып алу;
арық жүйесін, жаңбыр суын қабылдағыш кәріз, дренаж, жиектеме арықшаларын орнату, жөндеу немесе алмастыру;
су өткізгіш құбырларын, жаңбыр суларын қабылдағыштарды орнату, жөндеу, алмастыру;
2) бөлінген белдеулер бойынша:
су ағысын қамтамасыз ету үшін бөлу жолағын жоспарлау;
шабылған материалдарды тиеу, шығару және пайдаға асыруға беру арқылы жол қозғалысының қауіпсіздігіне ықпал ететін ағаштарды, бұталарды, жабайы өсетін бұталарды шабу және тамырымен жұлу;
еріген және тасқын суларды жіберуді қамтамасыз ететін материалдарды қосу арқылы бөлу жолағын жоспарлау;
өртке қарсы жолақты жырту;
3) күрделі жамылғысы бар жүру бөлігі бойынша:
ылғалдың, ауаның күн радиациясының кіруінен асфальтты-бетонды жабынды тиімді оқшалау үшін жаңартатын сұйықтықты пайдалану, атмосфералық ықпалдың әсерінен бұзылған битумды қалпына келтіру, жамылғының суға төзімділіғін сақтау және қалпына келтіру;
жарықшақтарды толтыру;
шұңқырларды жою, жарықшақтарды, шұңқырларды, отырыңқы жерлерді бітеу, көшенің жиектерін тегістеу;
жергілікті учаскелердің төсемдеріндегі иірімдерді жою;
төсемдегі шорлар мен қауіпті тегіссіздікті кесу, тозу қабатын кейіннен кедір-бұдыр негізді өндеу арқылы ойыстарды бітеу;
өтіс бөлігін белгілеу;
цемент–бетон жамылғыларында жарықшақтарды жөндеу және толтыру;
апатты-қауіпті учаскелерді жөндеу (иірімдерді жою, негіз және жабындарды жөндеу, шұңқырды жөндеу, жарықтарды бітеу, тегістейтін қабаттарды қондыру, жол жиектерін бекіту, жабындарды үстіртін өңдеу);
ресайклинг әдісімен учаскелерді жөндеу (иірімді жою, негіз және жабындарды ішінара жөндеу, шұңқырларды жөндеу);
жол жабынының үстіңгі қабатын өндеу;
құдықшаларды көтеру және түсіру;
қауіпті ақаулар мен тегіссіздіктерді жою мақсатында, бұзу салдарынан шыққан материалдарды жолдың негізіне қолдана отырып, жол жабынының бұзылған жерлерін және ақауларды жергілікті жерлерін қайлап, жаңа жабын қабатын орнату;
көшелерді бағдарлы тәсілмен жөндеу жүргізу кезінде жолдарды күтіп ұстау, сондай-ақ бағдар бойынша анықталған қозғалыс үшін қауіпті ақаулықтарды жою жұмыстары, жергілікті учаскелерде жол төсемінің тегістілігін қалпына келтіруді қамтитын жөндеу жұмыстары кешені, оның ішінде ресайклинг әдісімен жүргізіледі. Жөндеудің бағдарлы тәсілі кезінде жөндеу жұмыстары аралас бағдардың барлық ұзындығында, жергілікті учаскелердегі жол төсемінің маңызды ақаулықтары мен бұзылулары шоғырланған жерлерде орындалады;
Жұмыстар әрі ақаулықтар тізбесі негізінде қолданыстағы ережелерге сәйкес, рәсімделген тиісті ақаулықтары мен атқару сметаларын жою үшін қабылданған жұмыстар технологиясы бойынша жолдарды күтіп ұстауды жүргізетін жол жөндейтін мекеме күштерімен орындалады;
4) жетілдірілген жамылғысы бар жүру бөлігі бойынша:
тұтқыр материалдары көп учаскелерді күтіп ұстау;
жарықшақтарды толтыру;
ылғалдың, ауаның күн радиациясының кіруінен асфальтты-бетонды жабынды тиімді оқшалау үшін жаңартатын сұйықтықты пайдалану, атмосфералық ықпалдың әсерінен бұзылған битумды қалпына келтіру, жамылғының суға төзімділігін сақтау және қалпына келтіру;
шұңқырларды жою, жарықшақтарды, толқындарды, отырыңқы жерлерді бітеу, көшенің жиектерін тегістеу;
жүру бөлігін белгілеу;
апатты-қауіпті учаскелерді бағдарлы тәсілмен жөндеу (иірімдерді жою, негізін және жабындарды жөндеу, шұңқырды жөндеу, жарықтарды бітеу, тегістейтін қабаттарды төсеу, жиектерді бекіту, жабынның үстін өңдеу);
ресайклинг әдісімен учаскелерді жөндеу (иірімді жою, негіз және жабындардың бөлігін жөндеу, шұңқырды жөндеу);
жол жабынының үстіңгі қабатын өндеу;
көшелерді бағдарлы тәсілмен жөндеу жүргізу кезінде көшелерді күтіп ұстау, сондай-ақ бағдар бойынша анықталған қозғалыс үшін қауіпті ақаулықтарды жою жұмыстары, жергілікті учаскелерде жол төсемінің тегістілігін қалпына келтіруді қамтитын жөндеу жұмыстары кешені, оның ішінде ресайклинг әдісімен жүргізіледі. Жөндеудің бағдарлы тәсілі кезінде жөндеу жұмыстары аралас бағдардың барлық ұзындығында, жергілікті учаскелердегі жол төсемінің маңызды ақаулықтары мен бұзылулары шоғырланған жерлерде орындалады;
Жұмыстар әрі ақаулықтар тізбесі негізінде қолданыстағы ережелерге сәйкес ресімделген тиісті ақаулықтары мен атқару сметаларын жою үшін қабылданған жұмыстар технологиясы бойынша жолдарды күтіп ұстауды жүргізетін жол жөндейтін мекеме күштерімен орындалады;
5) өтпелі жамылғысы бар жүру бөлігі бойынша:
материалдар қосу арқылы төсемді кескіндеу және нығыздау;
төсемдерге тас үгінділері мен иленділерді жинау, катундарды жинау;
шағалтасты және қиыршықтасты төсемдердің қапталдарына материалдарды қосу немесе қоспау арқылы қалпына келтіру;
шағалтасты және қиыршықтасты төсемдердің қапталдарын қалпына келтіру;
6) топырақты және топырақты жақсартылған төсемі бар жүру бөлігі бойынша:
Шағалтасты жол төсемін орнату;
материалдарды қосу арқылы пайда болған шұңқырлар, сораптар, басқа тегіссіздіктерді жою үшін төсемді кескіндеу;
үтіктеу- ірі тегіссіздіктер пайда болғанға дейін жүргізілетін тегістеу-профилактикалық іс-шаралары;
көшелерді хлорлы кальций, битум және басқа материалдармен шаңсыздандыру;
көшелердің кепкен учаскелерін күтіп ұстау, уақытша қоршау, ауа науаларын орналастыру және себу, жол төсемі мен жол жамылғысының үстінен су өтуін қамтамасыз ету;
қиыршықтасты жол жамылғысын тұтқыр және басқа материалдармен шаңсыздандыру;
әлеуметтік нысандар орналасқан көшенің техникалық санатын өзгертпей, шағалтасты және қиыршықтасты жол жабынын асфальтобетон жабынына өткізу;
ресайклинг әдісімен учаскелерді жөндеу;
тез қалыптасатын эмульсиялық-минералды қоспаны қолдана отырып, беттік өңдеу (тозу қабатын құру);
7) жолдардың жағдайы және абаттандыру, қозғалысты ұйымдастыру, байланыс, жарықтандыру объектілері бойынша:
шу жолақтары, шудан қорғау экрандарын, жасанды жол кедергісін орнату және жөндеу;
жол белгілерін, қоршауларды орнату, зақымдарды қалпына келтіру, жол белгілері мен қоршаулардың қалқандарын, панноларды, жол жиектерінің тастарын орнату және жөндеу, көшені жайғастыру элементтерін қалпына келтіру;
сәулет безендірулері мен абаттандыру элементтерінің жеке бұзылуларын және ақаулықтарын жөндеу;
қолданыстағы жаяу жүргіншілер жолдарын кеңейту, жөндеу және жаңадан орналастыру;
жасыл желектегі ағаштардың темір торларын орнату, алмастыру;
пандустарды орналастыру;
жол белгілерінің астына берма орналастыру;
автопавильондар, дәретханалар, күркелер, жол белгілері, қоршаулар және көшелердің басқа жайғастыру элементтерін жөндеу, сырлау және ақтау, тік және көлденең белгілерді түсіру;
күркелер, орындықтарды, дәретханаларды орнату және жөндеу;
қоршауларды, сигнал беру бағандарын, белгілерді, қалқандарды үнемі тексеру, бекіткіштерін тарту, қалқандарды түзету, шаң мен балшықтан тазалау, жуу;
автобус аялдамаларын, дәретханаларды, күркелерді, автопавильондарды кезеңді тексеру, шаңнан, балшықтан және қоқыстан тазалау, жуу;
қозғалысты ұйымдастыру, байланыс және жарықтандыру құралдарын күтіп ұстау, күту және жарамдылығын қадағалау;
жүру бөлігін және жиектерді бөтен, жол қозғалысының қауіпсіздігіне қауіп төндіретін заттардан тазалау;
ақы алу жүйесін, зияткерлік көлік жүйесін және оның шағын жүйелері (ИТЖ), басқа технологиялық және сигнал беру байланысының басқа құралдарын, кабель желілерін, сондай-ақ, бағдаршам объектілерін, қозғалысты ұйымдастыру құралдарын, олардың қызмет етуі үшін байланыс каналдарын жалға алуды қоса алғанда, қозғалысты диспетчерлік және автоматтандырып басқару құралдарын тазалықта және ретке келтіріп ұстау;
қозғалысты ұйымдастыру, байланыс және жарықтандыру объектілерінің құралдарын жеке бұзылуларын және ақаулықларын жөндеу;
өлшеу құралдарын, жабдықтарды орнату, жөндеу және күтіп ұстау, автокөлік құралдарының қозғалысын бақылау және мониторинг үшін бағдарламалық қамтамасыз ету;
жүргіншілер бөлігіне "мысық көз" жол маркерін қондыру;
тиісті сертификаттарды, таразы бақылау аркаларының өлшеу құралдарын алумен жыл сайынғы тексеруді жүргізу;
бақылау посттарын, аркалар мен басқа металл құрылымдары және/немесе темір-бетон бұйымдарын, ақпараттық (жарықтық диодты) жол белгілері мен өзгеріп тұратын ақпараты бар жеке жобалау табло жабдықтарын орнату және/немесе жөндеу, алмастыру, оның ішінде оларды жарықтандыру және электрмен жабдықтау, бұл ретте жұмыс көлемдері сметалық құжаттамамен белгіленеді;
бағдаршам нысанымен реттелетін көше қиылыстарында және реттелмейтін жаяу жүргіншілер өтпелерінде жол қозғалысын реттеу үшін, құрылғыларды орнату;
бағдаршам нысанының құрылғыларын алмастыру, жөндеу, қайта орнату;
қажеттілігіне қарай бағдаршам нысанындағы бағдаршам режиміне қосымша құрылғыларды орнату арқылы өзгерістер енгізу;
көлік құралдарының қозғалысын бақылау және мониторинг үшін, өлшеу құралдарын, жабдықтарды және бағдарламалық қамтамасыз етуді уақтылы жөндеу және жоспарлы алмастыру регламенттелген мерзімде жүргізіледі, соның ішінде:
дербес жұмыс станциялары, Орталық басқару пунктінің (бұдан әрі - ОБП) ұйымдастыру техникасы және байланыс құралдары;
жол бойындағы жабдықтар, дербес жұмыс станциялары, ОБП ұйымдастыру техникасы, жабдықпен басқару жиынтығы, ЛВС коммутаторлары;
жол бойындағы жабдықтар, байланыс құралдары, ОБП серверлік, жүйелік және бейне құрал-жабдықтары;
қолданыстағы көшелерге жол қоршауларын, аялдама павильондарын, жол сервис павильондарын, кіші архитектуралық пішіндер, тікұшақтарға арналған ұшу-қону алаңдары, автотұрақ, оң жақ өткелдерін, бұрылыс алаңшаларын, кіру жолдары, бөлу жолағында бұрылыс орындарын, демалыс алаңдарын және жол қозғалысы қауіпсіздігінің талаптарын ескере отырып, жүргізушілер мен жолаушылардың пайдалануы үшін жайлылықты қамтамасыз ету мақсатында ауыспалы-жылдамдық жолақтарын салу және қажет болған жағдайда оларды жарықтандыру және электрмен жабдықтау, сонымен бірге жұмыс көлемдері техникалық құжаттамамен белгіленеді;
қоршауларды орнату, жөндеу және алмастыру;
шығу жолдарын және өткелдерді жөндеу;
қолданыстағы жаяу жүргіншілер жолдарын, сондай-ақ жер үстіндегі және астындағы өтпелерін жөндеу;
автокөлік құралдарының қозғалыс жылдамдығын, шанаққа түсетін жүктеменің салмағын анықтау үшін ақпараттық (жарықтық диодты) жол белгілері мен өзгеріп тұратын ақпараты бар жеке жобалау табло жабдықтарын орнату, жөндеу және алмастыру, оның ішінде оларды жарықтандыру және электрмен жабдықтау, бұл ретте жұмыс көлемдері сметалық құжаттамамен белгіленеді;
жарық шағылыстыратын элементтерді орнату және алмастыру, сондай-ақ оларды балшықтан және қардан тазарту;
көлік қозғалысын ұйымдастыру үшін пайдаланылатын, көліктік инфрақұрылымнын пайдаланудың режимдері туралы ақпарат беретін ақпараттық тақтайшаларды орнату және ауыстыру;
бүйірлі желбағарды орнату және алмастыру;
қираған көше учаскелерін қалпына келтіру кезінде уақытша айналма жолдарын салу;
жарықтандыру объектілерін, бағаналарын орнату және жөндеу;
8) жасанды құрылыстар бойынша:
жүру бөлігінің жиектастарын бояумен белгілеу;
жол қауіпсіздігін негізге ала отырып, сүйеулер мен тосқауыл қоршауларының бұзылуларын түзету және орнату;
көпірлердің металлды элементтерін, сүйеу қоршауларынын алмастыру, бояу қабатын (бояу) қалпына келтіру;
көшелердің үстіндегі жол өткізгіштерінің маңдай алды арқалықтарының астын тік белгілеу;
көшелердің үстіндегі жол өткізгіштерінің тіректерін тік белгілеу;
жинау техникасы өткеннен кейін жаяу жүргіншілер жолдарының бойындағы жүру бөлігін балшық пен бөтен заттардан тазалау;
қар тазалайтын техника өткеннен кейін жаяу жүргіншілер жолдарының бойындағы жүру бөлігін қар мен мұздан тазалау;
су қайтаратын түтіктерді балшықтан, тастардан және қардан тазалау;
сорғылардан болған деформациялық жіктерінің су қайтаратын науаларын тазалау;
қабаттарды ашық типті деформациялық жіктерге алмастыруға арналған ойықтарды балшықтан тазалау;
ашық типті деформациялық жіктердің күрделі құрылыстарының механизмдерін тазалау және майлау;
жаяу жүргіншілер жолдарын балшықтан, қардан, қоқыстан және бөтен заттардан тазалау;
суды жіберуге арналған жаяу жүргіншілер жолдары шығырларындағы терезелерді тазарту;
көпірдің жаяу жүргіншілер жолы мен өтіс бөлігінің арасындағы тосқауыл қоршауларының қисық сызықты белдеуінің астындағы кеңістікті балшықтан, қардан және мұздан тазалау;
сүйеніш, тосқауыл қоршауларын, жол белгілерін кір мен қардан тазалау;
арқалықтардың үстін кірден, жағылған топырақтан, өсімдіктерден тазалау;
арқалықтардың тірек тораптарын жуу;
тірек бөліктерін қардан, кірден тазалау;
тірек бөліктерінің жұмыс істейтін үстіне графитті құрылыстарды жағу;
темір тірек бөліктері бекіткіштерінің бұрандамаларын тарту;
тіректердің бастарын және фермалық алаңдарды қоқыс пен кірден, қар мен мұздан тазалау;
конустар мен еңіс бекіністерін кірден, шөптен және талдардан тазалау;
тіректердегі мұзды уату және мұзды кесу;
сең жүру және тасқын суларды өткізуді ұйымдастыру;
байқау құралдарын (баспалдақтар, арбашалар) тазалау;
көпір құрылыстарын ағымдағы және кезеңді тексеру;
қоқыстарды және кесілген ағаштарды пайдаға асыруға тиеу, шығару және беру арқылы көпір және су өткізу құбырлары аймақтарынан арақашықтығы 50 метрге дейін, ағыны бойынша жоғары және төмен бұталы өсімдіктерді жою және ағаштарды шабу, көпір астындағы аймақтарды санитарлық тазалау;
темір-бетон құбырларының аралықтарын лай мен балшықтан тазалау;
шағын көпірлер мен құбырлардың аралықтарын күзде жабу және көктемде ашу;
сел жүруді, тасқын суларды жіберу, жолдар мен құрылыстарды тасқыннан, мұз басудан, орман және дала өрттерінен қорғау бойынша сақтандыру жұмыстары;
паромдық жолдарды, реттелетін су өткізгіш құрылыстардың шандорлы қалқалағыштарын күтіп ұстау және қызмет көрсету навигациялық жабдықтар құралдарын орнату жұмыстары, көпір алдындағы учаскеде жүзу, кеме жүзетін құралдарды күтіп ұстау және "Ішкі су көлігі туралы" 2004 жылғы 6 шілдедегі № 574 Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының негізінде автомобиль жолдарының көпір құрылыстарына кіреберістердегі түбін тереңдету және түбін тазарту жұмыстарын жүргізу;
жер асты және жер үсті жаяу жүргіншілер өткеліндегі мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған көтергіш құрылғыларды, лифттер және экскалаторды күтіп ұстау және қызмет көрсету;
құрылыстардың жеке элементтерін (тірек бөліктері, сүйеніштер, тосқауыл қоршаулары, төсеніштер, діңгектер, тіреуіштер, дуал қабырғалары, тік құрылыстардың тақталары, шкафты қабырғалар, ашылу есікшелері құрғату құрылғылары және т.б.) орнату, алмастыру және жөндеу;
көпірлердің темір элементтерін жергілікті сырлау;
көпірлердің, жол өткізгіштердің өтіс бөлігіндегі жабынындағы шұңқырларды жамау, асфальтобетон қабатын орнату (ескі, тозған жол жабынын фрезалау), жабындағы жарықшақтарды бітеу;
деформациялық жіктерді жөндеу;
деформациялық жіктерді ескі шайырдан алдын ала тазалау арқылы шайыр құю;
деформациялық жіктердің аймағындағы немесе жіктердің алдындағы төсемді алмастыру;
аяқ жолдардың асфальт-бетон төсемдеріндегі жарықшақтар мен еңістерді бітеу;
аяқ жолдардың цемент-бетон төсемдеріндегі жарықшақтар мен еңістерді бітеу;
үйінділердің шайылған жергілікті жерлерін және реттеу құрылыстарын жою;
үйіндісі бар көпірлердің жанасқан жерлеріндегі шайылуларды себу, осы жерлердегі суды бір уақытта жою;
тіректердегі шайылу шұңқырларын бітеу;
құбырлардың гидро оқшаулануын жөндеу және олардың буындары мен бөлiктерi арасындағы жiктердi бiтеу;
құбырлардың жеке буындарын, бастарын жиектердін қанаттарын, арнаның шығыс және кіріс бекінісін жөндеу және алмастыру және құбырдың науасын түзету, нобайланған тасты қалпына келтіру;
ағаш көпірлердегі төсемдерін, тақтайларды алмастыру, элементтерді шірігеннен тазалау;
болаттан жасалған элементтері бар ақаулық жіктердің бөлшектерін жекелеп алмастыру;
аяқ жолдардың деформациялық жіктерін алмастыру;
9) көшелерде жол жүру үшін төлем ақы алу бағдарламалық-аппараттық кешені ЗКЖ және оның шағын жүйелері бойынша:
кепілдік қызмет көрсету мерзімі аяқталған соң, көшелердің жол жүру үшін төлем ақы алу бағдарламалық-аппараттық кешені, ЗКЖ және оның шағын жүйелерінің тозған және шығындық бөліктерін, тетіктерін, элементтері мен тораптарын төлқұжаттық деректерге, талаптарға сәйкес алмастыру, орнату, жаңарту;
құрамына дербес жұмыс станциялары, ұйымдастыру техникасы, ОБП жабдықтары, байланыс құралдары, жол бойындағы жабдықтар, жабдықты басқару жиынтығы, жергілікті желінің коммутаторлары, серверлік, желілік және бейне жабдықтар, сондай-ақ дабыл-шақыру колонкаларының орталық модулі, дабыл-шақыру колонкалары диспетчерлерінің консолі кіретін автомобиль жолдарының жол жүру үшін төлем ақы алу бағдарламалық-аппараттық кешені, ЗКЖ және оның шағын жүйелерінің, көлік жүргізушілеріне ақпарат беретін шағын жүйе және БҚКТК құралдарының төлқұжаттағы мәліметтерінің талаптарына сәйкес регламенттелген мерзімде жөндеу және жоспарлы ауыстыру;
мәліметтерді беру ортасының өткізу қабілетін арттыру үшін байланыс арналарын кеңейту, мәліметтерді берудің резервтік немесе қосымша арналарын ұйымдастыру (талшықты-оптикалық байланыс желілері (бұдан әрі - ТОБЖ), радиорелелік, спутниктік), желінің архитектурасын өзгерту, қосымша виртуалдық арналар құру, желілік жабдықтарды алмастыру;
көшелермен жол жүру үшін төлем ақы алу бағдарламалық-аппараттық кешеніне, ЗКЖ және оның шағын жүйелері бойынша техникалық қызмет көрсету;
сервердің орнын және/немесе басқа байланыс операторларының гермоаймағындағы бағандарды немесе серверлік үй-жайын жалға алу мен бірге көшелермен жол жүру үшін төлем ақы алу бағдарламалық-аппараттық кешені, ЗКЖ техникалық қызмет көрсету, жабдықтарды тазалау және алмастыру (істен шыққан) бойынша жоспарлы-профилактикалық жұмыстар;
ақы алу жүйесіндегі төлемді және шығыстық бөлшектерді бақылауға жауапты жабдықтарды (купюра-монетақабылдағыштар, индукциялық ілмектер, шлагбаумдар, жіктеуіштер, бағдаршам объектілері, қозғалысты ұйымдастыру құралдары, өнеркәсіптік жұмыс станциялары, байланыссыз төлеуге арналған санауыш антенналары мен өзара байланысты құрамдас бөлшектер мен жабдықтар) орнату, жөндеу және алмастыру;
ТОБЖ және деректер беру желілерінің жұмыс істеуіне арналған байланыс арналарын жалға алуды қоса алғанда аталған желілерге техникалық қызмет көрсету;
телекоммуникация желілері, жол жүру үшін төлем ақы алу бағдарламалық-аппараттық кешені мен ЗКЖ және оның шағын жүйелері, көлік жүргізушілері ақпарат беретін шағын жүйелері БҚКТК басқарудың техникалық кешендерін олардың төлқұжаттағы мәліметтерінің талаптарына сәйкес мерзімінде қалпына келтіру;
бақылау қақпаларына орнатылған фото/бейне тіркеу жабдықтарын қоса алғанда, жол жүру үшін төлем ақы алу бағдарламалық-аппараттық кешені, ЗКЖ және оның шағын жүйелері, көшелердің ақпараттық жүйелерінің жабдықтарын, бағдарламалық қамтамасыз етуді, ақпараттық қауіпсіздікті сертификаттау;
жол жүру үшін төлем ақы алу бағдарламалық-аппараттық кешені, ЗКЖ және оның шағын жүйелерінің, көшелердің ақпараттық жүйелері үшін бақылау қақпаларын және басқа да металқұрылымдар және/немесе темірбетон бұйымдарды орнату немесе алмастыру, қажет болған жағдайда оларды жарықтандыру және электрмен қамтамасыз ету, бұл ретте жұмыс көлемдері сметалық құжаттамамен белгіленеді;
ЗКЖ, жүру үшін ақы алу бағдарламалық-аппарат кешені қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз етуді сүймелдеу;
ЗКЖ, жүру үшін ақы алу бағдарламалық-аппарат кешені лицензиялы бағдарламалық қамтамасыз етуді инсталляциялау, жаңғырту және жаңарту;
тармақша мынадай мазмұндағы екінші және үшінші абзацтармен толықтырылсын:
ЗКЖ жүйесін енгізу;
қозғалысты ұйымдастыру құралдарын, жол қозғалысын реттейтін техникалық құралдарды (жарықтандыру, радиобайланыс, ЗКЖ және технологиялық және сигнал шақыру байланысының басқа да құралдарын, кабельдік желіні, сондай-ақ бағдаршам объектілерін, қозғалысты ұйымдастыру, диспетчерлік және автоматтандырылған қозғалысты басқару құралдарын, олардың жұмыс істеуі үшін байланыс арналарын жалға алуды, сондай-ақ істен шыққан, оның ішінде ЖКО-дан кейін, жол қозғалысын реттейтін техникалық құралдарының элементтерін әкетуді және кәдеге жаратуды қоса алғанда) тазалықта және ретке келтіріп ұстау, күтіп-ұстау, күту және жарамдылығын қадағалау;
10) қосымша қысқы күтіп ұстау жұмыстарына жататындары:
жол белгілері мен тосқауыл қоршауларын қарлы борасындардан тазалау;
жүру бөлігін фрикциялық, химиялық және басқа да көк тайғаққа қарсы материалдармен өндеу және оларды кейіннен жүру бөлігінен қажетті уақыттан кейін тазалау;
тайғақ жамылғысы бар учаскелерде қысқа уақыт әрекет ететін жол белгілерін орнату;
ауыр ауа-райы жағдайларында жол-жөндеу қызметі жұмысшыларының қатарынан және жол техникасын тәулік бойы күзетуді ұйымдастыру;
тау баурайында, жартылай ойық және ойық, оның ішінде механикаландырылған амалмен нөлдік орындарды әзірлеу мен кеңейту.".
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Шымкент қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Шымкент қаласының әкімі | Г. Сыздыкбеков |