Шымкент қаласының көшелерін күтіп - ұстау, ағымдағы, орташа және күрделі жөндеу кезінде орындалатын жұмыстар түрлерінің сыныптамасын бекіту туралы

Жаңартылған

Шымкент қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 18 наурыздағы № 222 қаулысы. Шымкент қаласының Әділет департаментінде 2019 жылғы 18 наурызда № 21 болып тіркелді

      "Aвтомобиль жолдары туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі Заңының 13 бабының 1-1 тармағының 6-8) тармақшасына сәйкес, Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Шымкент қаласының көшелерін күтіп - ұстау, ағымдағы, орташа және күрделі жөндеу кезінде орындалатын жұмыстар түрлерінің сыныптамасы осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. "Шымкент қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының Шымкент қаласының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы әкімдік қаулысы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалы – Шымкент аймақтық құқықтық ақпарат орталығына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жолданылуын;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Шымкент қаласының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;

      4) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Шымкент қаласы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкiмiнiң бірінші орынбасары Қ.Нұртайға жүктелсiн.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Шымкент қаласының әкімі Ғ.Әбдірахымов

  Шымкент қаласы әкімдігінің
2019 жылғы 18 наурыздағы
№ 222 қаулысымен
бекітілді

Шымкент қаласының көшелерін күтіп-ұстау, ағымдағы, орташа және күрделі жөндеу кезінде орындалатын жұмыстар түрлерінің сыныптамасы

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы көшелерді күтіп ұстау, ағымдағы, орташа және күрделі жөндеу кезінде орындалатын жұмыс түрлерінің сыныптамасы (бұдан әрі - Cыныптама) "Aвтомобиль жолдары туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі Заңының 13 бабының 1-1 тармағының 6-8) тармақшасына сәйкес әзірленген, көшелер мен ондағы құрылыстарды (бұдан әрі - көшелер) күтіп ұстау, ағымдағы, орташа және күрделі жөндеу кезінде орындалатын жұмыс түрлерін белгілейді.

      2. Сыныптама жол-жөндеу жұмыстарының көлемдерін негіздеу және оларды орындау үшін республикалық және жергілікті бюджеттерден бөлінетін қаржы қаражаттарын есептеу үшін қолданылады.

      3. Осы Сыныптамада мынадай анықтамалар қолданылады:

      1) біріңғай қалалық көлік тұрақтарының кеңістігінің ақпараттық жүйесі (ары қарай - БҚКТК) –бағдарламалық қамтамасыз ету және көшелердің элементтері, көлік құралдарының орнына сұранысты басқаруға арналған, оның ішінде тұрақтарға ақысын алу арқылы;

      2) жол жабыны қызметінің жөндеу аралық мерзімі - бұл тозу қабатын қалпына келтіру және тегістілік пен көлік қозғалысының қарқындылығы бойынша қажетті маңыздылығына дейін ұқсас сапаларын орнына келтірумен және ақауларды жоюмен байланысты кезекті орташа жөндеу орындауға қажеттілік туындағанға дейін құрылыс, қайта жаңарту, күрделі немесе орташа жөндеуден кейін көшені пайдалануға тапсырған уақыт кезеңі;

      3) жол жамылғысы - бұл автокөлік құралдарынан түсетін салмақты қабылдайтын және оны топыраққа беретін көшелердің бөлінген белдеулерінің шегіндегі көп қабатты құрылғы;

      4) жол жамылғысы қызметінің жөндеу аралық мерзімі - бұл көше құрылысының көтеру қабілеттілігін (күшейту) арттырумен байланысты кезекті күрделі жөндеуге дейінгі құрылыс, қайта жаңарту немесе күрделі жөндеуден кейін көшені пайдалануға тапсырған күннен басталған кезең;

      5) жол-жөндеу жұмыстарының стратегиясы – бұл бөлінетін ресурстарды тиімді пайдалану кезінде көшелер мен ондағы құрылыстары желісінің көліктік-пайдалану жай-күйін сақтау және жақсарту бойынша аса тиімді ұзақ уақытты техникалық шешімдерді және басқаратын ықпал етулер кешені;

      6) жол жүру үшін төлем ақы алу бағдарламалық-аппараттық кешені – жол жүруге төлем ақы алу үшін арналған көше жабдықтары, бағдарламалық қамтамасыз ету және элементтер жиынтығы;

      7) зияткерлік көлік жүйесі (ЗКЖ) – көшелердің әкімшілік-шаруашылық басқару тапсырмаларын қызметтік және ақпараттық деңгейде шешетін, ғаламдық қызметтер мен процестерді құрайтын интеграцияланған мәліметтерді жинау, өндеу және сақтауды; ақпараттың орталықтандырылған интеграцияланған массивтерін қамтамасыз ететін, интеграцияны қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз ету және енгізуді қамтамасыз ету мәліметтерін басқару, бірыңғай бизнес-ережелер бойынша мәліметтерді түзету және қол жеткізу, шаруашылық-өндірістік есептерді жүргізу жүйесін, өзінің ішкі сәулеттілігі, қызметтері, процестерді және жоғары санаттағы көшелерінде көлік құралдарының қажетті өткізу қабілеттілігін және қауіпсіздігін қамтамасыз ететін мәліметтері бар жол қозғалысын басқару жүйесін қамтамасыз ететін, өз құрамында Жүйені Басқару Орталығы бар жол қозғалысын басқару мен жол жүру үшін ақы жинау және қозғалысты басқару кешені;

      8) көлік жүргізушілеріне ақпарат беретін бағдарламалық-ақпараттық кешені - кешендік мамандандырылған жүйе ішіндегі ЗКЖ құрылғылар жиынтығы, бағдарламалық қамтамасыз ету және көшелердің элементтері, көліктік тығындары туралы көлік жүргізушілеріне жедел ақпарат беру арқылы басқаруға арналған;

      9) көлік құралдарының қозғалысын бақылау және мониторингіне арналған өлшеу құралдары, жабдықтар мен бағдарламалық қамтамасыз ету –көшелер бойынша автокөлік құралдарының қозғалысын бақылауды және мониторингті қамтамасыз ететін жабдықтар кешені;

      10) көшелер мен ондағы құрылыстарын пайдалануды басқару - бұл үнемді негізделген жол-жөндеу жұмыстарының стратегиясын әзірлеу арқылы оларға диагностикалау мен мониторинг жүргізудің негізінде көшелер мен ондағы құрылыстарының қажетті техникалық деңгейін және көліктік-пайдалану жай-күйін қамтамасыз ету бойынша ұйымдық және регламенттейтін кешені;

      11) көшелерді басқарушылар – көшелердің меншік иелері болып табылатын немесе шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы көшелерді басқару қызметін жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар;

      12) көшелерді қысқы күтіп ұстау - көшелер және ондағы құрылыстарды қар басып қалудан қорғауға, оны уақтылы тазартуға және жол жамылғысының қысқы тайғақтығымен күресуге байланысты айрықша жұмыстар кешені.

      13) көшелерді маршрутты жөндеу тәсілі - бұл көлік қозғалысы үшін қауіпті ақаулықтарды жою жергілікті учаскелердегі жол жабынының тегістігін қалпына келтіру, жаңа жаяу жүргіншілер жолын орнату және қолданыстағы жаяу жүргіншілер жолын жөндеу жұмыстарын қоса алғанда, маршрут бойынша орындалатын жөндеу кешені;

      14) көшелердің жай-күйіне мониторинг жүргізу – бұл пайдалану және қоршаған ортаның ықпал етуі нәтижесінде мүмкін болатын антропогендік өзгерістердің жай-күйін қадағалау мен бақылау, бағалау мен болжамдау жүйесі;

      Ескерту. 3-тармаққа орыс тілінде өзгерістер енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгермейді – Шымкент қаласы әкімдігінің 23.08.2022 № 1588 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      4. Көшелердің құрамына мыналар кіреді: бөлінген белдеулер, көшелердің құрылымдық элементтері, көшелерді жайластыру және абаттандыру, су жібергіш және су өткізгіш имараттар, көпірлер, жол өткізгіштері, көлік айрықтары, су доғалары, үңгі жолдар, қорғау галереялары, жол қозғалысының қауіпсіздігін арттыруға арналған құрылыстар мен құрылғылар, гүл бақтары, мемлекеттік меншік болып табылатын желілі тұрғын үй ғимараттары мен жол-пайдалану қызметтерінің кешендері, жол жүру ИТЖ және оның шағын жүйелері үшін ақы алу бағдарламалық-аппарат кешені және өлшеу құралдары, автокөлік құралдарының қозғалысын бақылау және мониторингі үшін жабдықтар мен бағдарламалық қамтамасыз ету, және белгіленген габариттің шегінде олардың төбесіндегі ауа кеңістігі.

      Ескерту. 4-тармаққа орыс тілінде өзгерістер енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгермейді – Шымкент қаласы әкімдігінің 23.08.2022 № 1588 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      5. Көшелер мен ондағы құрылыстарды пайдалану жұмыстарын жүргізуге нақты бөлінген қаржы ресурстары көшелер мен ондағы құрылыстардың көліктік-пайдалану жай-күйін тексеру және диагностикалау материалдары негізінде белгіленген өткізілетін жөндеу іс-шараларының түрлеріне және жол-жөндеу жұмыстарының әзірленген стратегиясына қарай бөлінеді.

      6. Көшелерді күтіп ұстау, ағымдағы, орташа және күрделі жөндеу кезінде орындалатын сыныпталатын жұмыс түрлері жол саласында қолданылатын жұмыс түрлерінің нормативтік-техникалық құжаттарының талаптарына сәйкес орындалады.

      7. Көшелер мен ондағы құрылыстарды пайдалануды басқару өзіне келесі ұйымдық және реглементтік іс-шараларды енгізеді:

      1) жол-жөндеу жұмыстарының стратегиясын негіздеу және қажетті қаржы ресурстарын жоспарлау;

      2) көшелер мен ондағы құрылыстарды сақтауды қамтамасыз ету және оларды уақытынан бұрын тозудан алдын ала сақтау;

      3) алдыңғы қатарлы тәжірибе және ғылым мен техникаға қол жеткізу негізінде көшелер мен ондағы құрылыстарды жөндеу мен күтіп ұстауды қоса алғанда, жобалау, салу, қайта жаңарту, пайдалану бойынша нормативтік-техникалық базаны жетілдіру;

      4) технологияны жетілдіру және көшелер мен ондағы құрылыстарды жөндеу мен күтіп ұстау жұмыстарын ұйымдастыру;

      5) көшелер мен ондағы құрылыстарды пайдалануды басқару жұмыстарын орындауды ұйымдастыру, басқару, реттеу және бақылау.

      8. Көшелер мен ондағы құрылыстарды диагностикалау мен мониторинг жүргізу іс-шараларының құрамына мына жұмыс түрлері кіреді:

      1) көшелер мен ондағы құрылыстарын оларды күтіп ұстау сапасын бағалау арқылы жүйелі түрде тексеру;

      2) көшелер мен ондағы құрылыстарының техникалық деңгейін және көліктік-пайдалану жай-күйін бағалау арқылы көзбен шолу және аспаптық тексеру, көшелер мен ондағы құрылыстарын паспорттандыру;

      3) көшелердегі көлік қозғалысының қарқындылығы мен құрамын есепке алу;

      4) көшелер мен ондағы құрылыстарының техникалық деңгейі және көліктік-пайдалану жай-күйі туралы бағдарламалық қамтамасыз етуге сәйкес мәліметтер банкісін құру, үнемі жаңарту және жұмыс күйінде ұстау;

      5) ғылыми-техникалық сараптама және объектілерді инспекциялау, соның ішінде: жедел шешімдер қабылдауды талап ететін төтенше жағдайларда және өзге жағдайларда материалдар мен жұмыстардың сапасын бағалау.

      6) көліктік сұранысты және автокөліктердің көлік тұрақтарының (тұрақ) орнына сұранысты мамандырылған зерттеу, олардың жол-көліктік жүйесіне әсері, көліктік ағыны, апаттар.

      9. Жол-жөндеу жұмыстарының стратегиясын негіздеу және қаржы ресурстарын жоспарлау іс-шараларының құрамына мына жұмыстар кіреді:

      1) көшелер және ондағы құрылыстарының көлік-пайдалану жай-күйі туралы деректердің бірыңғай ақпараттың банкін құру, әкімшілік ету және басқару;

      2) көшелер және ондағы құрылыстарының көлік-пайдалану жай-күйі туралы деректердің ақпараттық банктің талдауының негізінде күтіп ұстау және жөндеу бойынша жұмыстарды негіздеу;

      3) көшелер желісінің жай-күйін болжамдау арқылы жол-жөндеу жұмыстарының стратегиясын өңдеу. Жол-жөндеу жұмыстарының ағымдағы және перспективалық жоспарларын, соның ішінде көшелердің желісін күтіп ұстау жоспарларын құру;

      4) көшелер желісін қажетті пайдалану үшін жай-күйінде сақтау және күтіп ұстау үшін қажетті қаржы ресурстарын жоспарлау;

      5) жол қозғалысының қауіпсіздігін арттыру және жол-көлік оқиғалары (бұдан әрі - ЖКО) шоғырланатын жерлерді жою бағдарламаларын әзірлеу.

      6) көлік тұрақтарының орындарына қол жетімділігін көтеру үшін бағдарламалар әзірлеу, сынақтар жүргізу, қажеттілігін бағалау және қаланың бөлек аумақтарында автотұрақ үшін ақы төлеу қажеттігін негіздеу;

      10. Көшелерде көлік қозғалысының қауіпсіздігі мен жайлылығын ұйымдастыру және қамтамасыз ету іс-шараларының құрамына мынадай жұмыстар кіреді:

      1) автокөлік және жаяу жүргіншілер ағындары қозғалысының тәртібін оқып-білу, көшелерді белгілеу сызбасын әзірлеу, жол белгілерін дислокациялау, қозғалыс жылдамдығын реттеу, қозғалысты басқарудың автоматтандырылған жүйесін ұйымдастыру;

      2) ЖКО талдау, ЖКО болған орындарды тексеру, себептерін анықтау және жол қозғылысы қауіпсіздігінің талаптарын жақсарту ұсыныстарын дайындау;

      3) қозғалыс қауіпсіздігіне қарай аса қауіпті көшелер учаскелерін анықтау және авариялардың алдын алуға арналған профилактикалық іс-шараларды әзірлеу;

      4) бөлінген белдеулер шегінде құрылыс жұмыстарын жүргізуді келісу;

      5) коммуникациялар мен инженерлік желілері бар көшелер мен ондағы құрылыстардың қиылысу мен жанасуына техникалық шарттарды әзірлеуді келісу.

      11. Көшелер мен ондағы құрылыстарын сақтауды қамтамасыз ету және оларды уақытынан бұрын тозудан сақтап қалу іс-шараларының құрамына мынадай жұмыстар кіреді:

      1) көшелерді пайдалану және оларды қорғау тәртібін бұқаралық ақпарат құралдарында насихаттау;

      2) ірі габаритті және ауыр салмақты көлік құралдарының жол жүруін келісу;

      3) үлкен салмақты көліктердің жол жамылғысы мен ондағы құрылыстарының сақталуына ықпал етуіне талдау жасау және қолайсыз ауа-райы жағдайларында, сондай-ақ жол жамылғысы жеткіліксіз мықтыланған әлсіз учаскелерде үлкен салмақты көліктердің қозғалысын шектеуді немесе ұйымдастыруды қамтамасыз ету ұсыныстарын әзірлеу.

      12. Көшелер мен ондағы құрылыстарын жөндеу мен күтіп ұстау технологиясы мен ұйымдастыруды қоса алғанда, оларды жөндеу мен күтіп ұстаудың нормативтік-техникалық базасын жетілдіру және өзектендіру іс-шараларының құрамына мынадай жұмыстар кіреді:

      1) көшелер мен ондағы құрылыстарды жөндеу мен күтіп ұстауды қоса алғанда, жобалау, салу, қайта жаңарту, пайдалану жөніндегі нормативтік-техникалық базаны және нормативтік-техникалық құжаттарды тексеру, жаңарту және жетілдіруді қоса алғанда стандарттаудың және оларды іске асырудың перспективалы және ағымдағы жоспарларын құру;

      2) көшелер мен ондағы құрылыстарын салу, жөндеу және күтіп ұстау бойынша жаңа технологияларға, машиналарға және құрал-жабдықтарға хронометражды жұмыстар жүргізу арқылы нормалар мен бағаларды әзірлеу;

      3) көшелер мен ондағы құрылыстарды жөндеу мен күтіп ұстау тәжірибесіне енгізу бойынша нұсқаулықтар мен қорытындыларды әзірлеу арқылы технологиялар, машиналар және құрал-жабдықтар бойынша әлемдік тәжірибеге және ғылым мен техникаға қол жеткізуді оқып-білу;

      4) тәжірибелі-сараптамалық, тәжірибелі-құрастырмалы жұмыстар және жаңа материалдар, құрылғылар, технологиялар, машиналар және құрал-жабдықтарды сүйемелдеу және енгізу бойынша ғылыми-техникалық сүйемелдеу;

      5) көшелер мен ондағы құрылыстарын жөндеу мен күтіп ұстау саласындағы жұмыс жасайтын бағдарламалық өнімдерін жетілдіру және оларды жұмыс күйінде ұстау;

      6) көшелер мен ондағы құрылыстарының ұзақтылығын және үнемділігін арттыру мақсатында оларды жөндеу мен күтіп ұстау саласындағы өзекті проблемалар бойынша іздестіру және инновациялық жұмыстары;

      7) технологиялық ілеспе жөнделген учаскелердің мониторингін ұйымдастырумен, көшелерді ағымдағы, орташа және күрделі жөндеу бойынша жұмыстардың шегінде көшелердің тәжірибелі учаскелерін ғылыми, техникалық сүйемелдеу және мониторинг.

      13. Көшелер мен ондағы құрылыстарының пайдаланылуын басқаруды ұйымдастыру, үйлестіру, реттеу және бақылау іс-шараларының құрамына мынадай жұмыстар кіреді:

      1) көшелер мен ондағы құрылыстарының желісін күтіп ұстау бойынша жол-жөндеу жұмыстарының орындалуын үйлестіру және реттеу;

      2) көшелер мен ондағы құрылыстарын кезеңді есепке алу, есептілікті жасау;

      3) көшелерді күтіп ұстау мен ағымдағы жөндеу кезінде сапаны бақылауды ұйымдастыру, бақылау жүйесін жетілдіру және жол-жөндеу жұмыстарының сапасын қамтамасыз ету, сапаны бақылауды аспаптық қамтамасыз ету;

      4) көшелер мен ондағы құрылыстарды пайдалануды басқарудың құрылымы мен әдістерін үнемі жетілдіру.

2-тарау. Көшелерді күтіп ұстау

      14. Көшелер мен ондағы құрылыстарды күтіп ұстау жұмыстары жөндеу жұмыстарын жыл бойы үздіксіз жүзеге асырады.

      Көшелер мен ондағы құрылыстарды күтіп ұстау жұмыстарын уақтылы жүргізу мақсатында оларды күнделікті көзбен көріп тексеру арқылы жүзеге асырылады.

      Қаржыландырудың бекітілген нормативіне сәйкес, күтіп ұстауға арналған қаражаттардың шегінде, ақаулардың ведомосі бойынша тексерілген көшелердің нәтижелерінің негізінде жоспарланатын, көше және ондағы құрылыстарының зақымдарын алдын алу және түзету бойынша жұмыстарды орындау көзделеді.

      15. Көшелерді күтіп ұстау жұмыстарын жүргізу нәтижесінде жыл бойы көлік құралдарының үздіксіз, қауіпсіз және жайлы қозғалысы қамтамасыз етілуі қажет.

      16. Күтіп ұстау жұмыстары жобалық құжаттаманы жасауды талап етпейді. Оларды "Астананың, республикалық маңызы бар қалалардың көшелеріп, облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын жөндеу мен күтіп ұстауды қаржыландыру нормативтерін бекіту туралы" 2015 жылғы 17 маусымдағы № 711 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11875 тіркелген) бұйрығымен бекітілген қолданыстағы нормативтік қаржыландыруға сәйкес, күтіп ұстауға бөлінген қаражат шегінде ақаулықтар тізбесі бойынша көшелерді тексеру нәтижесінің негізінде жоспарлайды.

      17. Көшелер мен ондағы құрылыстарды күтіп ұстау жұмыстары көктемгі, жазғы және күзгі кезеңде күтіп ұстау, қысқы күтіп ұстау, көшелерді көгалдандыру, көшелер мен ондағы құрылыстарды пайдалануды басқару, сондай-ақ өзге жұмыстарға бөлінеді.

      18. Көшелер мен ондағы құрылыстарды көктемгі, жазғы, күзгі және жазғы кезеңдерде күтіп ұстау кезінде, яғни жыл бойы мынадай жұмыстарды орындайды:

      1) жер жамылғысы мен су өткізу жүйесі бойынша:

      су өткізгіш жыраларды көктемде қардан, ал жазда қоқыстарды пайдаға асыруға тиеу, шығару және беру арқылы жиналған қоқыспен балшықтан тазалау;

      жиектердегі, иірімді учаскелердегі кептіргіш науаларды қазу және себу;

      жиектерді жоспарлау, шөптерді егу;

      шөптерді шабу және шабылған шөптерді жинау;

      көлік құралдарының қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ететін материалдарды қосу немесе қоспау арқылы жиектерді және бермаларды кесу және жоспарлау;

      иірім учаскелерді жою;

      опырылған, мүжілген жерлерді және сең шығарындыларын тазалау;

      жиектерге тас төгу және бекіту;

      жеке элементтерін алмастырумен және жаңа материалдарды пайдалану арқылы жер төсемі, су қайтарғыш, резервтер, бермалар, қорғаныс, бекіту және реттегіш имараттарының жеке бұзылуларын түзету;

      үйіндінің шайылған жергілікті жерлерін жою, шайылуларға тас төсеу;

      жаңа жыраларды қазу;

      құрап қалған ағаштарды шауып алу;

      арық жүйесін, жаңбыр суын қабылдағыш кәріз, дренаж, жиектеме арықшаларын орнату, жөндеу немесе алмастыру;

      су өткізгіш құбырларын, жаңбыр суларын қабылдағыштарды орнату, жөндеу, алмастыру;

      2) бөлінген белдеулер бойынша:

      су ағысын қамтамасыз ету үшін бөлу жолағын жоспарлау;

      шабылған материалдарды тиеу, шығару және пайдаға асыруға беру арқылы жол қозғалысының қауіпсіздігіне ықпал ететін ағаштарды, бұталарды, жабайы өсетін бұталарды шабу және тамырымен жұлу;

      еріген және тасқын суларды жіберуді қамтамасыз ететін материалдарды қосу арқылы бөлу жолағын жоспарлау;

      өртке қарсы жолақты жырту;

      3) күрделі жамылғысы бар жүру бөлігі бойынша:

      ылғалдың, ауаның күн радиациясының кіруінен асфальтты-бетонды жабынды тиімді оқшалау үшін жаңартатын сұйықтықты пайдалану, атмосфералық ықпалдың әсерінен бұзылған битумды қалпына келтіру, жамылғының суға төзімділіғін сақтау және қалпына келтіру;

      жарықшақтарды толтыру;

      шұңқырларды жою, жарықшақтарды, шұңқырларды, отырыңқы жерлерді бітеу, көшенің жиектерін тегістеу;

      жергілікті учаскелердің төсемдеріндегі иірімдерді жою;

      төсемдегі шорлар мен қауіпті тегіссіздікті кесу, тозу қабатын кейіннен кедір-бұдыр негізді өндеу арқылы ойыстарды бітеу;

      өтіс бөлігін белгілеу;

      цемент–бетон жамылғыларында жарықшақтарды жөндеу және толтыру;

      апатты-қауіпті учаскелерді жөндеу (иірімдерді жою, негіз және жабындарды жөндеу, шұңқырды жөндеу, жарықтарды бітеу, тегістейтін қабаттарды қондыру, жол жиектерін бекіту, жабындарды үстіртін өңдеу);

      ресайклинг әдісімен учаскелерді жөндеу (иірімді жою, негіз және жабындарды ішінара жөндеу, шұңқырларды жөндеу);

      жол жабынының үстіңгі қабатын өндеу;

      құдықшаларды көтеру және түсіру;

      қауіпті ақаулар мен тегіссіздіктерді жою мақсатында, бұзу салдарынан шыққан материалдарды жолдың негізіне қолдана отырып, жол жабынының бұзылған жерлерін және ақауларды жергілікті жерлерін қайлап, жаңа жабын қабатын орнату;

      көшелерді бағдарлы тәсілмен жөндеу жүргізу кезінде жолдарды күтіп ұстау, сондай-ақ бағдар бойынша анықталған қозғалыс үшін қауіпті ақаулықтарды жою жұмыстары, жергілікті учаскелерде жол төсемінің тегістілігін қалпына келтіруді қамтитын жөндеу жұмыстары кешені, оның ішінде ресайклинг әдісімен жүргізіледі. Жөндеудің бағдарлы тәсілі кезінде жөндеу жұмыстары аралас бағдардың барлық ұзындығында, жергілікті учаскелердегі жол төсемінің маңызды ақаулықтары мен бұзылулары шоғырланған жерлерде орындалады;

      Жұмыстар әрі ақаулықтар тізбесі негізінде қолданыстағы ережелерге сәйкес, рәсімделген тиісті ақаулықтары мен атқару сметаларын жою үшін қабылданған жұмыстар технологиясы бойынша жолдарды күтіп ұстауды жүргізетін жол жөндейтін мекеме күштерімен орындалады;

      4) жетілдірілген жамылғысы бар жүру бөлігі бойынша:

      тұтқыр материалдары көп учаскелерді күтіп ұстау;

      жарықшақтарды толтыру;

      ылғалдың, ауаның күн радиациясының кіруінен асфальтты-бетонды жабынды тиімді оқшалау үшін жаңартатын сұйықтықты пайдалану, атмосфералық ықпалдың әсерінен бұзылған битумды қалпына келтіру, жамылғының суға төзімділігін сақтау және қалпына келтіру;

      шұңқырларды жою, жарықшақтарды, толқындарды, отырыңқы жерлерді бітеу, көшенің жиектерін тегістеу;

      жүру бөлігін белгілеу;

      апатты-қауіпті учаскелерді бағдарлы тәсілмен жөндеу (иірімдерді жою, негізін және жабындарды жөндеу, шұңқырды жөндеу, жарықтарды бітеу, тегістейтін қабаттарды төсеу, жиектерді бекіту, жабынның үстін өңдеу);

      ресайклинг әдісімен учаскелерді жөндеу (иірімді жою, негіз және жабындардың бөлігін жөндеу, шұңқырды жөндеу);

      жол жабынының үстіңгі қабатын өндеу;

      көшелерді бағдарлы тәсілмен жөндеу жүргізу кезінде көшелерді күтіп ұстау, сондай-ақ бағдар бойынша анықталған қозғалыс үшін қауіпті ақаулықтарды жою жұмыстары, жергілікті учаскелерде жол төсемінің тегістілігін қалпына келтіруді қамтитын жөндеу жұмыстары кешені, оның ішінде ресайклинг әдісімен жүргізіледі. Жөндеудің бағдарлы тәсілі кезінде жөндеу жұмыстары аралас бағдардың барлық ұзындығында, жергілікті учаскелердегі жол төсемінің маңызды ақаулықтары мен бұзылулары шоғырланған жерлерде орындалады;

      Жұмыстар әрі ақаулықтар тізбесі негізінде қолданыстағы ережелерге сәйкес ресімделген тиісті ақаулықтары мен атқару сметаларын жою үшін қабылданған жұмыстар технологиясы бойынша жолдарды күтіп ұстауды жүргізетін жол жөндейтін мекеме күштерімен орындалады;

      5) өтпелі жамылғысы бар жүру бөлігі бойынша:

      материалдар қосу арқылы төсемді кескіндеу және нығыздау;

      төсемдерге тас үгінділері мен иленділерді жинау, катундарды жинау;

      шағалтасты және қиыршықтасты төсемдердің қапталдарына материалдарды қосу немесе қоспау арқылы қалпына келтіру;

      шағалтасты және қиыршықтасты төсемдердің қапталдарын қалпына келтіру;

      6) топырақты және топырақты жақсартылған төсемі бар жүру бөлігі бойынша:

      Шағалтасты жол төсемін орнату;

      материалдарды қосу арқылы пайда болған шұңқырлар, сораптар, басқа тегіссіздіктерді жою үшін төсемді кескіндеу;

      үтіктеу- ірі тегіссіздіктер пайда болғанға дейін жүргізілетін тегістеу-профилактикалық іс-шаралары;

      көшелерді хлорлы кальций, битум және басқа материалдармен шаңсыздандыру;

      көшелердің кепкен учаскелерін күтіп ұстау, уақытша қоршау, ауа науаларын орналастыру және себу, жол төсемі мен жол жамылғысының үстінен су өтуін қамтамасыз ету;

      қиыршықтасты жол жамылғысын тұтқыр және басқа материалдармен шаңсыздандыру;

      әлеуметтік нысандар орналасқан көшенің техникалық санатын өзгертпей, шағалтасты және қиыршықтасты жол жабынын асфальтобетон жабынына өткізу;

      7) жолдардың жағдайы және абаттандыру, қозғалысты ұйымдастыру, байланыс, жарықтандыру объектілері бойынша:

      шу жолақтары, шудан қорғау экрандарын, жасанды жол кедергісін орнату және жөндеу;

      жол белгілерін, қоршауларды орнату, зақымдарды қалпына келтіру, жол белгілері мен қоршаулардың қалқандарын, панноларды, жол жиектерінің тастарын орнату және жөндеу, көшені жайғастыру элементтерін қалпына келтіру;

      сәулет безендірулері мен абаттандыру элементтерінің жеке бұзылуларын және ақаулықтарын жөндеу;

      қолданыстағы жаяу жүргіншілер жолдарын кеңейту, жөндеу және жаңадан орналастыру;

      жасыл желектегі ағаштардың темір торларын орнату, алмастыру;

      пандустарды орналастыру;

      жол белгілерінің астына берма орналастыру;

      автопавильондар, дәретханалар, күркелер, жол белгілері, қоршаулар және көшелердің басқа жайғастыру элементтерін жөндеу, сырлау және ақтау, тік және көлденең белгілерді түсіру;

      күркелер, орындықтарды, дәретханаларды орнату және жөндеу;

      қоршауларды, сигнал беру бағандарын, белгілерді, қалқандарды үнемі тексеру, бекіткіштерін тарту, қалқандарды түзету, шаң мен балшықтан тазалау, жуу;

      автобус аялдамаларын, дәретханаларды, күркелерді, автопавильондарды кезеңді тексеру, шаңнан, балшықтан және қоқыстан тазалау, жуу;

      қозғалысты ұйымдастыру, байланыс және жарықтандыру құралдарын күтіп ұстау, күту және жарамдылығын қадағалау;

      жүру бөлігін және жиектерді бөтен, жол қозғалысының қауіпсіздігіне қауіп төндіретін заттардан тазалау;

      ақы алу жүйесін, зияткерлік көлік жүйесін және оның шағын жүйелері (ИТЖ), басқа технологиялық және сигнал беру байланысының басқа құралдарын, кабель желілерін, сондай-ақ, бағдаршам объектілерін, қозғалысты ұйымдастыру құралдарын, олардың қызмет етуі үшін байланыс каналдарын жалға алуды қоса алғанда, қозғалысты диспетчерлік және автоматтандырып басқару құралдарын тазалықта және ретке келтіріп ұстау;

      қозғалысты ұйымдастыру, байланыс және жарықтандыру объектілерінің құралдарын жеке бұзылуларын және ақаулықларын жөндеу;

      өлшеу құралдарын, жабдықтарды орнату, жөндеу және күтіп ұстау, автокөлік құралдарының қозғалысын бақылау және мониторинг үшін бағдарламалық қамтамасыз ету;

      жүргіншілер бөлігіне "мысық көз" жол маркерін қондыру;

      тиісті сертификаттарды, таразы бақылау аркаларының өлшеу құралдарын алумен жыл сайынғы тексеруді жүргізу;

      бақылау посттарын, аркалар мен басқа металл құрылымдары және/немесе темір-бетон бұйымдарын, ақпараттық (жарықтық диодты) жол белгілері мен өзгеріп тұратын ақпараты бар жеке жобалау табло жабдықтарын орнату және/немесе жөндеу, алмастыру, оның ішінде оларды жарықтандыру және электрмен жабдықтау, бұл ретте жұмыс көлемдері сметалық құжаттамамен белгіленеді;

      бағдаршам нысанымен реттелетін көше қиылыстарында және реттелмейтін жаяу жүргіншілер өтпелерінде жол қозғалысын реттеу үшін, құрылғыларды орнату;

      бағдаршам нысанының құрылғыларын алмастыру, жөндеу, қайта орнату;

      қажеттілігіне қарай бағдаршам нысанындағы бағдаршам режиміне қосымша құрылғыларды орнату арқылы өзгерістер енгізу;

      көлік құралдарының қозғалысын бақылау және мониторинг үшін, өлшеу құралдарын, жабдықтарды және бағдарламалық қамтамасыз етуді уақтылы жөндеу және жоспарлы алмастыру регламенттелген мерзімде жүргізіледі, соның ішінде:

      дербес жұмыс станциялары, Орталық басқару пунктінің (бұдан әрі - ОБП) ұйымдастыру техникасы және байланыс құралдары;

      жол бойындағы жабдықтар, дербес жұмыс станциялары, ОБП ұйымдастыру техникасы, жабдықпен басқару жиынтығы, ЛВС коммутаторлары;

      жол бойындағы жабдықтар, байланыс құралдары, ОБП серверлік, жүйелік және бейне құрал-жабдықтары;

      қолданыстағы көшелерге жол қоршауларын, аялдама павильондарын, жол сервис павильондарын, кіші архитектуралық пішіндер, тікұшақтарға арналған ұшу-қону алаңдары, автотұрақ, оң жақ өткелдерін, бұрылыс алаңшаларын, кіру жолдары, бөлу жолағында бұрылыс орындарын, демалыс алаңдарын және жол қозғалысы қауіпсіздігінің талаптарын ескере отырып, жүргізушілер мен жолаушылардың пайдалануы үшін жайлылықты қамтамасыз ету мақсатында ауыспалы-жылдамдық жолақтарын салу және қажет болған жағдайда оларды жарықтандыру және электрмен жабдықтау, сонымен бірге жұмыс көлемдері техникалық құжаттамамен белгіленеді;

      қоршауларды орнату, жөндеу және алмастыру;

      шығу жолдарын және өткелдерді жөндеу;

      қолданыстағы жаяу жүргіншілер жолдарын, сондай-ақ жер үстіндегі және астындағы өтпелерін жөндеу;

      автокөлік құралдарының қозғалыс жылдамдығын, шанаққа түсетін жүктеменің салмағын анықтау үшін ақпараттық (жарықтық диодты) жол белгілері мен өзгеріп тұратын ақпараты бар жеке жобалау табло жабдықтарын орнату, жөндеу және алмастыру, оның ішінде оларды жарықтандыру және электрмен жабдықтау, бұл ретте жұмыс көлемдері сметалық құжаттамамен белгіленеді;

      жарық шағылыстыратын элементтерді орнату және алмастыру, сондай-ақ оларды балшықтан және қардан тазарту;

      көлік қозғалысын ұйымдастыру үшін пайдаланылатын, көліктік инфрақұрылымнын пайдаланудың режимдері туралы ақпарат беретін ақпараттық тақтайшаларды орнату және ауыстыру;

      бүйірлі желбағарды орнату және алмастыру;

      қираған көше учаскелерін қалпына келтіру кезінде уақытша айналма жолдарын салу;

      8) жасанды құрылыстар бойынша:

      жүру бөлігінің жиектастарын бояумен белгілеу;

      жол қауіпсіздігін негізге ала отырып, сүйеулер мен тосқауыл қоршауларының бұзылуларын түзету және орнату;

      көпірлердің металлды элементтерін, сүйеу қоршауларынын алмастыру, бояу қабатын (бояу) қалпына келтіру;

      көшелердің үстіндегі жол өткізгіштерінің маңдай алды арқалықтарының астын тік белгілеу;

      көшелердің үстіндегі жол өткізгіштерінің тіректерін тік белгілеу;

      жинау техникасы өткеннен кейін жаяу жүргіншілер жолдарының бойындағы жүру бөлігін балшық пен бөтен заттардан тазалау;

      қар тазалайтын техника өткеннен кейін жаяу жүргіншілер жолдарының бойындағы жүру бөлігін қар мен мұздан тазалау;

      су қайтаратын түтіктерді балшықтан, тастардан және қардан тазалау;

      сорғылардан болған деформациялық жіктерінің су қайтаратын науаларын тазалау;

      қабаттарды ашық типті деформациялық жіктерге алмастыруға арналған ойықтарды балшықтан тазалау;

      ашық типті деформациялық жіктердің күрделі құрылыстарының механизмдерін тазалау және майлау;

      жаяу жүргіншілер жолдарын балшықтан, қардан, қоқыстан және бөтен заттардан тазалау;

      суды жіберуге арналған жаяу жүргіншілер жолдары шығырларындағы терезелерді тазарту;

      көпірдің жаяу жүргіншілер жолы мен өтіс бөлігінің арасындағы тосқауыл қоршауларының қисық сызықты белдеуінің астындағы кеңістікті балшықтан, қардан және мұздан тазалау;

      сүйеніш, тосқауыл қоршауларын, жол белгілерін кір мен қардан тазалау;

      арқалықтардың үстін кірден, жағылған топырақтан, өсімдіктерден тазалау;

      арқалықтардың тірек тораптарын жуу;

      тірек бөліктерін қардан, кірден тазалау;

      тірек бөліктерінің жұмыс істейтін үстіне графитті құрылыстарды жағу;

      темір тірек бөліктері бекіткіштерінің бұрандамаларын тарту;

      тіректердің бастарын және фермалық алаңдарды қоқыс пен кірден, қар мен мұздан тазалау;

      конустар мен еңіс бекіністерін кірден, шөптен және талдардан тазалау;

      тіректердегі мұзды уату және мұзды кесу;

      сең жүру және тасқын суларды өткізуді ұйымдастыру;

      байқау құралдарын (баспалдақтар, арбашалар) тазалау;

      көпір құрылыстарын ағымдағы және кезеңді тексеру;

      қоқыстарды және кесілген ағаштарды пайдаға асыруға тиеу, шығару және беру арқылы көпір және су өткізу құбырлары аймақтарынан арақашықтығы 50 метрге дейін, ағыны бойынша жоғары және төмен бұталы өсімдіктерді жою және ағаштарды шабу, көпір астындағы аймақтарды санитарлық тазалау;

      темір-бетон құбырларының аралықтарын лай мен балшықтан тазалау;

      шағын көпірлер мен құбырлардың аралықтарын күзде жабу және көктемде ашу;

      сел жүруді, тасқын суларды жіберу, жолдар мен құрылыстарды тасқыннан, мұз басудан, орман және дала өрттерінен қорғау бойынша сақтандыру жұмыстары;

      паромдық жолдарды, реттелетін су өткізгіш құрылыстардың шандорлы қалқалағыштарын күтіп ұстау және қызмет көрсету навигациялық жабдықтар құралдарын орнату жұмыстары, көпір алдындағы учаскеде жүзу, кеме жүзетін құралдарды күтіп ұстау және "Ішкі су көлігі туралы" 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының негізінде автомобиль жолдарының көпір құрылыстарына кіреберістердегі түбін тереңдету және түбін тазарту жұмыстарын жүргізу;

      жер асты және жер үсті жаяу жүргіншілер өткеліндегі мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған көтергіш құрылғыларды, лифттер және экскалаторды күтіп ұстау және қызмет көрсету;

      құрылыстардың жеке элементтерін (тірек бөліктері, сүйеніштер, тосқауыл қоршаулары, төсеніштер, діңгектер, тіреуіштер, дуал қабырғалары, тік құрылыстардың тақталары, шкафты қабырғалар, ашылу есікшелері құрғату құрылғылары және т.б.) орнату, алмастыру және жөндеу;

      көпірлердің темір элементтерін жергілікті сырлау;

      көпірлердің, жол өткізгіштердің өтіс бөлігіндегі жабынындағы шұңқырларды жамау, асфальтобетон қабатын орнату (ескі, тозған жол жабынын фрезалау), жабындағы жарықшақтарды бітеу;

      деформациялық жіктерді жөндеу;

      деформациялық жіктерді ескі шайырдан алдын ала тазалау арқылы шайыр құю;

      деформациялық жіктердің аймағындағы немесе жіктердің алдындағы төсемді алмастыру;

      аяқ жолдардың асфальт-бетон төсемдеріндегі жарықшақтар мен еңістерді бітеу;

      аяқ жолдардың цемент-бетон төсемдеріндегі жарықшақтар мен еңістерді бітеу;

      үйінділердің шайылған жергілікті жерлерін және реттеу құрылыстарын жою;

      үйіндісі бар көпірлердің жанасқан жерлеріндегі шайылуларды себу, осы жерлердегі суды бір уақытта жою;

      тіректердегі шайылу шұңқырларын бітеу;

      құбырлардың гидро оқшаулануын жөндеу және олардың буындары мен бөлiктерi арасындағы жiктердi бiтеу;

      құбырлардың жеке буындарын, бастарын жиектердін қанаттарын, арнаның шығыс және кіріс бекінісін жөндеу және алмастыру және құбырдың науасын түзету, нобайланған тасты қалпына келтіру;

      ағаш көпірлердегі төсемдерін, тақтайларды алмастыру, элементтерді шірігеннен тазалау;

      болаттан жасалған элементтері бар ақаулық жіктердің бөлшектерін жекелеп алмастыру;

      аяқ жолдардың деформациялық жіктерін алмастыру;

      9) көшелерде жол жүру үшін төлем ақы алу бағдарламалық-аппараттық кешені ЗКЖ және оның шағын жүйелері бойынша:

      кепілдік қызмет көрсету мерзімі аяқталған соң, көшелердің жол жүру үшін төлем ақы алу бағдарламалық-аппараттық кешені, ЗКЖ және оның шағын жүйелерінің тозған және шығындық бөліктерін, тетіктерін, элементтері мен тораптарын төлқұжаттық деректерге, талаптарға сәйкес алмастыру, орнату, жаңарту;

      құрамына дербес жұмыс станциялары, ұйымдастыру техникасы, ОБП жабдықтары, байланыс құралдары, жол бойындағы жабдықтар, жабдықты басқару жиынтығы, жергілікті желінің коммутаторлары, серверлік, желілік және бейне жабдықтар, сондай-ақ дабыл-шақыру колонкаларының орталық модулі, дабыл-шақыру колонкалары диспетчерлерінің консолі кіретін автомобиль жолдарының жол жүру үшін төлем ақы алу бағдарламалық-аппараттық кешені, ЗКЖ және оның шағын жүйелерінің, көлік жүргізушілеріне ақпарат беретін шағын жүйе және БҚКТК құралдарының төлқұжаттағы мәліметтерінің талаптарына сәйкес регламенттелген мерзімде жөндеу және жоспарлы ауыстыру;

      мәліметтерді беру ортасының өткізу қабілетін арттыру үшін байланыс арналарын кеңейту, мәліметтерді берудің резервтік немесе қосымша арналарын ұйымдастыру (талшықты-оптикалық байланыс желілері (бұдан әрі - ТОБЖ), радиорелелік, спутниктік), желінің архитектурасын өзгерту, қосымша виртуалдық арналар құру, желілік жабдықтарды алмастыру;

      көшелермен жол жүру үшін төлем ақы алу бағдарламалық-аппараттық кешеніне, ЗКЖ және оның шағын жүйелері бойынша техникалық қызмет көрсету;

      сервердің орнын және/немесе басқа байланыс операторларының гермоаймағындағы бағандарды немесе серверлік үй-жайын жалға алу мен бірге көшелермен жол жүру үшін төлем ақы алу бағдарламалық-аппараттық кешені, ЗКЖ техникалық қызмет көрсету, жабдықтарды тазалау және алмастыру (істен шыққан) бойынша жоспарлы-профилактикалық жұмыстар;

      ақы алу жүйесіндегі төлемді және шығыстық бөлшектерді бақылауға жауапты жабдықтарды (купюра-монетақабылдағыштар, индукциялық ілмектер, шлагбаумдар, жіктеуіштер, бағдаршам объектілері, қозғалысты ұйымдастыру құралдары, өнеркәсіптік жұмыс станциялары, байланыссыз төлеуге арналған санауыш антенналары мен өзара байланысты құрамдас бөлшектер мен жабдықтар) орнату, жөндеу және алмастыру;

      ТОБЖ және деректер беру желілерінің жұмыс істеуіне арналған байланыс арналарын жалға алуды қоса алғанда аталған желілерге техникалық қызмет көрсету;

      телекоммуникация желілері, жол жүру үшін төлем ақы алу бағдарламалық-аппараттық кешені мен ЗКЖ және оның шағын жүйелері, көлік жүргізушілері ақпарат беретін шағын жүйелері БҚКТК басқарудың техникалық кешендерін олардың төлқұжаттағы мәліметтерінің талаптарына сәйкес мерзімінде қалпына келтіру;

      бақылау қақпаларына орнатылған фото/бейне тіркеу жабдықтарын қоса алғанда, жол жүру үшін төлем ақы алу бағдарламалық-аппараттық кешені, ЗКЖ және оның шағын жүйелері, көшелердің ақпараттық жүйелерінің жабдықтарын, бағдарламалық қамтамасыз етуді, ақпараттық қауіпсіздікті сертификаттау;

      жол жүру үшін төлем ақы алу бағдарламалық-аппараттық кешені, ЗКЖ және оның шағын жүйелерінің, көшелердің ақпараттық жүйелері үшін бақылау қақпаларын және басқа да металқұрылымдар және/немесе темірбетон бұйымдарды орнату немесе алмастыру, қажет болған жағдайда оларды жарықтандыру және электрмен қамтамасыз ету, бұл ретте жұмыс көлемдері сметалық құжаттамамен белгіленеді;

      ЗКЖ, жүру үшін ақы алу бағдарламалық-аппарат кешені қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз етуді сүймелдеу;

      ЗКЖ, жүру үшін ақы алу бағдарламалық-аппарат кешені лицензиялы бағдарламалық қамтамасыз етуді инсталляциялау, жаңғырту және жаңарту;

      10) қосымша қысқы күтіп ұстау жұмыстарына жататындары:

      жол белгілері мен тосқауыл қоршауларын қарлы борасындардан тазалау;

      жүру бөлігін фрикциялық, химиялық және басқа да көк тайғаққа қарсы материалдармен өндеу және оларды кейіннен жүру бөлігінен қажетті уақыттан кейін тазалау;

      тайғақ жамылғысы бар учаскелерде қысқа уақыт әрекет ететін жол белгілерін орнату;

      ауыр ауа-райы жағдайларында жол-жөндеу қызметі жұмысшыларының қатарынан және жол техникасын тәулік бойы күзетуді ұйымдастыру;

      тау баурайында, жартылай ойық және ойық, оның ішінде механикаландырылған амалмен нөлдік орындарды әзірлеу мен кеңейту;

      Ескерту. 18-тармаққа орыс тілінде өзгерістер енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгермейді – Шымкент қаласы әкімдігінің 23.08.2022 № 1588 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      19. Өзге жұмыстарға жататындары:

      көшелер мен ондағы құрылыстарын күзеттік, оның ішінде мамандандырылған және өрт күзеті;

      көшелердің жай-күйін және жол жүруді анықтау мақсатында көшелерді патрульдеу, ұсақ жұмыстарды орындау (жол белгілерін түзету, жүру бөлігі мен жиектерден жол қозғалысының қауіпсіздігіне қауіп төндіретін бөтен заттарды жинау), жолдарда жараланғандарға алғашқы медициналық көмек көрсету;

      жол бойы жолақтарында уақытша тыйым салынған өсімдіктермен және зиянкестермен химиялық және механикалық күрес;

3-тарау. Көшелер мен ондағы құрылыстарды ағымдағы жөндеу

      20. Көшелерді ағымдағы жөндеу - маршруттық тәсілмен орындалатын, бұзылған учаскелерді жөндеу жөніндегі іс-шараларды қоса алғанда, бүкіл жыл бойы жүргізілетін, көшелерде авариялық жағдайлар, ақаулар туындауының алдын алу, сондай-ақ көшені шұғыл қалпына келтіру және тәртібімен орындалатын жұмыстар кешенін қарастырады.

      Қаржыландыру нормативтеріне сәйкес ағымдағы жөндеуге бөлінген қаржы шегінде ақаулықтар тізбесі бойынша көшелерді тексеру нәтижелері негізінде жоспарланады. Жұмыстарды бағдарлы тәсілмен орындау кезінде жұмыстарды сметалық есептер негізінде орындауға жол беріледі. Мүмкін болатын үдеудің және олардың аса маңызды бұзылуларға айналуының алдын алу мақсатында ағымдағы жөндеу шеңберінде ақаулықтар мен бұзылуларды жою жұмыстарын толығымен орындамауға жол берілмейді.

      21. Көшелер мен ондағы құрылыстарды ағымдағы жөндеу кезінде мынадай жұмыстар орындалады:

      1) жер төсемі және су қайтарғыш бойынша:

      дымқыл және қар борайтын жерлердің жер төсемінің ұзақтығы бойынша учаскелерін көтеру және кеңейту, кішкене иірім учаскелерді жою;

      қолданыстағы су бұрғыш жыраларды тазалау, қоқыс тастайтын жерге қоқыстарды тиеу және шығару, жаңа жыраларды қазу, үйінділер мен қуыстар жиектерінің бұзылуларын түзету және құламаларын азайту, құрғату, қорғау және бекіту құрылғыларын, су бұрғыш құрылғыларды және көпірлер мен құбырлардың бұру арналарын түзету;

      2) жол жамылғылары бойынша, соның ішінде монолитті цемент-бетон төсемдері бойынша:

      сегменттердің тозған бетін қалпына келтіру, ңемент-бетон төсемдері тақталарының сынықтары мен омыруларын жөндеу, қалпына келтіруге жатпайтын бұзылған тақталарды алмастыру, цемент-бетон төсемдерін беттік бұзылулардан қорғау;

      соның ішінде жиналмалы темір-бетон төсемдері бойынша:

      темір-бетон төсемдеріндегі жіктерді жөндеу және толтыру;

      жеке тақталарды көтеру және тегістеу, тақталардың сынықтарын жөндеу, қалпына келтіруге жатпайтын бұзылған тақталарды алмастыру, төсемдерді беттік бұзылулардан қорғау;

      3) жасанды құрылыстар бойынша:

      жаяу жүргіншілер жолдардың ақаулық жіктерін алмастыру;

      үйінділері бар жанасқан шеткі аяқ жолдардың тақталарын алмастыру;

      болаттан жасалған элементтері бар ақаулық жіктердің бөлшектерін жекелеп алмастыру;

      ақаулық жіктердің астындағы су бұрғыш науаларды қалпына келтіру;

      су бұрғыш түтіктерді жөндеу (түтіктерді өсіру немесе қосымша түтіктерді салу);

      жаяу жүргіншілер жолына гидрооқшаулаудың жанасқан жерлеріндегі төсемнің жіктерін салу және оларды шайырмен құю;

      су бұрғыш түтіктердегі оқшауды жөндеу;

      жаяу жүргіншілер жолдардың блоктарындағы жеке сынықтар мен жарықшақтарды жою;

      жаяу жүргіншілер жолдардың тақталарының сынған жерлерін жою;

      оқшау жерлерді салу немесе аяқ жолдарға асфальт-бетон төсеу;

      жаңа анкерлері бар сүйеніштердің тіректеріндегі бекіткіштердің тораптарын алмастыру;

      көпірлерде жеңіл жөндеу жұмыстарын орындау (төсемелерін, арқалық торларын, жеке тораптарын және элементтерін алмастыру, жер жамылғысымен жанасқан қалауын түзету және т.б.);

      көпірдің өтіс бөлігіндегі төсемді қалпына келтіру немесе алмастыру;

      гидрооқшаулауды жөндеу;

      жаяу жүргіншілер жолдарын, сүйеніштерді, жиектастарды жөндеу және алмастыру;

      жарықшақтарды беттік герметизаңиялау, қуыстарды, сынықтарды бітеу, көпірдің темір-бетон элементтерінің қорғау қабатын қалпына келтіру;

      жиектер мен реттеу құрылыстарының шұңқырларын жою;

      аса төзімді бұрандамалардағы тойтармаларды алмастыру;

      қаптау жіктерін сөгу, жарықшақтарға ерітінділерді егу;

      құрылғылардағы жарықшақтарды бiтеу, қаландыларды, сылақтарды жөндеу, тойтармаларды жекелеп алмастыру;

      орлар арқылы өтпелi және көшпелi көпiрлердi алмастыру және түзету;

      аспалы көпiрлердiң, паромдық өтпелердiң және айлақ құрылғыларын (тығындау, қаптаманы жөндеу, такелажды және соған ұқсастарды түзету);

      өтпелi тақталардың жанасу тораптарын герметизациялау;

      деформациялық жiктердiң ағуын бұрандамаларды тарту арқылы жою;

      сырғанау тақталарының деформациялық жiктерiн дәнекерлеу (олар жұлынып қалған жағдайда), жетiспейтiн серiппелердi орнату;

      деформациялық жiктердiң механизмдерi мен құрылғыларын ұсақ жөндеу;

      құбырлардың гидро оқшаулануын жөндеу және олардың буындары мен бөлiктерi арасындағы жiктердi бiтеу;

      жеке тойтармаларды алмастыру, темiр аралық құрылыстар элементтерiнiң ұсақ ақаулықтарын түзету;

      су өткізгіш құбырларды жөндеу;

      көпірлер мен су өткізгіш құбырларды жөндеу кезінде, қажет болған жағдайда ұзақтығы бір километрден аспайтын айналма жолын салу;

      4) Қозғалыс, байланыс, жарықтандыруды ұйымдастыру объектiлерiне көшелерді салу және жайластыру бойынша:

      көше учаскелеріндегі қолданыстағы аяқ жолдар мен жаяу жүргіншілер жолдарын, және жаңаларын орнату;

      қолданыстағы көше үстіндегі жол өтпелерін жөндеу;

      шығу және кіру жолдарын, жазғы және трактор жолдарын жөндеу;

      сигнализаңияны, жол қозғалысын ұйымдастыру (бағдаршамдар, жол белгілері, ақпараттық (жарықтық диодты) жол белгілері мен өзғеріп тұратын ақпараты бар жеке жобалау табло жабдықтары, оның ішінде оларды жарықтандыру және электрмен жабдықтау), байланыс және жарықтандыру объектілерін орнату және/немесе жөндеу, алмастыру, бұл ретте жұмыс көлемдері сметалық құжаттамамен белгіленеді;

      жеке жобаланған кіші сәулеттік-дизайнерлік пішіндерді орналастыру және орнату;

      қарықтыруға қарсы экрандарды орнату;

      сәндік және (немесе) дизайнерлік жарық және (немесе) көлік айрықтарын жарықтандыру (жол өткізгіштерді) орнату, алмастыру және жөндеу;

      5) көшелердің жол жүру үшін төлем ақы алу бағдарламалық-аппараттық кешені, ЗКЖ және оның шағын жүйелері бойынша:

      құрамына дербес жұмыс станциялары, ұйымдастыру техникасы, ОБП жабдықтары, байланыс құралдары, жол бойындағы жабдықтар, жабдықты басқару жиынтығы, жергілікті желінің коммутаторлары, серверлік, желілік және бейне жабдықтар, сондай-ақ мәліметтерді сақтаудың дискілік жүйесі, дабыл-шақыру колонкаларының орталық модулі, дабыл-шақыру колонкалары диспетчерлерінің консолі кіретін жол жүру үшін төлем ақы алу бағдарламалық-аппараттық кешені, ЗКЖ және оның шағын жүйелері және көшелердің ақпараттық жүйелерінің жабдықтарын төлқұжаттағы мәліметтердің талаптарына сәйкес регламенттелген мерзімде жөндеу және жоспарлы алмастыру;

      ақы алу жүйесіндегі төлемді және шығыстық бөлшектерді бақылауға жауапты жабдықтарды (купюра-монетақабылдағыштар, индукциялық ілмектер, шлагбаумдар, жіктеуіштер, бағдаршам объектілері, қозғалысты ұйымдастыру құралдары, өнеркәсіптік жұмыс станциялары, байланыссыз төлеуге арналған санауыш антенналары мен өзара байланысты құрамдас бөлшектер мен жабдықтар) орнату, жөндеу және алмастыру;

      телекоммуникация желілері, жол жүру үшін төлем ақы алу бағдарламалық-аппараттық кешені мен ЗКЖ және оның шағын жүйелерін басқарудың техникалық кешендерін олардың төлқұжаттағы мәліметтерінің талаптарына сәйкес мерзімінде орнату қалпына келтіру және жаңғырту;

      жол жүру үшін төлем ақы алу бағдарламалық-аппараттық кешені, ЗКЖ және оның шағын жүйелері және көшелердің басқа да ақпараттық жүйелері үшін бақылау қақпаларын және басқа да металқұрылымдар және/немесе темірбетон бұйымдарды орнату немесе алмастыру, қажет болған жағдайда оларды жарықтандыру және электрмен қамтамасыз ету, бұл ретте жұмыс көлемдері сметалық құжаттамамен белгіленеді;

      көшелердің ЗКЖ және оның шағын жүйелері, жүру үшін ақы алу бағдарламалық-аппарат кешені қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз етуді жаңғырту, пысықтау;

      жүру үшін ақы алу бағдарламалық-аппарат кешенінің нысандарына кіру үшін бақылау жүйесін орнату;

      Ескерту. 21-тармаққа орыс тілінде өзгерістер енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгермейді – Шымкент қаласы әкімдігінің 23.08.2022 № 1588 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      22. Қауіпті ақаулықтарды және елеулі өзгерістерді және жергілікті учаскелердегі жол төсемінің бұзылуларын жою кезінде негiздiң қабаты үшiн алынған материалды кейiннен пайдалану және төсемнiң жаңа қабатын салу арқылы қауiптi ақаулықтар мен бұзылуларды жою мақсатында төсемнiң енi бойынша жергiлiктi жерлердi қайлау.

4-тарау. Көшелер мен ондағы құрылыстарды орташа жөндеу

      23. Орташа жөндеу көшелер мен ондағы құрылыстарының алғашқы пайдалану сапасын қалпына келтірумен байланысты жұмыстарды кезеңді орындауды көздейді.

      24. Орташа жөндеу кезінде жол жамылғысының тозған қабатын және тегістілігін кезеңді қалпына келтіру, сондай-ақ жер төсемінің, су бұрғыштардың, жасанды, қорғау, бекіту, реттеу және басқа жол құрылыстарының бұзылуларын түзету жүргізіледі.

      Орташа жөндеу бойынша жұмыстар көлемдерін ақаулықтар тізбесінің негізінде жасалған сметалық есептер анықтайды.

      25. Көшелер мен ондағы құрылыстарын орташа жөндеу кезінде мына жұмыстар орындалады:

      1) жер төсемі және су бұрғыш бойынша:

      дымқыл және қар борайтын жерлердің жер төсемінің ұзақтығы бойынша учаскелерін көтеру және кеңейту, кішкене иірім учаскелерді жою;

      қолданыстағы су бұрғыш жыраларды тазалау, қоқыс тастайтын жерге қоқыстарды тиеу және шығару, жаңа жыраларды қазу, үйінділер мен қуыстар жиектерінің бұзылуларын түзету және құламаларын азайту, құрғату, қорғау және бекіту құрылғыларын, су бұрғыш құрылғыларды және көпірлер мен құбырлардың бұру арналарын түзету;

      тұрақты шымды жабынды құру бойынша қажетті агротехникалық іс-шараларды жүргізу арқылы жер төсемі мен резервтердің жиектерін шөппен себу, опырылған, мүжілген жерлерді, сең шығарындыларын тазалау;

      жиектерді себу, шабу, жоспарлау және бекіту;

      суқашырғы арық жүйесін орнату, ирригациялық арықтарды, су өткізгіш құбырларды, жауын шашын суын қашыратын арықты жөндеу, алмастыру;

      жауын шашын суын қашыратын арықты орнату, жауын шашын суларын қабылдағышты орнату, жөндеу, алмастыру;

      2) жол жамылғылары бойынша:

      жетілдірілген қоспаларды қолданумен үстіңгі қабатты өндеу;

      жетілдірілген төсемнің тозған жоғарғы қабатын қалпына келтіру және қолданыстағы жол жамылғысын бөлшектеу және қажетті жағдайда қабатты тегістейтін және үстіңгі қабатқа немесе жөнделетін учаскенің барлық ұзындығына тозу қабатына өндеу жүргізу арқылы жеке және иірімді учаскелерде жол жамылғысын салу;

      асфальт-бетон қоспасының қажетті мөлшерін қосу арқылы шорлары, сораптары, жоталары және басқа да өзгерістері мен ақаулары бар жетілдірілген төсемді қалпына келтіру; жаңа материалдардың қажетті мөлшерін қосу арқылы және жол жабындарының негізін салу үшін алынған материалдарды, оның үстіне асфальтты-бетон қабатын немесе тозу қабатын төсеу арқылы шорлары, сораптары, жоталары және басқа да өзгерістері мен ақаулары бар жетілдірілген төсемді қайлау немесе ресайклингтеу және қалпына келтіру;

      жаңа материалдарды және жұмыс өндірісінің технологияларын қолдану арқылы сыналған учаскелерді салу және оларға мониторинг жүргізу;

      цемент-бетонды төсем бойынша:

      цемент-бетон төсемдерін қалпына келтіруге жатпайтын тозған тақталарын алмастыру, цемент-бетон төсемдеріндегі бойлық және көлдеңен жыртылған жерлерді ою;

      темір-бетон төсемдері бойынша:

      тозған тақталарды алмастыру, темір-бетон төсемдерінің жеке тақталарын көтеру немесе тегістеу;

      қорғау қабатын салу, үлкен ұзақтықтағы темір-бетон тақталарының және цемент-бетон төсемдерінің жапсарларын жөндеу, жеке учаскелерде асфальт-бетон қабатын салу;

      шағалтасты және қиыршықтасты төсемдердің қапталдарын, сондай-ақ материалдар қосу арқылы топырақты жолдарды қалпына келтіру;

      қиыршықтасты және топырақты жолдардың жүру бөлігін тұтқыр және шаңсыздандыратын материалдармен жақсарту;

      вираждарды салу және қозғалыс үшін қауіпті қисық көрінулерді қамтамасыз ету;

      жөнделетін учаскелердің жүру бөлігін белгілеу;

      цементбетонды жабынның құрылғысы немесе асфальтбетонды жабынның ұзындығы 500 метрден аспайтын негізгі құрылғысы бар цементбетонды жабынға алмастыру;

      жолдың техникалық санатын өзгертпей, ұзақтығы 15 километрден аспайтын ұсақтасты және қиыршықтасты жабынды асфальт-бетонды жабынға алмастыру;

      көшенің өткізгіш қабілетін арттыру мақсатында:

      көшенің қиылысына дейінгі 100 м деінгі өтіс бөлігін кеңейту;

      оң жақты бұрылыстарды, бұрылыс алаңшаларын, жылдамдық тежегіш жолағыымен бірге бұрылыстарды орнату;

      3) жасанды құрылыстар бойынша:

      ақаулық жіктердің астындағы су бұрғыш науаларды қалпына келтіру;

      су бұрғыш түтіктерді жөндеу (түтіктерді өсіру немесе қосымша түтіктерді салу);

      жаяу жүргіншілер жолына гидрооқшаулаудың жанасқан жерлеріндегі төсемнің жіктерін салу және оларды шайырмен құю;

      су бұрғыш түтіктердегі оқшаулануды жөндеу;

      10 сантиметрден асатын отыру кезінде үйінділері бар көпірмен жанасқан тораптарды жөндеу (шағылтасты себу арқылы қосымша төсемнің есебінен тегістеу);

      үйінділері бар жанасқан шеткі аяқ жолдардың тақталарын алмастыру;

      жол жамылғысын қалпына келтіру арқылы ауыспалы тақталардың жеке ығысуын жою;

      тақталарды ашу арқылы оларды жуу кезінде ауыспалы тақталардың астына топырақ себу;

      болаттан жасалған элементтері бар ақаулық жіктердің бөлшектерін жекелеп алмастыру;

      жұмыстар жол жамылғысы деңгейінде орындалған кезде шайырлы және резеңке толтыратындары бар жабық типті ақаулық жіктерді алмастыру;

      жаяу жүргіншілер жолдардың ақаулық жіктерді алмастыру;

      жаяу жүргіншілер жолдардың төсемдерін тегістеу, жаңа төсемді салу;

      жаяу жүргіншілер жолдардың блоктарындағы жалпақ саңылаулардың шұңқырларын бітеу, аяқ жолдардың алдын қорғау төсемімен өндеу;

      жаяу жүргіншілер жолдардың блоктарындағы жеке сынықтар мен жарықшақтарды жою;

      жаяу жүргіншілер жолдардың блоктарындағы жапсарларды басу және оқшаулау;

      жаяу жүргіншілер жолдардың қалпына келтіру, жеке бұзылған блоктарды күшейту немесе алмастыру;

      жаяу жүргіншілер жолдардың тақталарының сынған жерлерін жою;

      оқшау жерлерді салу немесе аяқ жолдарға асфальт-бетон төсеу;

      жеке секцияларды жөндеу, сүйеніштердің жеке тіректерінің анкерлерін күшейту;

      барлық ұзындығында немесе көпір құрылысы ұзындығының бөлігінде сүйеніштерді алмастыру;

      барлық ұзындығында сүйеніштерді сырлау;

      жаңа анкерлері бар сүйеніштердің тіректеріндегі бекіткіштердің тораптарын алмастыру;

      бетон құрылымының барлық үстіңгі бетін (тақталар, қабырғалар, аралықтар және басқа элементтер) гидрофобизациялау немесе сырлау;

      диафрагманың жапсарларын жөндеу;

      көпірлер мен жол өткізгіштерді жартылай қайта жасау немесе жөндеу, сондай-ақ техникалық құжаттамамен бекітілген жөнделетін жол үшін белгіленген техникалық санатқа сәйкес келетін нормаларға габариттері мен есептік салмақтарын жеткізу арқылы су өткізгіш құбырларды толық немесе жартылай қайта құру;

      жер асты және жер үсті жаяу жүргіншілер өткеліндегі мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған көтергіш құрылғыларды, лифттер және экскалаторды жаңасын орнату және жөндеу;

      көпірлерде жеңіл жөндеу жұмыстарын орындау (төсемелерін, арқалық торларын, жеке тораптарын және элементтерін алмастыру, жер жамылғысымен жанасқан қалауын түзету және т.б.);

      алдын ала-кернеулі темір-бетон және темір аралық құрылыстардың құрылыс көтермесін бақылау;

      көпірдің жүру бөлігіндегі төсемді қалпына келтіру немесе алмастыру;

      жаяу жүргіншілер жолдарының блоктарындағы жіктерді басу, жаяу жүргіншілер жолдарында төсемдер салу;

      қоршауларды жөндеу немесе қайта жаңарту;

      материалдар мен құрылымдарды алмастыру арқылы ақаулық жіктерді жөндеу;

      гидрооқшаулауды жөндеу;

      жаяу жүргіншілер жолдарын, сүйеніштерді, жиектастарды жөндеу және алмастыру;

      көпірдің жүру бөлігіндегі судың бұрылуын жақсарту, су бұрғыш түтіктер мен терезелерді алмастыру;

      темір-бетон құрылымдарының алдыңғы бетін гидрооқшаулауды, басты арқалықтардың бетін сырлау;

      жарықшақтарды беттік герметизациялау, қуыстарды, сынықтарды бітеу, көпірдің темір-бетон элементтерінің қорғау қабатын қалпына келтіру;

      темір аралық құрылыстарды тегіс сырлау;

      арқалықтардың бір-бірімен байланысуын қалпына келтіру;

      құрғатқыш пен су бұрғышты, өтпелі тақталарды алмастыру арқылы көпірдің үйіндімен жанасқан жерін жөндеу;

      жер төсемі және реттеу құрылыстары жиектерінің бекіткіштерін жөндеу;

      жиектер мен реттеу құрылыстарының шұңқырларын жою;

      темір аралық құрылыстардың жеке элементтерін күшейту, алмаспайтын фермалары бар көпірлерде торлардың элементтерін түзету;

      аса төзімді бұрандамалардағы тойтармаларды алмастыру;

      тірек бөліктерінің жобалық қалпын жөндеу және қалпына келтіру;

      тіреу алаңдарындағы ағындыларды жөндеу және қалпына келтіру;

      қаптау жіктерін сөгу, жарықшақтарға ерітінділерді егу;

      аралық құрылыстар мен тіректердің көру құрылғыларын жөндеу және қалпына келтіру;

      тіректерді жөндеу;

      темір-бетон аралық құрылыстардың шығып тұрған жерлеріндегі тірек бөліктерін күшейту;

      құбырлардың жеке буындары мен бастарын алмастыру немесе жөндеу, оқшаулануы мен жапсарларын түзету;

      сүйеу қабырғаларын, бекіту және реттеу құрылыстарын жөндеу, галереялар мен бастырмаларды, сондай-ақ, олардың жеке элементтерін алмастыру;

      көпірлер мен су өткізгіш құбырларды жөндеу кезінде, қажет болған жағдайда ұзындығы бір километрден аспайтын айналма жолдың құрылысын орындау;

      4) қозғалысты ұйымдастыру, байланыс, жарықтандыру объектілеріне көшелерді салу мен жайластыру бойынша:

      қолданыстағы аяқ жолдар, жаяу жүргіншілер жолдарын, велосипед жолдарын және арық жүйесін, жауын шашын суларын қашыратын арықтарын жөндеу және жаңасын салу;

      жаңа жеке қоршауларды салу, жөнделетін учаскелерде жаңа жол белгілерін және сілтеме құрылыстарын орнату және алмастыру (қалпына келтіру), жеке айрықтарды, демалыс алаңдарын, автокөлік тұрақтарын, көрнекті орындарды сәулеттік безендіру және абаттандыруды қоса алғанда, қоршауларды жөндеу;

      қар тоқтатуға негізделген қажеттігіне қарай тұрақты қар тоқтататын дуалдырды салу;

      шығу және кіру жолдарын, жазғы және трактор жолдарын жөндеу;

      сигнализацияны, жол қозғалысын ұйымдастыру (бағдаршамдар, электронды және жол белгілері, ақпараттық таблолар), байланыс және жарықтандыру объектілерін жөндеу және салу;

      көшелердің ақпараттық жүйелерін және кешендерін, жеке жобалау белгілері мен таблоларын, жол қозғалысын диспетчерлік және автоматтық басқару элементтері мен жүйелерін; ауыспалы ақпараты бар автономды және дистанциялық басқару белгілері мен таблоларын, бағдаршам объектілерін қалпына келтіру;

      автожолдарды (автопавильондар, тіреу қабырғалары, ақпараттық панно және басқа құрылыстар) салу элементтерін жөндеу;

      өту-жылдамдық жолағы және кіреберіс құрылғысымен автомобильдердің аялдамасы құрылғысымен автотұрағына арналған алаң немесе демалу алаңын (электржарықтардырумен, дәретханамен, қоршаумен, абаттандырумен және басқа орналастырумен.);

      дәретханалардың және жол сервис павильонының құрылғысы, оның ішінде оларды жарықтандыру және электрмен жабдықтау;

      5) көшелердің жол жүру үшін төлем ақы алу бағдарламалық-аппараттық кешені, ЗКЖ және оның шағын жүйелері бойынша:

      көшелердің жол жүру үшін төлем ақы алу бағдарламалық-аппараттық кешені, ЗКЖ жаңғырту және қайта құру, оған мыналар кіреді:

      сервердің, желілік, коммутациялық және жол жүру үшін төлем жасау, бақылау-өлшеу аспаптарының, мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін анықтау және фото/бейне тіркеу жүйесінің, жұмыс станциялары мен ұйымдастыру техникасы жабдықтарының аппараттық-бағдарламалық бөліктерін орнату, жөндеу, ішінара немесе толық алмастыру, жаңарту, біріктіру;

      ақпараттық жүйелер мен бағдарламалық қамтамасыз етуді өзара орнату, ішінара немесе толық алмастыру, жаңарту, толықтыру, интеграциялау;

      лицензиялық бағдарламалық қамтылымды орнату және жаңарту;

      бақылау қақпаларының жабдықтарын орнату және ішінара немесе толық алмастыру;

      ақпараттық (жарықтық диодты) жол белгілерін және жеке жобалау таблосын орнату, оның ішінде оларды жарықтандыру және электрмен жабдықтау, бұл ретте жұмыс көлемі сметалық құжаттамамен анықталады;

      жол жүру үшін төлем ақы алу бағдарламалық-аппараттық кешенінің объектілеріне қол жеткізуді бақылау жүйесін орнату, жөндеу және алмастыру;

      көшелердің ақпараттық жүйелерін енгізу;

      ЗКЖ және оның шағын жүйелері, жүру үшін ақы алу бағдарламалық-аппарат кешенінің қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз етуді алмастыру, дамыту, толық жаңғырту;

      6) Жолдың пайдалану жай-күйін және көлік құралдары қозғалысының қауіпсіздігін қалпына келтіруді қамтамасыз ететін жұмыстардың басқа түрлері.

      Ескерту. 25-тармаққа орыс тілінде өзгерістер енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгермейді – Шымкент қаласы әкімдігінің 23.08.2022 № 1588 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

5-тарау. Көшелер мен ондағы құрылыстарды күрделі жөндеу

      26. Көшелерді күрделі жөндеу көше және ондағы құрылыстардың көліктік-пайдалану жай-күйін арттыруға байланысты, атап айтқанда, қолданыстағы жолдың техникалық санатын өзгертусіз жол жамылғысы мен жол құрылыстарының мықтылығының ұлғаюымен кезеңдік жұмыстардың орындауын көздейді.

      27. Күрделі жөндеуге жататын көше учаскелері қызметтің жөндеу аралық мерзімінің негізінде және көше диагностикасының нәтижесінде белгіленеді.

      28. Көшелердің күрделі жөндеуі мен құрылысы оларға кешенді орындалады – барлық объектілерге, көшелердің құрамында тұратын, жобалық (жобалық-сметалық) құжаттамаға сәйкес күрделі жөндеуге жіберілетін, мемлекеттік сараптамадан өткен және жобаларды бекіту Ержесіне (техника-экономикалық негіздеме және жобалық-сметалық құжаттама) сәйкес бекітілген, сондай-ақ бюджет қаражаты және мемлекеттік инвестициялардың өзге де нысандары есебінен объектілерді салуға арналған жобаларды Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 сәуірдегі № 304 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10632 болып тіркелген) бекітілген.

      29. Күрделі жөндеу кезінде жекелеген көшелерді қалай жоспарда болса, солай қапталды бойында жөнделіп жатқан жол учаскесінің жалпы ұзындығының ұзақтығы 25%-ға дейін жалпы көшелерді түзетуге рұқсат беріледі.

      30. Жол-пайдалану қызметінің көпірлері мен жол өтпелерін, сондай-ақ ғимараттар мен құрылыстар кешенін қызметтің жөндеу аралық мерзімінің және олардың диагностикалау нәтижелері негізінде күрделі жөндеуге бағытталуына болады.

      Күрделі жөндеу кезінде мынадай жұмыстар орындалады:

      1) жер төсемі және субұрғыш бойынша:

      жер төсемін жөнделетін көше (кеңейту, көтеру, топырақты алмастыру, көрінуді қамтамасыз ету, дөңгелету радиусын ұлғайту, бойлық еңістерін жұмсарту, тік иіндерін және жалтарыстарын құру) үшін белгіленген техникалық санатқа сәйкес нормаларға дейінгі оның геометриялық параметрлеріне жеткізумен түзету, жекелеген жол учаскелерін жіктеу;

      жер төсемінің нығаюын қамтамасыз ететін шоқталған, шөккінделген және опырылған учаскелерді жою, кәріздерді, оңашаланған қабатшаларын жабдықтау және басқа жұмыстар;

      қолданыстағыны қалпына келтіру және қайта құру, сондай-ақ субұрғыш жабдықтарға қажетті жаңа құрылыстар, жаңалық қорғау және эрозияға қарсы құрылыстар;

      көшелердің кесіп өту мен жанасуларында жер төсемдері мен субұрғыш жүйесін құру, сондай-ақ автомобильдерге аялдама, тұрақтар үшін алаңды жайластыру бойынша жұмыстарды орындау, оларға өту-жылдамдық жолағы жабдығымен көшелермен өтетін бөлігінен тысқары демалу алаңын, аялдамалық павильондар мен аялдамалық қалташықтар орнату;

      көшенің күрделі жөндеу жөніндегі жұмыстар аймағында орналасқан көше учаскелерін жоятын көше бойындағы қорларды қалпына келтіру;

      су тасқыны, сел, нөсерлік және басқа табиғат апаттарын жою;

      2) жол жамылғысы бойынша:

      ұзақтығы 5 километрден аспайтын жол жамылғысын нығайту (қалыңдату), кеңейту және регенирациялық және қолданыстағы жол жамылғыларын негізі ретінде қолдану арқылы ең жетілдірілген жол жамылғысы түрлерін жабдықтау, сондай-ақ қайта құрылып жатқан (жіктелетін) жол учаскелерінде және тұрғылықты пункттерін айналма және оларға кіреберісте жаңадан жол жамылғысын құру, көліктік айырығы, инженерлік құрылғыда, тротуарда, өту және велосипед жолында, автобус аялдамасында және аялдау қалташаларында, демалу алаңында және автокөлік тұрағында, сондай-ақ олардың өту-жылдамдық жолағында жол жамылғысын жабдықтау;

      цемент-бетон жамылғысы бойынша:

      ескі цемент-бетон жамылғысының үстіне, оның тұтастығын бұзбастан асфальт-бетон қоспасын нығайту қабатын құру;

      ескі цемент-бетон жамылғысын алдын-ала ұсақтаумен және осындай түрде алынған негіз болатын материалды ұқыптылықпен тығыздаумен ескі цемент-бетон жамылғысының үстіне, оның тұтастығын бұзбастан асфальт-бетон қоспасын нығайту қабатын құру;

      нығайту қоспасын цемент-бетоннан, армобетоннан, фибробетоннан, түрлендірілген цемент-бетоннан жабдықтау;

      шағалтас пен қиыршық тас жамылғысын, сондай-ақ топырақ жолды жаңа материалдарды қосу арқылы түзету, байланыстыратын материалдармен өту бөлігін жақсарту;

      жасанды және табиғи материалдардан жасалған тозған бордюрлерді, жетілдірілген жамылғысымен жиектерге бекітілетін жолақтар, соның ішінде негізгі жол жамылғысының түрі бойынша алмастыру және жаңасын жабдықтау;

      жол жамылғыларының, жаңа материалдар мен жұмыс өндірісі технологияларының жаңа құрылымын қолдану арқылы сыналған учаскелерді салу және оларға мониторинг жүргізу;

      көшенің өткізгіш қабілетін арттыру мақсатында:

      көшенің қиылысына дейінгі 100 м дейінгі өтіс бөлігін кеңейту;

      оң жақты бұрылыстарды, бұрылыс алаңшаларын, жылдамдық тежегіш жолағымен бірге бұрылыстарды орнату;

      3) жасанды құрылыс бойынша:

      көпірлерді, көлік айрықтарын кеңейту мен нығайту арқылы толығымен немесе ішінара, оның ішінде олардың ғабариттерін реттеумен және есептік жүктеменің қабілеттігіне салмақ түсетін жаяу жүретін, су өтетін, салу, қайта салу (жаңа аралықты қоспастан габариттерін кеңейту арқылы көпірді жөндеу; габаритін кеңейтумен және риғелді ұлғайту мен нығайтумен, жаңа аралықты қосумен бір жағынан немесе екі жағынан тіреуішті кеңейту);

      металл көпірінің басты аралығы мен фермі элементтерін дұрыстау және нығайту;

      металл аралық құрылымын алмастыру;

      көпірдің өтетін бөлігін алмастыру;

      су өткізу құбырын салу және қайта салу;

      құбырлардың буыны мен ауызғы бетін алмастыру және нығайту;

      зақымдалған құбырлар сақинасын алмастыру;

      жаңа сақина мен ауызғы беті есебінен құбырдың ұзындығын өсіру;

      дәнекерленген көпірлерді, паром өткелдерін, темір жол өткізулерін тұрақты көпірлер мен жол өтпелерімен алмастыру;

      тіреуіш қабырғаларды, қорғаушы нығайтылатын және реттелетін құрылысты құру және қалпына келтіру;

      қайта салынған және жаңадан салынған көпірлерді салу;

      тоннельдердің құрастырушы элементтерін, тау жолдарындағы қорғау галереясы мен қалқаларын жөндеу және алмастыру, сондай-ақ уақытша галерея мен қалқаларды тұрақтыларға алмастыру;

      4) көшенің қозғалысын, байланысын және жарықтандыруды ұйымдастыру объектілері бойынша көшені жайластыру мен орналастыру:

      көшелердің немесе олардың жекелеген учаскелерін архитектуралық ресімдеу және орналастыру;

      аялдамалық, түсу алаңын және автопавильонды жабдықау;

      демалу алаңын (күркемен, су көздерін, қарау шұңқырларын немесе жолдағы және басқаша орналастырылған автомобильді профилактикалық байқау үшін эстакадамен, дәретханамен, жол сервис павильонымен), аялдама немесе автомобиль тұрағына арналған алаңды, аялдау қапталдарын оларға өту-жылдамдық жолағын жабдықтаумен (соның ішінде әр түрлі деңгейлерде), сондай-ақ тұрғылықты пункттер шегінде өтетін қауіпсіздік аралында, тротуарда, жол учаскелеріндегі өту жолдарында жабдықтау;

      күрделі жөндеу өтіп жатқан учаскелерде тосқауыл шарбағын, бағыттайтын құрылғы мен жол белгілерін жаңадан жабдықтау немесе алмастыру;

      көшелердің бір және әр түрлі деңгейдегі қолданып жүрген кесіп өту мен жанастыруды, сондай-ақ барлық жолдағы немесе оның учаскелеріндегі жекелеген өтпесін, съезд бен виражды, жаңадан жабдықтау және қайта жабдықтау;

      қолданып жүрген жазғы трактор жолын, жөндеу кезеңіндегі уақытша айналма жол құрылысын жаңадан жабдықтау және қайта жабдықтау немесе табиғат апатынан қираған жол учаскелерін қалпына келтіру;

      өткізу қабілетін ұлғайту мақсатында көшелерде жолақтарды кеңейтуді қоса өткізу пунктін жабдықтау және орналастыру;

      қажетті коммуникациялық жүйелерге қосылу арқылы көлік құралдарының қозғалысын бақылау және мониторингі үшін өлшеу құралдарын, жабдықтар мен бағдарламалық қамтамасыз етуді қондыру;

      күзетуді қажет ететін стратегиялық маңызды объектілерде күзет және видео бақылау жүйесін орнату;

      ақылы авто тұрақтарды жайластыру және орналастыру және оларды БҚКТК қосу;

      жол жүру үшін төлем ақы алу бағдарламалық-аппараттық кешенін, басқа да ақпараттық жүйесін тиісті жабдықты монтаждау және қажетті коммуникациялық жүйелерге қосылу арқылы көшелердің ЗКЖ және оның шағын жүйелерін орнату;

      бағдаршам нысанын орнату және алмастыру.

      Ескерту. 30-тармаққа орыс тілінде өзгерістер енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгермейді – Шымкент қаласы әкімдігінің 23.08.2022 № 1588 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады