"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 2) тармақшасына сәйкес, Абай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Абай облысы мәслихаты ШЕШТІ:
1. Абай облысы Бесқарағай ауданының Глуховка және Канонерка ауылдық округтерінің шекаралары өзгере отырып, жалпы ауданы 1 899,3 гектар Глуховка ауылдық округінің Жыланды ауылы әкімшілік және аумақтық бағыныстағы Канонерка ауылдық округіне әкімдіктің бірлескен қаулысының және мәслихат шешімінің қосымшасына сәйкес берілсін.
2. Абай облысының Бесқарағай ауданы Глуховка ауылдық округінің шекарасы жалпы ауданы 113 125,7 гектар болып;
Абай облысының Бесқарағай ауданы Канонерка ауылдық округінің шекарасы жалпы ауданы 76 800,7 гектар болып бекітілсін.
3. Осы әкімдіктің бірлескен қаулысы және мәслихаттың шешімі оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Абай облысы әкімінің міндетін атқарушы | |
А. Мусабаев | |
Абай облысы мәслихатының төрағасы | |
К. Сулейменов |
Абай облысы әкімдігінің 2024 жылғы 20 ақпандағы № 42 мен Абай облысы мәслихатының 2024 жылғы 20 ақпандағы № 13/94-VIII бірлескен қаулысы мен шешімінің қосымшасы |