Абай облысының елді мекендерінің көшелерін күтіп-ұстау, ағымдағы, орташа және күрделі жөндеу кезінде орындалатын жұмыстар түрлерінің сыныптамасын бекіту туралы

Жаңа

Абай облысы әкімдігінің 2024 жылғы 7 қазандағы № 201 қаулысы. Абай облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 9 қазанда № 353-18 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына, "Автомобиль жолдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 1-1-тармағының 6-8) тармақшасына сәйкес, Абай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Абай облысы елді мекендерінің көшелерін күтіп-ұстау, ағымдағы, орташа және күрделі жөндеу кезінде орындалатын жұмыстар түрлерінің сыныптамасы осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. "Абай облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны Абай облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыны Абай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Абай облысы әкімі
      Н. Уранхаев

 

      КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің
Автомобиль жолдары комитеті
2024 жылғы "___"_______________

  Абай облысы әкімдігінің
2024 жылғы 7 қазандағы
№ 201 қаулысына
қосымша

Абай облысының елді мекендерінің көшелерін күтіп-ұстау, ағымдағы, орташа және күрделі жөндеу кезінде орындалатын жұмыстар түрлерінің сыныптамасы

1. Жалпы ережелер

      1. Абай облысының елді мекендерінің көшелерін күтіп-ұстау, ағымдағы, орташа және күрделі жөндеу кезінде орындалатын жұмыстар түрлерінің осы сыныптамасы (бұдан әрі – Сыныптама) елді мекендердің көшелерін (бұдан әрі – Көшелері) және олардың құрылыстарын күтіп-ұстау, ағымдағы, орташа және күрделі жөндеу кезінде орындалатын жұмыс түрлерін анықтайды.

      2. Сыныптама жол-жөндеу жұмыстарының көлемдерін негіздеу және оларды орындау үшін республикалық және жергілікті бюджеттерден бөлінетін қаржы қаражаттарын есептеу үшін қолданылады.

      3. Осы сыныптамада келесі анықтамалар қолданылады:

      1) көше (көшенiң көлiк жүретiн бөлiгi) – елдi мекендер шекарасының шегiндегi автомобиль жолы;

      2) көшелер мен олардың құрылыстарын пайдалануды басқару – бұл жол-жөндеу жұмыстарының экономикалық негізінде стратегиясын әзірлей отырып, олардың диагностикасы мен мониторингі негізінде көшелер мен олардың құрылыстарының қажетті техникалық деңгейін және көліктік-пайдалану жай-күйін қамтамасыз ету жөніндегі ұйымдастыру және регламенттеу жұмыстарының кешені;

      3) көше жағдайының мониторингі – бұл пайдалану және қоршаған ортаның ықпал етуі нәтижесінде мүмкін болатын антропогендік өзгерістердің жай-күйін қадағалау және бақылау, бағалау мен болжамдау жүйесі;

      4) көшелерді жөндеудің маршруттық тәсілі – бұл көлік қозғалысы үшін қауіпті ақаулықтарды жою және жергілікті учаскелердегі жол жамылғысының тегістігін қалпына келтіру жұмыстарын қоса алғанда, маршрут бойынша орындалатын жөндеу жұмыстарының кешені;

      5) жол жамылғысы - бұл автокөлік құралдарынан түсетін салмақты қабылдайтын және оны топыраққа беретін көшелерінің бөлінген белдеулерінің шегіндегі көп қабатты құрылғы;

      6) жол жамылғысы қызметінің жөндеу аралық мерзімі - бұл көше құрылысының көтеру қабілеттілігін (күшейту) арттырумен байланысты кезекті күрделі жөндеуге дейінгі құрылыс, қайта жаңарту немесе күрделі жөндеуден кейін көшені пайдалануға тапсырған күннен басталған кезең;

      7) жол жабыны қызметінің жөндеу аралық мерзімі - бұл тозу қабатын қалпына келтіру және тегістілік пен көлік қозғалысының қарқындылығы бойынша қажетті маңыздылығына дейін ұқсас сапаларын орнына келтірумен және ақауларды жоюмен байланысты кезекті орташа жөндеу орындауға қажеттілік туындағанға дейінгі құрылыс, қайта жаңарту, күрделі немесе орташа жөндеуден кейін көшені пайдалануға тапсырған уақыт кезеңі;

      8) көше-жөндеу жұмыстарының стратегиясы – бұл бөлінетін ресурстарды тиімді пайдалану кезінде көшелер мен ондағы құрылыстар желісінің көліктік-пайдалану жай-күйін сақтау және жақсарту бойынша аса тиімді ұзақ уақытты техникалық шешімдер және басқаратын ықпал етулер кешені;

      9) көшелерді қысқы уақытқа күтіп-ұстау - көшелерді және ондағы құрылыстарды қар басып қалудан қорғауға, оларды уақтылы тазартуға және жол жамылғысының қысқы тайғақтығымен күресуге байланысты айрықша жұмыстар кешені.

      4. Көшелердің құрамына мыналар кіреді: бөлінген белдеулер, көшелердің құрылымдық элементтері, көшелерді жайластыру және абаттандыру, су жібергіш және су өткізгіш құрылыстар, көпірлер, жол өткізгіштері, көлік айрықтары, су доғалары, тоннельдер, қорғау галереялары, көше қозғалысының қауіпсіздігін арттыруға арналған құрылыстар мен құрылғылар, көгалдар, гүлзарлар, гүл бақтары, қолдан отырғызылған ағаштар, желілі тұрғын үй ғимараттары мен жол-пайдалану қызметтерінің кешендері.

      5. Көшелер мен ондағы құрылыстарды пайдалану жұмыстарын жүргізуге нақты бөлінген қаржы ресурстары көшелер мен ондағы құрылыстардың көліктік-пайдалану жай-күйін тексеру және диагностикалау материалдары негізінде белгіленген өткізілетін жөндеу іс-шараларының түрлеріне және көше-жөндеу жұмыстарының әзірленген стратегиясына қарай бөлінеді.

      6. Көшелерді күтіп-ұстау, ағымдағы, орташа және күрделі жөндеулер кезінде орындалатын сыныпталатын жұмыс түрлері, жол саласында қолданылатын нормативтік-техникалық құжаттардың талаптарына сәйкес орындалады.

      7. Көшелер мен ондағы құрылыстарды пайдалануды басқаруға мынадай жұмыстар кіреді:

      1) көше-жөндеу жұмыстарының стратегиясын негіздеу және қажетті қаржы ресурстарын жоспарлау;

      2) көшелер мен ондағы құрылыстарды сақтауды қамтамасыз ету және оларды уақытынан бұрын тозудан алдын ала сақтау;

      3) технологияны жетілдіру және көшелер мен ондағы құрылыстарды жөндеу мен күтіп-ұстау жұмыстарын ұйымдастыруы;

      4) көшелер мен ондағы құрылыстарды пайдалануды басқару жұмыстарын орындауды ұйымдастыру, үйлестіру, реттеу және бақылау.

      8. Көшелер мен ондағы құрылыстарды диагностикалау мен мониторинг жүргізу жұмыстарының құрамына мыналар кіреді:

      1) көшелер мен көше құрылыстарын оларды күтіп-ұстау сапасын бағалау арқылы жүйелі түрде (көктемгі, күзгі және айлық) тексеру;

      2) көшелер мен ондағы құрылыстарының техникалық деңгейін және көліктік-пайдалану жай-күйін бағалау арқылы көзбен шолу және аспаптық тексеру, көшелер мен ондағы құрылыстарын паспорттандыру;

      3) көшелердің көлік қозғалысының қарқындылығы мен құрамын есепке алу;

      4) көшелер мен ондағы құрылыстарының техникалық деңгейі және көліктік-пайдалану жай-күйі туралы бағдарламалық қамтамасыз етуге сәйкес мәліметтер базасын құру, үнемі жаңарту және жұмыс күйінде ұстау.

      9. Көше-жөндеу жұмыстарының стратегиясын негіздеу және қаржы ресурстарын жоспарлау жұмыстарының құрамына мыналар кіреді:

      1) көше және ондағы құрылыстарының көлік-пайдалану жай-күйі туралы деректердің бірыңғай ақпарат банкін құру, әкімшілік ету және басқару;

      2) көше және ондағы құрылыстарының көлік-пайдалану жай-күйі туралы деректердің ақпараттық банктің талдауының негізінде күтіп-ұстау және жөндеу бойынша жұмыстарды негіздеу;      

      3) көше желісінің жай-күйін болжамдау арқылы жол-жөндеу жұмыстарының стратегиясын жасау. Көше-жөндеу жұмыстарының ағымдағы және перспективалық жоспарларын, соның ішінде көшелердің желісін күтіп-ұстау жоспарларын құру;      

      4) көше желісін қажетті пайдалану жай-күйінде сақтау және күтіп-ұстау үшін қажетті қаржы ресурстарын жоспарлау.      

      10. Көшелер мен ондағы құрылыстарды сақтауды қамтамасыз ету және оларды уақытынан бұрын тозудан сақтап қалу жұмыстарының құрамына мыналар кіреді:      

      үлкен салмақты көліктердің жол жамылғысы мен ондағы құрылыстарының сақталуына ықпал етуіне талдау жасау және қолайсыз ауа-райы жағдайларында, сондай-ақ жол жамылғысы жеткіліксіз мықтыланған әлсіз учаскелерде үлкен салмақты көліктердің қозғалысын шектеуді немесе ұйымдастыруды қамтамасыз ету ұсыныстарын әзірлеу.      

      11. Көшелер мен ондағы құрылыстарының пайдаланылуын басқаруды ұйымдастыру, үйлестіру, реттеу және бақылау жұмыстарының құрамына мыналар кіреді:      

      1) көшелер мен ондағы құрылыстарының желісін күтіп-ұстау бойынша көше-жөндеу жұмыстарының орындалуын үйлестіру және реттеу;      

      2) көшелер мен ондағы құрылыстарын кезеңді есепке алу, есептілікті жасау;      

      3) көшелерді күтіп-ұстау мен ағымдағы жөндеу кезінде сапаны бақылауды ұйымдастыру, бақылау жүйесін жетілдіру және көше-жөндеу жұмыстарының сапасын қамтамасыз ету, сапаны бақылауды аспаптық қамтамасыз ету;      

      4) көшелер мен ондағы құрылыстарды пайдалануды басқарудың құрылымы мен әдістерін үнемі жетілдіру.

2. Елді мекендердің көшелерін күтіп-ұстау

      12. Көшелер мен ондағы құрылыстарды күтіп ұстау жұмыстары жөндеу жұмыстарын жыл бойы үздіксіз жүзеге асырады.

      Көшелер мен жол құрылыстарды күтіп-ұстау жұмыстарын уақытылы жүргізу мақсатында оларды көзбен көріп тексеру патрульдеу арқылы жүзеге асырылады.

      Қаржыландырудың бекітілген нормативіне сәйкес, күтіп-ұстауға арналған қаражаттардың шегінде, ақаулардың ведомосі бойынша тексерілген көшелердің нәтижелерінің негізінде жоспарланатын, көше және көше құрылыстарының зақымдарын алдын алу және түзету бойынша жұмыстарды орындау көзделуде.

      13. Көшелерді күтіп-ұстау жұмыстарын жүргізу нәтижесінде жыл бойы көлік құралдарының үздіксіз, қауіпсіз және жайлы қозғалысы қамтамасыз етілуі қажет.

      14. Күтіп ұстау жұмыстары жобалық құжаттаманы жасауды талап етпейді. Оларды ақаулықтар тізбесі бойынша көшелерді тексеру нәтижесінің негізінде, күтіп ұстауға арналған қаражат шегінде жоспарлайды.

      15. Көшелер мен ондағы құрылыстарды күтіп-ұстау жұмыстары көктемгі, жазғы және күзгі кезецде күтіп-ұстау, қысқы күтіп-ұстау, көшелерді көғалдандыру, көшелер мен ондағы құрылыстарды пайдалануды басқару, сондай-ақ өзге жұмыстарға бөлінеді.

      16. Көшелерді күтіп-ұстау жұмыстарының құрамына операторлардың айтуымен ақпаратты жинау, өңдеу және күн сайын жыл бойы ұсыну кіреді, соның ішінде:

      1) бұқаралық ақпарат құралдарын көшелердегі жол жүрулер туралы ақпараттық қамтамасыз етуді қоса алғанда, көшелердегі жол жүрулер туралы;

      2) болған жол - көлік оқиғалары туралы;

      3) тал және тасқын суларды жіберу кезіндегі жұмыстар туралы;

      4) қысқы уақытта қар тазалайтын машиналар мен механизмдердің жұмысы туралы;

      5) ақпараттарды жинау және өңдеу, жол және ондағы құрылыстардың көлік-пайдалану жай-күйі туралы деректердің бірыңғай ақпараттық банкіне әкімшілік ету және басқару.

      17. Көшелер мен ондағы құрылыстарды көктемгі, жазғы, күзгі кезеңдерде күтіп-ұстау кезінде, яғни жыл сайын мынадай жұмыстарды орындайды:

      1) көшелер мен ондағы құрылыстардың жай-күйін және оларды пайдалану ережелерінің сақталуын патрульдік қадағалау;

      2) жер жамылғысы мен су өткізу жүйесі бойынша:

      су өткізгіш жыраларды көктемде қардан, ал жазда қоқыстарды пайдаға асыруға тиеу, шығару және беру арқылы жиналған қоқыспен балшықтан тазалау;

      жиектердегі, иірімді учаскелердегі кептіргіш науаларды қазу және себу;

      жиектерді жоспарлау, шөптермен себу;

      шабу және шабылған шөптерді жинау;

      шабылған материалдарды пайдаға асыруға тиеу, шығару және беру арқылы жер жамылғысының жиектері мен шеттеріндегі бұталарды қазып алу, ағаштарды, жабайы өсетін бұталарды тамырымен жұлу;

      материалдар қоспастан жиектер мен себу бермдерін жоспарлау;

      жеке учаскелердегі көлік құралдарының қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ететін себу арқылы жиектерді және бермдерді себу, кесу және жоспарлау;

      иірім учаскелерді жою;

      опырылған, мүжілген жерлерді және сең шығарындыларын тазалау;

      жиектерді себу және бекіту;

      жеке элементтерін ауыстырумен және жаңа материалдарды пайдалану арқылы жер төсемі, су қайтарғыш, резервтер, бермдер, қорғаныс, бекіту және реттегіш құрылыстарының жеке бұзылуларын түзету;

      көлік құралдарының қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ететін материалдарды қосу немесе қоспау арқылы жиектерді және бермдерді кесу және жоспарлау;

      үйінділердің шайылған жергілікті жерлерін жою, шайылуларды себу;

      жаңа жыраларды қазу;

      қурап қалған ағаштарды тамырландыру және шауып алу;

      арық жүйесін және жем беру лотоктарын жөндеу немесе ауыстыру;

      3) бөлінген белдеулер бойынша:

      су ағысын қамтамасыз ету үшін бөлу жолағын жоспарлау;

      бөлу жолағындағы қоқысты жинау, шығару және пайдаға асыруға беру;

      шабылған материалдарды тиеу, шығару және пайдаға асыруға беру арқылы жол қозғалысының қауіпсіздігіне ықпал ететін ағаштарды, бұталарды, жабайы өсетін бұталарды шабу және тамырымен жұлу;

      бөлінген белдеулерді шабу және шабылған шөптерді, қамыстарды және қурайларды жинау, тиеу, шығару және пайдаға асыруға беру;

      еріген және тасқын суларды жіберуді қамтамасыз ететін материалдарды қосу арқылы бөлу жолағын жоспарлау;

      4) цемент-бетонды жамылғысы бар жүру бөлігі бойынша:

      жүру бөлігін қоқыстан, шаңнан және батпақтан тазарту, бейтаныс заттардан тазалау;

      бетонның үстіңгі қабатын арнайы құрамдармен бекіту;

      жол жабынының үстіңгі қабатын өндеу, қорғаушы қабаттарды және тозу қабаттарын орнату;

      жүру бөлігін белгілеу;

      тігістерді кесу және ойыстарды толтыру;

      ойыстарды бітеу және тігістерді толтыру;

      бетонды шытынату және қабаттандыру;

      отырыңқы жерлерді және шарықшақтарды жою;

      сегменттердің тозған қабаттарын қалпына келтіру, шытынаған және сынған плиталарды жөндеу, қалпына келтіруге жатпайтын плиталарды алмастыру;

      ылғалдың, ауаның, күн радиациясының кіруінен жабындыны тиімді оқшалау үшін жаңартылған сұйықтықты пайдалану, атмосфералық ықпалдың әсерінен бұзылған битумды қалпына келтіру, жамылғының суға төзімділіғін сақтау және қалпына келтіру;

      5) асфальт-бетонды жамылғысы бар жүру бөлігі бойынша:

      жүру бөлігін жуу және қоқыстан, шаңнан және батпақтан тазарту, бейтаныс заттардан тазалау;

      тұтқыр материалдары көп учаскелерді күтіп ұстау;

      жарықшақтарды құю;

      ылғалдың, ауаның, күн радиациясының кіруінен асфальтбетонды жабындыны тиімді оқшалау үшін жаңартылған сұйықтықты пайдалану, атмосфералық ықпалдың әсерінен бұзылған битумды қалпына келтіру, жамылғының суға төзімділіғін сақтау және қалпына келтіру;

      шұңқырларды жою, шарықшақтарды, шұңқырларды, отырыңқы жерлерді бітеу, көше учаскесінің жиектерін тегістеу;

      жүру бөлігін белгілеу;

      апатты-қауіпті учаскелерді бағдарлы тәсілмен жөндеу (иірімдерді жою, негіз және жабындарды жөндеу, шұңқырды жөндеу, жарықтарды бітеу, тегістейтін қабаттарды қондыру, жол жиектерін бекіту, жабындарды үстіртін өңдеу);

      ресайклинг әдісімен учаскелерді жөндеу (иірімді жою, негіз және жабындарды ішінара жөндеу, шұңқырды жөндеу);

      жол жабынының үстіңгі қабатын өндеу, қорғаушы қабаттарды және тозу қабаттарын орнату;

      көшелеріне бағдарлы тәсілмен жөндеу жүргізу кезінде көшелерді күтіп ұстау, сондай-ақ бағдар бойынша анықталған қозғалыс үшін қауіпті ақаулықтарды жою жұмыстары, жергілікті учаскелерде жол төсемінің тегістілігін қалпына келтіруді қамтитын жөндеу жұмыстары кешені, оның ішінде ресайклинг әдісімен жүргізіледі. Жөндеудің бағдарлы тәсілі кезінде жөндеу жұмыстары аралас бағдардың барлық ұзындығында, жергілікті учаскелердегі жол төсемінің маңызды ақаулықтары мен бұзылулары шоғырланған жерлерде орындалады.

      Жұмыстар ақаулық ведомосы негізінде қолданыстағы ережелерге сәйкес ресімделген тиісті ақаулықтары мен атқару сметаларын жою үшін қабылданған жұмыстардың технологиясы бойынша көшелерді күтіп ұстауды жүргізетін жол ұйымдарының күштерімен орындалады;

      6) өтпелі жамылғысы бар жүру бөлігі бойынша:

      төсемді балшықтан тазалау;

      төсемді сумен шаңсыздандыру;

      материалдар қосу арқылы тосемді кескіндеу және нығыздау;

      төсемдерге тас үгінділері мен иленділерді үю, катундарды жинау;

      шағылтасты және қиыршықтасты төсемдердің қапталдарына материалдарды қосу немесе қоспау арқылы қалпына келтіру;

      шағылтасты және қиыршықтасты төсемдердің қапталдарын қалпына келтіру.

      7) топырақты және топырақты жақсартылған төсемі бар жүру бөлігі бойынша:

      материалдарды қосу арқылы пайда болған шұңқырлар, сораптар, басқа тегіссіздіктерді жою үшін төсемді кескіндеу;

      ірі тегіссіздіктер пайда болғанға дейін жүргізілетін тегістеу-профилактикалық іс-шаралары;

      көшелерді хлорлы кальций, битум және басқа материалдармен шаңсыздандыру;

      көшелердің кепкен учаскелерін күтіп-ұстау, уақытша қоршау, ауа науаларын орналастыру және себу, жол төсемі мен жол жамылғысының үстінен су өтуін қамтамасыз ету;

      қиыршықтасты жол жамылғысын тұтқыр және басқа материалдармен шаңсыздандыру;

      8) көшелердің жағдайы және абаттандыру, қозғалысты ұйымдастыру, байланыс, жарықтандыру объектілері бойынша:

      шу жолақтары, шудан қорғау экрандарын салу және жөндеу;

      жол белгілерін, оқшаулайтын, энергия тартатын және темірбетонды қоршауларды, жол буферлерін орнату, бұзылған жерлерді қалпына келтіріп түзету, жол белгілері мен қоршаулардың қалқандарын толық ауыстыру, панноларды, жол жиектерінің тастарын орнату және жөндеу, жолды жайғастыру элементтерін реставрациялау;

      халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары мен мүгедектігі бар адамдарды есепке ала отырып, арнайы символдарды, тактильді, дыбыстық және көзбен шолып көретін жерде көрсеткіштерді орнату, ауыстыру және жөндеу;

      халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтарына және мүгедектігі бар адамдарға арналған бағдаршамды шақыру түймесін орнату, ауыстыру және жөндеу;

      сәулет безендірулері мен абаттандыру элементтерінің жекелеген бұзылуларын және ақаулықтарын жөндеу;

      автопавильондар, дәретханалар, күркелер, жол белгілері, қоршаулар және көшелердің басқа жайғастыру элементтерін жөндеу, сырлау және ақтау, тік және көлденең белгілерді түсіру;

      күркелерді, орындықтарды, дәретханаларды (жарықтандыру және электрмен жабдықтау), бөлінген белдеудің шегінде халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары мен мүгедектігі бар адамдарды есепке ала отырып, жаяу жүргіншілер жолақтарын және аяқ жолдарын орнату және жөндеу;

      жаңа материалдар қолданбастан өтпелі, топырақты және топырақты жақсартылған төсемдері бар жол сервис объектілерінің мемлекеттік меншіктегі демалыс алаңдары мен кіреберіс көшелерді кескіндеу;

      қоршауларды, сигнал беру бағандарын, белгілерді, қалқандарды үнемі тексеру, бекіткіштерін тарту, қалқандарды түзету, шаң мен балшықтан тазалау, жуу;

      автобус аялдамаларын, дәретханаларды, күркелерді, автопавильондарды кезеңді тексеру, шаңнан, балшықтан және қоқыстан тазалау, жуу;

      жол сервис нысандарын және павильондарын күту, тазалау, жөндеу;

      қозғалысты ұйымдастыру, байланыс және жарықтандыру құралдарын күтіп-ұстау, күту және жарамдылығын қадағалау;

      жүру бөлігін және жиектерді бөтен, жол қозғалысының қауіпсіздігіне қауіп төндіретін заттардан тазалау;

      көшелерді, көпірлерді, жол өткізгіштерді, үңгі көшелерді, көлік айрықтарын, паромдық өткелдерді және басқа жол құрылыстарын электрмен жабдықтау желілерін тазалықта және ретке келтіріп ұстау, істен шыққан шамдарды, шамшырақтарды, сымдарды, кабельдерді, трансформаторларды, жарық тіреулерін және басқа электрмен жабдықтау элементтерін ауыстыру және жаңаларын монтаждау, радио байланысын, ақы алу жүйесін, зияткерлік көлік жүйесін, басқа технологиялық және сигнал беру байланысының басқа құралдарын, кабель желілерін, сондай-ақ, бағдаршам объектілерін, қозғалысты ұйымдастыру құралдарын, олардың қызмет етуі үшін байланыс каналдарын жалға алуды қоса алғанда, қозғалысты диспетчерлік және автоматтандырып басқару құралдарын тазалықта және ретке келтіріп ұстау;

      GPS орнату және пайдалану;

      қозғалысты ұйымдастыру, байланыс және жарықтандыру объектілерінің құралдарын жеке бұзылулардан және ақаулықтардан жөндеу;

      жол желілік телеграфтық немесе радио байланыс және басқа технологиялық және сигнал-шақыру байланысын қалпына келтіру;

      өлшеу құралдарын, жабдықтарды қондыру, жөндеу және күтіп-ұстау, автокөлік құралдарының қозғалысын бақылау және мониторинг үшін бағдарламалық қамтамасыз ету;

      жалпы пайдаланымдағы көшелерді күтіп-ұстау және жөндеуді жүзеге асыратын көлік құралдарының қозғалысын бақылауға арналған навигациялық жүйелерді күтіп-ұстау, орнату және пайдалану;

      жүргіншілер бөлігіне "мысық көз" жол маркерін орнату (қажет болған жағдайда);

      тиісті сертификаттарды, таразы бақылау аркаларының өлшеу құралдарын алумен жыл сайынғы тексеруді жүргізу;

      бақылау посттарын, аркалар мен басқа металлқұрылымдары және/немесе темір-бетон бұйымдарын, ақпараттық (жарықтық диодты) жол белгілері мен өзгеріп тұратын ақпараты бар жеке жобалау табло жабдықтарын орнату және/немесе жөндеу, ауыстыру, оның ішінде оларды жарықтандыру және электрмен жабдықтау, бұл ретте жұмыс көлемдері сметалық құжаттамамен белгіленеді;

      көлік құралдарының қозғалысын бақылау және мониторинг үшін өлшеу құралдарын, жабдықтарды және бағдарламалық қамтамасыз етуді уақтылы жөндеу және жоспарлы алмастыру төлқұжаттағы мәліметтерінің талаптарына сәйкес регламенттелген мерзімде жүргізіледі, соның ішінде:

      дербес жұмыс станциялары, Орталық басқару пунктінің (бұдан әрі - ОБП) ұйымдастыру техникасы және байланыс құралдары;

      жол бойындағы жабдықтар, дербес жұмыс станциялары, ОБП ұйымдастыру техникасы, жабдықты басқару жиынтығы, жергілікті есептеу желісінің қосқыштары;

      жол бойындағы жабдық, байланыс құралдары, серверлік, желілік және ОБП бейне құрал-жабдықтары;

      серверлік жүйелі және бейне құрал-жабдықтары, ал нақты:

      екі серверден тұратын кластер, мәліметтерді сақтаудың дисктік жүйесі, дабыл-шақыру колонкаларының орталық модульдері, орталық шақыру колонкалары диспетчерлерінің консолі;

      жаңа материалдарды қоспау немесе қосу арқылы күрделі, кемелденген, сондай-ақ ауыспалы, топырақты және топырақты жақсартылған төсемі бар жол сервис объектілеріне демалыс алаңдары мен кіреберіс көшелерді салу және/немесе жөндеу;

      қолданыстағы көшеге жол қоршауларын, қолданыстағы көшелердегі аялдама павильондарын орнату, жол сервис павильондарын, кіші архитектуралық пішіндер, тікұшақтарға арналған ұшу-қону алаңдары, демалыс алаңдарын және жол қозғалысы қауіпсіздігінің талаптарын ескере отырып, жүргізушілер мен жолаушылардың пайдалануы үшін жайлылықты қамтамасыз ету мақсатында ауыспалы-жылдамдық жолақтарын салу және қажет болған жағдайда оларды жарықтандыру және электрмен жабдықтау, сонымен бірге жұмыс көлемдері техникалық құжаттамамен белгіленеді;

      сыртқы электрожарықтандыру желілері үшін электроэнергиясына жұмсалатын шығындарды өтеу;

      мал кірмеу үшін қоршауларды орнату, жөндеу және ауыстыру;

      шығу және өтпелікті жөндеу;

      көше учаскелеріндегі қолданыстағы аяқ жолдары мен жаяу жүргіншілер жолдары, сондай-ақ жолүсті өтпелерін жөндеу;

      автокөлік құралдарының қозғалыс жылдамдығын анықтау үшін ақпараттық (жарықтық диодты) жол белгілері мен өзгеріп тұратын ақпараты бар жеке жобалау табло жабдықтарын орнату, жөндеу және ауыстыру, оның ішінде оларды жарықтандыру және электрмен жабдықтау, бұл ретте жұмыс көлемдері сметалық құжаттамамен белгіленеді;

      жарық шағылыстыратын элементтерді орнату және ауыстыру, сондай-ақ оларды балшықтан және қардан тазарту;

      бүйірлі желбағарды орнату және ауыстыру;

      қираған жол учаскелерін қалпына келтіру кезінде уақытша айналма көшелерін салу;

      9) жасанды құрылыстар бойынша:

      жүру бөлігінің жиектас қоршауларына белгі қою;

      тапсырыс берушінің нұсқамасы бойынша жол қауіпсіздігін негізге ала отырып, халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары мен мүгедектігі бар адамдарды есепке ала отырып, сүйеулер мен тосқауыл қоршауларының сатылар мен баспалдақтардың, тұтқалардың, әртүрлі модификациядағы пандустардың, тік және көлбеу орын ауыстыру көтергішінің және лифтілердің зақымдануларын түзету және қондыру;

      көпірлердің металды элементтерінің сүйеу қоршауларының бояу қабатын (бояма) жергілікті қалпына келтіру;

      жүру бөлігінің жиектас қоршауларына белгі қою;

      көшелердің үстіндегі жол өткізгіштерінің маңдай алды арқалықтарының астына тік белгілер қою;

      көшелердің үстіндегі жол өткізгіштерінің тіректеріне тік белгілер қою;

      жинау техникасы өткеннен кейін жаяу жүргіншілер көшелерінің бойындағы жүру бөлігін балшық пен басқа заттардан тазалау;

      қар тазалайтын техника өткеннен кейін жаяу жүргіншілер көшелерінің бойындағы жүру бөлігін қар мен мұздан тазалау;

      су қайтаратын түтіктерді балшықтан, тастардан және қардан тазалау;

      сорғылардан болған деформациялық жіктерінің су қайтаратын науаларын тазалау;

      қабаттарды ашық типті деформациялық жіктерге алмастыруға арналған ойықтарды балшықтан тазалау;

      ашық типті деформациялық жіктердің күрделі құрылыстарының механизмдерін тазалау және майлау;

      жаяу жүргіншілер көшелерін балшықтан, қардан, қоқыстан және бөтен заттардан тазалау;

      суды жіберуге арналған жаяу жүргіншілер көшелеры шығырларындағы терезелерді тазарту;

      көпірдің жаяу жүргіншілер жолы мен жүру бөлігінің арасындағы тосқауыл қоршауларының қисық сызықты білеуінің астындағы кеңістікті балшықтан, қардан және мұздан тазалау;

      сүйеніш, тосқауыл қоршауларын, жол белгілерін кір мен қардан тазалау;

      арқалықтардың үстін кірден, жағылған топырақтан, өсімдіктерден тазалау;

      арқалықтардың тірек тораптарын жуу;

      тірек бөліктерін қардан, кірден тазалау;

      тірек бөліктерінің жұмыс істейтін үстіне графитті құрылыстарды жағу;

      темір тірек бөліктері бекіткіштерінің бұрандамаларын тарту;

      тіректердің бастарын және фермалық алаңдарды қоқыс пен кірден, қар мен мұздан тазалау;

      конустар мен еңіс бекіністерін кірден, шөптен және талдардан тазалау;

      тіректердегі мұзды уату және мұзды кесу;

      сең жүру және тасқын суларды өткізуді ұйымдастыру;

      байқау құралдарын (баспалдақтар, арбашалар) тазалау;

      көпір құрылыстарын ағымдағы және кезеңді тексеру;

      қоқыстарды және кесілген ағаштарды пайдаға асыруға тиеу, шығару және беру арқылы көпір және су өткізу құбырлары аймақтарынан арақашықтығы елу метрге дейін, ағыны бойынша жоғары және төмен бұталы өсімдіктерді жою және ағаштарды шабу, көпір астындағы аймақтарды санитарлық тазалау;

      темір-бетон құбырларының аралықтарын лай мен балшықтан тазалау;

      шағын көпірлер мен құбырлардың аралықтарын күзде жабу және көктемде ашу;

      сел жүруді, тасқын суларды жіберу, көшелер мен құрылыстарды тасқыннан, мұз басудан, орман және дала өрттерінен қорғау бойынша сақтандыру жұмыстары;

      паромдық өткелдер қызметі, реттелетін су өткізгіш құрылымдарының шандорлық бөгеттері, қалқымалы көпірлер, навигациялық жабдықтарды орнату жұмыстары, жағалаудағы судың навигациялық жағдайын қамтамасыз ету, сондай-ақ көпір құрылымдарына жақын учаскелерде түбін тереңдету және тазарту жұмыстары.

      көпірлердің темір элементтерін жергілікті сырлау;

      көпірлердің, жол өткізгіштердің жүру бөлігіндегі төсемді шұңқырлы жөндеу, төсемдегі жарықшақтарды бітеу;

      деформациялық жіктерді ұсақ жөндеу;

      деформациялық жіктерді ескі шайырдан алдын ала тазалау арқылы шайыр құю;

      деформациялық жіктердің аймағындағы немесе жіктердің алдындағы төсемді алмастыру;

      жаяу жүргіншілердің асфальт-бетон төсемдеріндегі жарықшақтар мен еңістерді бітеу;

      жаяу жүргіншілердің цемент-бетон төсемдеріндегі жарықшақтар мен еңістерді бітеу;

      үйінділердің шайылған жергілікті жерлерін және реттеу құрылыстарын жою;

      үйіндісі бар көпірлердің жанасқан жерлеріндегі шайылуларды себу, осы жерлердегі суды бір уақытта жою;

      тіректердегі шайылу шұңқырларын бітеу;

      құбырлардың гидро оқшаулануын жөндеу және олардың буындары мен бөлiктерi арасындағы жiктердi бiтеу;

      көпірлердің, жол өткізгіштердің жүру бөлігіндегі төсемді шұңқырлы жөндеу, төсемдегі жарықшақтарды бітеу;

      құбырлардың жеке буындарын, бастарын жиектердін қанаттарын, арнаның шығыс және кіріс бекінісін жөндеу және алмастыру және құбырдың науасын түзету, нобайланған тасты қалпына келтіру;

      ағаш көпірлердегі төсемдерін, тақтайларды ауыстыру, элементтерді шірігеннен тазалау;

      болаттан жасалған элементтері бар ақаулық жіктердің бөлшектерін жекелеп алмастыру;

      жерүсті және жерасты жаяу жүргіншілер өтпесін тазалау;

      жерүсті және жерасты жаяу жүргіншілер өтпесінің тіке және қиғаш көтергіш құралдарын тазалау және жөндеу;

      тоннельдің жеке конструкцияларында пайда болған ақауларды жедел жою;

      тоннель конструкцияларының элементтерін шаңнан және кірден тазалау (жүру бөлігі, аяқ жолдар, бөлгіш қоршаулар, қызметтік өткелдер, камералар, шахталық тіректердің үстіңгі жағы, сервистік штольнилар, су өткізгіш құрылыстары);

      тоннельдердің кірберістеріндегі жиектерін тазалау және күту;

      тоннель конструкциясы элементтерін сырлау және әктеу;

      автомобильдерді және жаяу жүргіншілердің қауіпсіз өтуін қамтамасыз ету (электр жабдықтарға, жарықтандыру және желдету жүйелеріне, өтке қарсы және түтінге қарсы жүйелерге техникалық қызмет көрсету);

      10) ғимараттар, өндіріс базалары, жол зертханалары, жол сервис объектілері және павильондары, пайдалану қызметі мен ақы алу пункттерінің аула алдындағы құрылыстары мен қосалқы құрылыстары бойынша:

      ғимараттарды, өндіріс базаларын, жол зертханаларын, жол сервис объектілерін және павильондарын аула алдындағы құрылыстар мен қосалқы құрылыстарды және ақы алу пункттерін жүйелі түрде күтіп ұстау (шатырларын, суағар құбырларын, науаларын, түтіндіктерін тазалау, су өткізу және канализациялық құрылғыларды тазарту, ішетін және техникалық суды тасу, қоқысты шығару, септиктерді тазарту және басқа жұмыстар), жол қызметі ғимараттарының аулаларын, үй-жайларын және кіреберіс көшелерін тазалықта және ретке келтіріп ұстау, өрттен қорғау, күзет сигнализациясын, күзет қызметін, оның ішінде әскерилендірілген, диспетчерлік қызметті күтіп ұстау, аумақты жарықтандыру, сугазжылуэлектржабдықтары, радио байланысты қамтамасыз ету және оларды жұмыс күйінде күтіп ұстау;

      регламенттелген мерзімде уәкілетті органда зертханалық жабдықтарды тексеру және тиісті сертификатты алу;

      жаңа материалдарды қосу немесе қоспау арқылы күрделі, кемелденген, ауыспалы, топырақты және топырақты жақсартылған төсемі бар жол-жөндеу қызметтерінің ғимараттарына мемлекеттік меншікте тұрған кіреберіс көшелерды жөндеп кескіндеу;

      сылақтарды түзету, қабырғаларды, едендерді, төбелерді, шатырларды, аралықтарды, терезелер, есіктер және сол сияқтыларды сырлау және ақтау, түсқағаздарды жабыстыру және ауыстыру, шыныларды салу және ауыстыру. Жеке элементтерін алмастыру арқылы қалқаларды, қабырғаларды, төбелерді, шатырларды, аралықтарды, терезелер, есіктер, пештер, құдықтар, ұңғымалар, су құбырлары, канализациялық желілер, байланыс желісін, жылумен қамтамасыз ету, желдету, жарықтандыру жүйелерін және электр құрылғыларын алмастыру, зертханалық жабдықтарды алмастыру және жөндеу;

      11) көшелерінің жол жүру үшін төлем ақы алу бағдарламалық-аппараттық кешені, интеллектуалдық көлік жүйелері бойынша:

      кепілдік қызмет көрсету мерзімі аяқталған соң, көшелердің жол жүру үшін төлем ақы алу бағдарламалық-аппараттық кешені, интеллектуалды көлік жүйелерін тозған және шығындық бөліктерін, тетіктерін, элементтері мен тораптарын төлқұжаттық деректерге, талаптарға сәйкес ауыстыру, орнату, жаңарту;

      құрамына дербес жұмыс станциялары, ұйымдастыру техникасы, ОБП жабдықтары, байланыс құралдары, жол бойындағы жабдықтар, жабдықты басқару жиынтығы, жергілікті желінің коммутаторлары, серверлік, желілік және бейне жабдықтар, сондай-ақ дабыл-шақыру колонкаларының орталық модулі, дабыл-шақыру колонкалары диспетчерлерінің консолі кіретін көшелерінің жол жүру үшін төлем ақы алу бағдарламалық-аппараттық кешені, ЗКЖ төлқұжаттағы мәліметтерінің талаптарына сәйкес регламенттелген мерзімде жөндеу және жоспарлы ауыстыру;

      мәліметтерді беру ортасының өткізу қабілетін арттыру үшін байланыс арналарын кеңейту, мәліметтерді берудің резервтік немесе қосымша арналарын ұйымдастыру (талшықты-оптикалық байланыс желілері (бұдан әрі - ТОБЖ), радиорелелік, спутниктік), желінің архитектурасын өзгерту, қосымша виртуалдық арналар құру, желілік жабдықтарды ауыстыру;

      сервердің орнын және/немесе басқа байланыс операторларының гермоаймағындағы бағандарды немесе серверлік үй-жайын жалға алу мен бірге көшелеріның жол жүру үшін төлем ақы алу бағдарламалық-аппараттық кешені, интеллектуалды көлік жүйелері техникалық қызмет көрсету, жабдықтарды тазалау және ауыстыру (істен шыққан) бойынша жоспарлы-профилактикалық жұмыстар:

      ақы алу жүйесіндегі төлемді және шығыстық бөлшектерді бақылауға жауапты жабдықтарды (купюра-монетақабылдағыштар, индукциялық ілмектер, шлагбаумдар, жіктеуіштер, бағдаршам объектілері, қозғалысты ұйымдастыру құралдары, өнеркәсіптік жұмыс станциялары, байланыссыз төлеуге арналған санауыш антенналары мен өзара байланысты құрамдас бөлшектер мен жабдықтар) орнату, жөндеу және ауыстыру;

      ТОБЖ және деректер беру желілерінің жұмыс істеуіне арналған байланыс арналарын жалға алуды қоса алғанда аталған желілерге техникалық қызмет көрсету;

      телекоммуникация желілері, жол жүру үшін төлем ақы алу бағдарламалық-аппараттық кешені мен интеллектуалды көлік жүйелерің басқарудың техникалық кешендерін олардың төлқұжаттағы мәліметтерінің талаптарына сәйкес мерзімінде қалпына келтіру;

      бақылау қақпаларына орнатылған фото/бейне тіркеу жабдықтарын қоса алғанда, жол жүру үшін төлем ақы алу бағдарламалық-аппараттық кешені, ЗКЖ және көшелеріның ақпараттық жүйелерінің жабдықтарын, бағдарламалық қамтамасыз етуді, ақпараттық қауіпсіздікті сертификаттау

      бақылау қақпалары мен металқұрылымдар немесе/және темірбетон бұйымдарын орнату немесе ауыстыру, қажет болған жағдайда оларды жарықтандыру және жол ақысын алудың бағдарламалық-аппараттық кешені, көшелердің зияткерлік көлік жүйелері үшін электрмен жабдықтау, бұл ретте жұмыс көлемі сметалық құжаттамамен айқындалады;

      интеллектуалды көлік жүйелері, жүру үшін ақы алу бағдарламалық-аппарат кешені қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз етуді сүймелдеу;

      интеллектуалды көлік жүйелері, жүру үшін ақы алу бағдарламалық-аппарат кешені лицензиялы бағдарламалық қамтамасыз етуді инсталляциялау, жаңғырту және жаңарту;

      12) қосымша қысқы күтіп ұстау жұмыстарына жататындары:

      көктайғаққа қарсы материалдарды әзірлеу;

      көктайғаққа қарсы материалдарды дайындау;

      қардан қорғану құралдарын (қалқандар, кішкене қоршаулар, шарбақтар және сол сияқтылар) әзірлеу;

      қардан қорғану шарбақтарын, қалқандарды, панельдерін және басқа да қардан қорғану құрылғыларын орнату, бөлшектеу және жөндеу;

      көшелерді патрулдік қардан тазалау, көшелерді қарлы борасындардан аршу, көшелердің жүру бөлігін қарлы жамылғыдан тазалау, жиектерден, еңістерден және резервтерден қарлы дуалдардан жою;

      жол белгілері мен тосқауыл қоршауларын қарлы борасындардан тазалау;

      жүру бөлігін фрикциялық, химиялық және басқа да көк тайғаққа қарсы материалдармен өндеу және оларды кейіннен жүру бөлігінен қажетті уақыттан кейін тазалау;

      автобус аялдамаларын, павильондарды, демалыс алаңдарын және жол қызметі объектілерін қар мен мұздан жүйелі түрде тазалау;

      қар тоқтату үшін көшелеріның бойынан қар борасындары мен орларын құру;

      қар көшкініне қарсы іс-шараларды жүргізу;

      мұз басумен күрес;

      жол-жөндеу қызметі ғимараттарын, жол техникасының тұрақтары мен жылыту пунктерін жылумен қамтамасыз ету;

      тайғақ жамылғысы бар учаскелерде қысқа уақыт әрекет ететін жол белгілерін орнату;

      ауыр ауа-райы жағдайларында жол-жөндеу қызметі жұмысшыларының қатарынан және жол техникасын тәулік бойы күзетуді ұйымдастыру;

      тау баурайында, жартылай ойық және ойық, оның ішінде механикаландырылған амалмен нөлдік орындарды әзірлеу мен кеңейту.

      18. Көшелерін көгалдандыру қарлы және құмды борасындардан, мүжілуден қорғау және сәулеттік-көркемдік безендіру үшін орындалады. Көгалдандыру өндірістік базалардағы орман ағаштарын, жасыл өсімдіктерді, көлік айрықтарындағы гүлзарларды, гүл бақшаларын, көгал алаңдарын күтуді, оларды жасау, қалпына келтіру және сәнді безендіруді құрайды.

      19. Ағаш отырғызуды күтуге келесі жұмыстар жатады:

      жер қыртысын күту (трактормен культиваторлау, қатарлардағы жер қыртысын қопсыту, арам шөптермен химиялық күрес);

      орман жолақтарын жырту;

      шабу;

      жол бойындағы өсімдіктердегі зиянкестермен және аурулармен күресу;

      өндірістік базаларда жаңа өсімдіктер отырғызу, қазіргі жасыл өсімдіктерді суару және күту.

      20. Ағаш отырғызу, қалпына келтіру және сәнді безендіруге келесі жұмыстар жатады:

      ағаш отырғызуға жер қыртысын дайындау, сәнді безендіру және көшеттерді өсіру;

      орман алқаптарын салу және соның ішінде өндіріс базаларын сәнді безендіру;

      орман алқаптарын толықтыру мен салу және сәнді безендіру;

      құдықтарды, ұңғымаларды, суаратын су құбырларын және құрғату орларын салу.

      21. Айрықтардағы гүлзарларды, гүл бақшаларын, көгал алаңдарын және сәнді өсімдіктерді күтуге келесі жұмыстар жатады:

      жер қыртысын дайындау;

      көшеттерді өсіру;

      отырғызу, суару және отау;

      арам шөптерді жинау;

      күзде біржылдық өсімдіктерді жинау.

      22. Өзге жұмыстарға жататындары:

      көшелер мен олардың құрылыстарын күзеттік, оның ішінде мамандандырылған және өрт күзеті;

      көшелердің жай-күйін және жол жүруді анықтау мақсатында көшелерді патрульдеу, ұсақ жұмыстарды орындау (жол белгілерін түзету, жүру бөлігі мен жиектерден жол қозғалысының қауіпсіздігіне қауіп төндіретін бөтен заттарды жинау), көшелерде жараланғандарға алғашқы медициналық көмек көрсету;

      жол бойы жолақтарында уақытша тыйым салынған өсімдіктермен және зиянкестермен химиялық және механикалық күрес.

3. Елді мекендер кошелері мен ондағы құрылыстарды ағымдағы жөндеу

      23. Көшелерді ағымдағы жөндеу - маршруттық тәсілмен орындалатын, бұзылған учаскелерді жөндеу жөніндегі іс-шараларды қоса алғанда, бүкіл жыл бойы жүргізілетін, көшелердегі авариялық жағдайлар, ақаулар туындауының алдын алу, сондай-ақ көшелердегі шұғыл қалпына келтіру және тәртібімен орындалатын жұмыстар кешенін қарастырады.

      Қаржыландыру нормативтеріне сәйкес ағымдағы жөндеуге бөлінген қаржы шегінде ақаулықтар тізбесі бойынша көшелерді тексеру нәтижелері негізінде жоспарланады. Жұмыстарды бағдарлы тәсілмен орындау кезінде жұмыстарды сметалық есептер негізінде орындауға жол беріледі. Мүмкін болатын үдеудің және олардың аса маңызды бұзылуларға айналуының алдын алу мақсатында ағымдағы жөндеу шеңберінде ақаулықтар мен бұзылуларды жою жұмыстарын толығымен орындамауға жол берілмейді.

      24. Көшелер мен ондағы құрылыстарды ағымдағы жөндеу кезінде мынадай жұмыстар орындалады:

      1) жер төсемі және су қайтарғыш бойынша:

      дымқыл және қар борайтын жерлердің жер төсемінің ұзақтығы бойынша учаскелерін көтеру және кеңейту, кішкене иірім учаскелерді жою;

      қолданыстағы су бұрғыш жыраларды тазалау, қоқыс тастайтын жерге қоқыстарды тиеу және шығару, жаңа жыраларды қазу, үйінділер мен қуыстар жиектерінің бұзылуларын түзету және құламаларын азайту, құрғату, қорғау және бекіту құрылғыларын, су бұрғыш құрылғыларды және көпірлер мен құбырлардың бұру арналарын түзету;

      тұрақты шымды жабынды құру бойынша қажетті агротехникалық іс-шараларды жүргізу арқылы жер төсемі мен резервтердің жиектерін шөппен себу, опырылған, мүжілген жерлерді, сең шығарындыларын тазалау;

      жиектерді себу, шабу, жоспарлау және бекіту;

      тал және тасқын суларды жіберуді қамтамасыз ететін материалдарды қосу арқылы бөлу жолағын жоспарлау;

      2) жол жамылғылары бойынша, соның ішінде цемент-бетонды төсемдері бойынша:

      сегменттердің тозған бетін қалпына келтіру, цемент-бетон төсемдері тақталарының сынықтары мен омыруларын жөндеу, қалпына келтіруге жатпайтын бұзылған тақталарды алмастыру, цемент-бетон төсемдерін беттік бұзылулардан қорғау;

      темір-бетон төсемдеріндегі жіктерді жөндеу және толтыру;

      жеке тақталарды көтеру және тегістеу, тақталардың сынықтарын жөндеу, қалпына келтіруге жатпайтын бұзылған тақталарды алмастыру, төсемдерді беттік бұзылулардан қорғау;

      цемент-бетонды жабындардың көлденең және отырыңқы жарықтарын герметизациялау арқылы жөндеу;

      деформациялық тігістердің геометриясын қалпына келтіру және оларды герметизациялау;

      3) жасанды құрылыстар бойынша:

      аяқ жолдарда ақаулық жіктерді алмастыру;

      үйінділері бар жанасқан шеткі аяқ жолдар тақталарын алмастыру;

      болаттан жасалған элементтері бар ақаулық жіктердің бөлшектерін жекелеп алмастыру;

      ақаулық жіктердің астындағы су бұрғыш науаларды қалпына келтіру;

      су бұрғыш түтіктерді жөндеу (түтіктерді өсіру немесе қосымша түтіктерді салу);

      аяқ жолдарына гидрооқшаулаудың жанасқан жерлеріндегі төсемнің жіктерін салу және оларды шайырмен құю;

      әртүрлі модификациядағы тұтқаларды, пандустарды орнату, ауыстыру және жөндеу, тік және көлбеу орын ауыстыру, лифтілер, сатылар және халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары мен мүгедектігі бар адамдарды есепке ала отырып арналған сатылар;

      су бұрғыш түтіктердегі оқшаулануды жөндеу;

      аяқ жолдардың блоктарындағы жеке сынықтар мен жарықшақтарды жою;

      аяқ жолдардың тақталарының сынған жерлерін жою;

      оқшау жерлерді салу немесе аяқ жолдарға асфальт-бетон төсеу;

      жаңа анкерлері бар сүйеніштердің тіректеріндегі бекіткіштердің тораптарын алмастыру;

      көпірлерде жеңіл жөндеу жұмыстарын орындау (төсемелерін, арқалық торларын, жеке тораптарын және элементтерін ауыстыру, жер жамылғысымен жанасқан қалауын түзету және т.б.);

      көпірдің жүру бөлігіндегі төсемді қалпына келтіру немесе алмастыру;

      гидрооқшаулауды жөндеу;

      жаяу жолдарды, сүйеніштерді, жиектастарды жөндеу және алмастыру;

      жарықшақтарды беттік герметизаңиялау, қуыстарды, сынықтарды бітеу, көпірдің темір-бетон элементтерінің қорғау қабатын қалпына келтіру;

      жиектер мен реттеу құрылыстарының шұңқырларын жою;

      аса төзімді бұрандамалардағы тойтармаларды алмастыру;

      қаптау жіктерін сөгу, жарықшақтарға ерітінділерді егу;

      құрылғылардағы жарықшақтарды бiтеу, қаландыларды, сылақтарды жөндеу, тойтармаларды жекелеп алмастыру;

      орлар арқылы өтпелi және көшпелi көпiрлердi ауыстыру және түзету;

      аспалы көпiрлердiң, паромдық өтпелердiң және айлақ құрылғыларын (тығындау, қаптаманы жөндеу, такелажды және соған ұқсастарды түзету);

      өтпелi тақталардың жанасу тораптарын герметизациялау;

      деформациялық жiктердiң ағуын бұрандамаларды тарту арқылы жою;

      сырғанау тақталарының деформациялық жiктерiн дәнекерлеу (олар жұлынып қалған жағдайда), жетiспейтiн серiппелердi орнату;

      деформациялық жiктердiң механизмдерi мен құрылғыларын ұсақ жөндеу;

      құбырлардың гидро оқшаулануын жөндеу және олардың буындары мен бөлiктерi арасындағы жiктердi бiтеу;

      жеке тойтармаларды алмастыру, темiр аралық құрылыстар элементтерiнiң ұсақ ақаулықтарын түзету;

      су өткізгіш құбырларды жөндеу;

      көпірлер мен су өткізгіш құбырларды жөндеу кезінде, қажет болған жағдайда ұзақтығы бір километрден аспайтын айналма жолын салу;

      тоннельдің конструкцияларындағы жеке ақауларды жою (раковиналарды, жарықтарды, ойықтарды, қатпарланған жерін, штукатурканы дұрыстау);

      тоннель гидроизоляциясын түзету (блоктардың қиылыстарын және тюбингтерді жабыстыру);

      4) қозғалыс, байланыс, жарықтандыруды ұйымдастыру объектiлерiне көшелерді салу және жайластыру бойынша:

      жол учаскелеріндегі халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары мен мүгедектігі бар адамдарды есепке ала отырып, қолданыстағы аяқ жолдар мен жаяу жүргіншілер жолдарын, сондай-ақ жол үстіндегі жол өтпелерін жөндеу және жаңаларын салу;

      шығу және кіру көшелерін, жазғы және трактор көшелерін жөндеу;

      сигнализацияны, жол қозғалысын ұйымдастыру (бағдаршамдар, жол белгілері, ақпараттық (жарықтық диодты) жол белгілері мен өзғеріп тұратын ақпараты бар жеке жобалау табло жабдықтары, оның ішінде оларды жарықтандыру және электрмен жабдықтау), байланыс және жарықтандыру объектілерін орнату және/немесе жөндеу, ауыстыру, бұл ретте жұмыс көлемдері сметалық құжаттамамен белгіленеді;

      халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары мен мүгедектігі бар адамдарды есепке ала отырып, арнайы символдарды, тактильді, дыбыстық және көзбен шолып көретін жерде көрсеткіштерді орнату, ауыстыру және жөндеу;

      жеке жобаланған кіші сәулеттік-дизайнерлік пішіндерді орналастыру және орнату;

      қарықтыруға қарсы экрандарды орнату;

      сәндік және (немесе) дизайнерлік жарық және (немесе) көлік айрықтарын жарықтандыру (жол өткізгіштерді) орнату, ауыстыру және жөндеу;

      халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтарына және мүгедектігі бар адамдарға арналған бағдаршамды шақыру түймесін орнату, ауыстыру және жөндеу;

      5) көшелеріның жол жүру үшін төлем ақы алу бағдарламалық-аппараттық кешені, зияткерлік көлік жүйелері бойынша:

      құрамына дербес жұмыс станциялары, ұйымдастыру техникасы, ОБП жабдықтары, байланыс құралдары, жол бойындағы жабдықтар, жабдықты басқару жиынтығы, жергілікті желінің коммутаторлары, серверлік, желілік және бейне жабдықтар, сондай-ақ мәліметтерді сақтаудың дискілік жүйесі, дабыл-шақыру колонкаларының орталық модулі, дабыл-шақыру колонкалары диспетчерлерінің консолі кіретін жол жүру үшін төлем ақы алу бағдарламалық-аппараттық кешені, зияткерлік көлік жүйелері және көшелеріның ақпараттық жүйелерінің жабдықтарын төлқұжаттағы мәліметтердің талаптарына сәйкес регламенттелген мерзімде жөндеу және жоспарлы ауыстыру;

      ақы алу жүйесіндегі төлемді және шығыстық бөлшектерді бақылауға жауапты жабдықтарды (купюра-монетақабылдағыштар, индукциялық ілмектер, шлагбаумдар, жіктеуіштер, бағдаршам объектілері, қозғалысты ұйымдастыру құралдары, өнеркәсіптік жұмыс станциялары, байланыссыз төлеуге арналған санауыш антенналары мен өзара байланысты құрамдас бөлшектер мен жабдықтар) орнату, жөндеу және ауыстыру;

      телекоммуникация желілері, жол жүру үшін төлем ақы алу бағдарламалық-аппараттық кешені мен зияткерлік көлік жүйелерін басқарудың техникалық кешендерін олардың төлқұжаттағы мәліметтерінің талаптарына сәйкес мерзімінде орнату қалпына келтіру және жаңғырту;

      жол жүру үшін төлем ақы алу бағдарламалық-аппараттық кешені, зияткерлік көлік жүйелері және көшелеріның басқа да ақпараттық жүйелері үшін бақылау қақпаларын және басқа да металқұрылымдар және/немесе темірбетон бұйымдарды орнату немесе ауыстыру, қажет болған жағдайда оларды жарықтандыру және электрмен қамтамасыз ету, бұл ретте жұмыс көлемдері сметалық құжаттамамен белгіленеді;

      көшелерінің зияткерлік көлік жүйелері, жүру үшін ақы алу бағдарламалық-аппарат кешені қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз етуді жаңғырту, пысықтау;

      жүру үшін ақы алу бағдарламалық-аппарат кешенінің нысандарына кіру үшін бақылау жүйесін орнату.

      25. Қауіпті ақаулықтарды және елеулі өзгерістерді және жергілікті учаскелердегі жол төсемінің бұзылуларын жою кезінде негiздiң қабаты үшiн алынған материалды кейiннен пайдалану және төсемнiң жаңа қабатын салу арқылы қауiптi ақаулықтар мен бұзылуларды жою мақсатында төсемнiң енi бойынша жергiлiктi жерлердi қайлау немесе ресайкілеу.

4. Елді мекендер көшелері мен ондағы құрылыстарды орташа жөндеу

      26. Орташа жөндеу көшелер мен оның құрылыстарының алғашқы пайдалану сапасын қалпына келтірумен байланысты жұмыстарды кезеңді орындауды көздейді.

      27. Орташа жөндеу кезінде жол жамылғысының тозған қабатын және тегістілігін кезеңді қалпына келтіру, сондай-ақ жер төсемінің, су бұрғыштардың, жасанды, қорғау, бекіту, реттеу және басқа көше құрылыстарының бұзылуларын түзету жүргізіледі.

      Орташа жөндеу бойынша жұмыстар көлемдерін ведомстволық сараптаманы өту арқылы ақаулықтар тізбесінің негізінде жасалған сметалық есептер анықтайды.

      28. Көшелер мен оның құрылыстарын орташа жөндеу кезінде келесі жұмыстар орындалады:

      1) жер төсемі және су бұрғыш бойынша:

      дымқыл және қар борайтын жерлердің жер төсемінің ұзақтығы бойынша учаскелерін көтеру және кеңейту, кішкене иірім учаскелерді жою;

      қолданыстағы су бұрғыш жыраларды тазалау, қоқыс тастайтын жерге қоқыстарды тиеу және шығару, жаңа жыраларды қазу, үйінділер мен қуыстар жиектерінің бұзылуларын түзету және құламаларын азайту, құрғату, қорғау және бекіту құрылғыларын, су бұрғыш құрылғыларды және көпірлер мен құбырлардың бұру арналарын түзету;

      тұрақты шымды жабынды құру бойынша қажетті агротехникалық іс-шараларды жүргізу арқылы жер төсемі мен резервтердің жиектерін шөппен себу, опырылған, мүжілген жерлерді, сең шығарындыларын тазалау;

      жиектерді себу, шабу, жоспарлау және бекіту;

      2) жол жамылғылары бойынша, соның ішінде:

      цемент-бетонды жабындысы бар жабынды көшелер бойынша:

      плиталардың тесіктерін және сынықтарын жөндеу;

      жабындардың бетін тегістеу, отырыңқы жерлерді жою, плиталардың жеке учаскелерін алмастыру;

      цемент-бетонды жабындарда компенсациялық тігістерді орнату;

      цемент-бетонды жабындардың беткі қабатын жөндеу;

      цемент-бетонды жабындарды асфальтбетонды қоспаларды қолдана отырып жөндеу;

      цемент-бетон төсемдерін қалпына келтіруге жатпайтын тозған тақталарын алмастыру, цемент-бетон төсемдеріндегі бойлық және көлденең жыртылған жерлерді ою;

      тозған тақталарды алмастыру, темір-бетон төсемдерінің жеке тақталарын көтеру немесе тегістеу;

      қорғау қабатын салу, үлкен ұзақтықтағы темір-бетон тақталарының және цемент-бетон төсемдерінің жапсарларын жөндеу, жеке учаскелерде асфальт-бетон қабатын салу;

      жол жабынының үстіңгі өңдеу қабатын, соның ішінде жетілдірілген қоспаларды қолдана отырып қабатын орнату;

      асфальт-бетонды және өтпелі жабындары бар көшелер бойынша жұмыстарды жүргізудің жаңа материалдары мен технологияларын қолдану арқылы сыналған учаскелерді салу және оларға мониторинг жүргізу:

      жетілдірілген қоспаларды қолданумен үстіңгі қабатты өндеу;

      жетілдірілген төсемнің тозған жоғарғы қабатын қалпына келтіру және қолданыстағы жол жамылғысын бөлшектеу және қажетті жағдайда қабатты тегістейтін және үстіңгі қабатқа немесе жөнделетін учаскенің барлық ұзындығына тозу қабатына өндеу жүргізу арқылы жеке және иірімді учаскелерде жол жамылғысын салу;

      асфальт-бетон қоспасының қажетті мөлшерін қосу арқылы шорлары, сораптары, жоталары және басқа да өзгерістері мен ақаулары бар жетілдірілген төсемді қалпына келтіру;

      жаңа материалдардың қажетті мөлшерін қосу арқылы және жол жабындарының негізін салу үшін алынған материалдарды, оның үстіне асфальтты-бетон қабатын немесе тозу қабатын төсеу арқылы шорлары, сораптары, жоталары және басқа да өзгерістері мен ақаулары бар жетілдірілген төсемді қайлау және қалпына келтіру;

      жаңа материалдарды және жұмыс өндірісінің технологияларын қолдану арқылы сыналған учаскелерді салу және оларға мониторинг жүргізу;

      шағылтасты және қиыршықтасты төсемдердің қапталдарын, сондай-ақ материалдар қолдану арқылы топырақты жолдарды қалпына келтіру;

      қиыршықтасты және топырақты жолдардың жүру бөлігін тұтқыр және шаңсыздандыратын материалдармен жақсарту;

      вираждарды салу және қозғалыс үшін қауіпті қисық көрінулерді қамтамасыз ету;

      жөнделетін учаскелердің жүру бөлігін белгілеу;

      цементбетонды жабынның құрылғысы немесе асфальтбетонды жабынның ұзындығы бес жүз метрден аспайтын негізгі құрылғысы бар цементбетонды жабынға ауыстыру;

      жолдың техникалық санатын өзгертпей, ұзақтығы он бес километрден аспайтын ұсақтасты және қиыршықтасты жабынды асфальт-бетонды жабынға ауыстыру;

      3) жасанды құрылыстар бойынша:

      су өткізгіш құбырлардың құрылғысы;

      ақаулық жіктердің астындағы су бұрғыш науаларды қалпына келтіру;

      су бұрғыш түтіктерді жөндеу (түтіктерді өсіру немесе қосымша түтіктерді салу);

      аяқ жолына гидрооқшаулаудың жанасқан жерлеріндегі төсемнің жіктерін салу және оларды шайырмен құю;

      су бұрғыш түтіктердегі оқшаулануды жөндеу;

      он сантиметрден асатын отыру кезінде үйінділері бар көпірмен жанасқан тораптарды жөндеу (шағылтасты себу арқылы қосымша төсемнің есебінен тегістеу);

      үйінділері бар жанасқан шеткі аяқ жолдардың тақталарын алмастыру;

      жол жамылғысын қалпына келтіру арқылы ауыспалы тақталардың жеке ығысуын жою;

      тақталарды ашу арқылы оларды жуу кезінде ауыспалы тақталардың астына топырақ себу;

      болаттан жасалған элементтері бар ақаулық жіктердің бөлшектерін жекелеп алмастыру;

      жұмыстар жол жамылғысы деңгейінде орындалған кезде шайырлы және резеңке толтыратындары бар жабық типті ақаулық жіктерді алмастыру;

      аяқ жолдардағы ақаулық жіктерді алмастыру;

      аяқ жолдардың төсемдерін тегістеу, жаңа төсемді салу;

      аяқ жолдардың блоктарындағы жалпақ саңылаулардың шұңқырларын бітеу, аяқ жолдардың алдын қорғау төсемімен өндеу;

      аяқ жолдардың блоктарындағы жеке сынықтар мен жарықшақтарды жою;

      аяқ жолдардың блоктарындағы жапсарларды басу және оқшаулау;

      аяқ жолдарды қалпына келтіру, жеке бұзылған блоктарды күшейту немесе алмастыру;

      аяқ жолдардың тақталарының сынған жерлерін жою;

      оқшау жерлерді салу немесе аяқ жолдарға асфальт-бетон төсеу;

      жеке секцияларды жөндеу, сүйеніштердің жеке тіректерінің анкерлерін күшейту;

      барлық ұзындығында немесе көпір құрылысы ұзындығының бөлігінде сүйеніштерді алмастыру;

      барлық ұзындығында сүйеніштерді сырлау;

      жаңа анкерлері бар сүйеніштердің тіректеріндегі бекіткіштердің тораптарын алмастыру;

      бетон құрылымының барлық үстіңгі бетін (тақталар, қабырғалар, аралықтар және басқа элементтер) гидрофобизациялау немесе сырлау;

      диафрагманың жапсарларын жөндеу;

      көпірлер мен жол өткізгіштерді жартылай қайта жасау немесе жөндеу, сондай-ақ техникалық құжаттамамен бекітілген жөнделетін жол үшін белгіленген техникалық санатқа сәйкес келетін нормаларға габариттері мен есептік салмақтарын жеткізу арқылы су өткізгіш құбырларды толық немесе жартылай қайта құру;

      көпірлерде жеңіл жөндеу жұмыстарын орындау (төсемелерін, арқалық торларын, жеке тораптарын және элементтерін ауыстыру, жер жамылғысымен жанасқан қалауын түзету және т.б.);

      алдын ала-кернеулі темір-бетон және темір аралық құрылыстардың құрылыс көтермесін бақылау;

      көпірдің жүру бөлігіндегі төсемді қалпына келтіру немесе алмастыру;

      аяқ жолдардың блоктарындағы жіктерді басу, аяқ жолдарда төсемдер салу;

      халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары мен мүгедектігі бар адамдарды есепке ала отырып, арнайы символдарды, тактильді, дыбыстық және көзбен шолып көретін жерде көрсеткіштерді орнату, ауыстыру және жөндеу;

      қоршауларды жөндеу немесе қайта жаңарту;

      материалдар мен құрылымдарды алмастыру арқылы ақаулық жіктерді жөндеу;

      гидрооқшаулауды жөндеу;

      аяқ жолдарын, сүйеніштерді, жиектастарды жөндеу және алмастыру;

      көпірдің жүру бөлігіндегі судың бұрылуын жақсарту, су бұрғыш түтіктер мен терезелерді алмастыру;

      темір-бетон құрылымдарының алдыңғы бетін гидрооқшаулауды, басты арқалықтардың бетін сырлау;

      жарықшақтарды беттік герметизациялау, қуыстарды, сынықтарды бітеу, көпірдің темір-бетон элементтерінің қорғау қабатын қалпына келтіру;

      темір аралық құрылыстарды тегіс сырлау;

      арқалықтардың бір-бірімен байланысуын қалпына келтіру;

      құрғатқыш пен су бұрғышты, өтпелі тақталарды алмастыру арқылы көпірдің үйіндімен жанасқан жерін жөндеу;

      жер төсемі және реттеу құрылыстары жиектерінің бекіткіштерін жөндеу;

      жиектер мен реттеу құрылыстарының шұңқырларын жою;

      темір аралық құрылыстардың жеке элементтерін күшейту, алмаспайтын фермалары бар көпірлерде торлардың элементтерін түзету;

      аса төзімді бұрандамалардағы тойтармаларды алмастыру;

      тірек бөліктерінің жобалық қалпын жөндеу және қалпына келтіру;

      тіреу алаңдарындағы ағындыларды жөндеу және қалпына келтіру;

      қаптау жіктерін сөгу, жарықшақтарға ерітінділерді егу;

      аралық құрылыстар мен тіректердің көру құрылғыларын жөндеу және қалпына келтіру;

      тіректерді жөндеу;

      темір-бетон аралық құрылыстардың шығып тұрған жерлеріндегі тірек бөліктерін күшейту;

      құбырлардың жеке буындары мен бастарын алмастыру немесе жөндеу, оқшаулануы мен жапсарларын түзету;

      сүйеу қабырғаларын, бекіту және реттеу құрылыстарын жөндеу, галереялар мен бастырмаларды, сондай-ақ, олардың жеке элементтерін алмастыру;

      көпірлер мен су өткізгіш құбырларды жөндеу кезінде, қажет болған жағдайда ұзындығы бір километрден аспайтын айналма жолдың құрылғысын орындау;

      жерүсті және жерасты жаяу жүргіншілер өтпесінің бөлігін қайта салу немесе жөндеу;

      тоннельдің жарақтарын және гидроизоляциясын қалпына келтіру (тігістерді жабыстыру, қоспаларды жағу, бетонның қорғаныс қабатын қалпына келтіру, оларды тазалау және ашылып қалған арматураларды тозудан сақтау, бетонның әлсіз қабаттарын жою);

      тоннель конструкциясының элементтерін бояу;

      тоннельде жүру бөлігін және аяқ жолдарды қалпына келтіру (жабындардың кішігірім деформациясын және зақымдарын жою, ойықтарды толтыру, тесіктерді, отырып қалған жерлерді, қиғаштарды дұрыстау, деформациялық тігістерді және бордюрлерді қалпына келтіру);

      тоннельде және кіреберістердегі су бұрғыштарды қалпына келтіру;

      тоннельдің кіреберісін және төбесіндегі шайылып кеткен учаскелерді қалпына келтіру;

      инженерлік жүйелердің учаскелерін немесе жеке бөліктерін қалпына келтіру немесе алмастыру (жарықтандыру және желдету жүйелері);

      4) қозғалысты ұйымдастыру, байланыс, жарықтандыру объектілеріне көшелерді салу мен жайластыру бойынша:

      елді мекендер арқылы өтетін жол учаскелеріндегі қолданыстағы аяқ жолдар, жаяу жүргіншілер жолдарын және арық жүйесін жөндеу және жаңасын салу;

      жаңа жеке қоршауларды салу, жөнделетін учаскелерде жаңа жол белгілерін және сілтеме құрылыстарын орнату және ауыстыру (қалпына келтіру), жеке айрықтарды, демалыс алаңдарын, автокөлік тұрақтарын, көрнекті орындарды сәулеттік безендіру және абаттандыруды қоса алғанда, қоршауларды жөндеу;

      қар тоқтатуға негізделген қажеттігіне қарай тұрақты қар тоқтататын дуалдырды салу;

      шығу және кіру көшелерін, жазғы және трактор көшелерін жөндеу;

      сигнализацияны, жол қозғалысын ұйымдастыру (бағдаршамдар, электронды және жол белгілері, ақпараттық таблолар), байланыс және жарықтандыру объектілерін жөндеу және салу;

      тұтқаларды, әртүрлі модификациядағы пандустарды тігінен және көлбеу орын ауыстыра отырып, әртүрлі модификациядағы көтергіштерді, лифтілерді, сатыларды және халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары мен мүгедектігі бар адамдарға арналған баспалдақтарды орнату, ауыстыру және жөндеу;

      халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтарына және мүгедектігі бар адамдарға арналған бағдаршамды шақыру түймесін орнату, ауыстыру және жөндеу;

      көшелердің ақпараттық жүйелерін және кешендерін, жеке жобалау белгілері мен таблоларын, жол қозғалысын диспетчерлік және автоматтық басқару элементтері мен жүйелерін;

      ауыспалы ақпараты бар автономды және дистанциялық басқару белгілері мен таблоларын, бағдаршам объектілерін қалпына келтіру;

      көшелерді (павильондар, тіреу қабырғалары, ақпараттық панно және басқа құрылыстар) салу элементтерін жөндеу;

      өту-жылдамдық жолағы және кіреберіс құрылғысымен автомобильдердің аялдамасы құрылғысымен автотұрағына арналған алаң немесе демалу алаңын (электржарықтардырумен, дәретханамен, қоршаумен, абаттандырумен және басқа орналастырумен.);

      дәретханалардың және жол сервис павильонының құрылғысы, оның ішінде оларды жарықтандыру және электрмен жабдықтау;

      4-1) көшелерінің жол жүру үшін төлем ақы алу бағдарламалық-аппараттық кешені, зияткерлік көлік жүйелері бойынша:

      көшелерінің жол жүру үшін төлем ақы алу бағдарламалық-аппараттық кешені, зияткерлік көлік жүйелері жаңғырту және қайта құру, оған мыналар кіреді:

      сервердің, желілік, коммутациялық және жол жүру үшін төлем жасау, бақылау-өлшеу аспаптарының, мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін анықтау және фото/бейне тіркеу жүйесінің, жұмыс станциялары мен ұйымдастыру техникасы жабдықтарының аппараттық-бағдарламалық бөліктерін орнату, жөндеу, ішінара немесе толық ауыстыру, жаңарту, біріктіру;

      ақпараттық жүйелер мен бағдарламалық қамтамасыз етуді өзара орнату, ішінара немесе толық ауыстыру, жаңарту, толықтыру, интеграциялау;

      лицензиялық бағдарламалық қамтылымды орнату және жаңарту;

      бақылау қақпаларының жабдықтарын орнату және ішінара немесе толық ауыстыру;

      ақпараттық (жарықтық диодты) жол белгілерін және жеке жобалау таблосын орнату, оның ішінде оларды жарықтандыру және электрмен жабдықтау, бұл ретте жұмыс көлемі сметалық құжаттамамен анықталады;

      жол жүру үшін төлем ақы алу бағдарламалық-аппараттық кешенінің объектілеріне қол жеткізуді бақылау жүйесін орнату, жөндеу және ауыстыру;

      көшелерінің ақпараттық жүйелерін енгізу;

      зияткерлік көлік жүйелері, жүру үшін ақы алу бағдарламалық-аппарат кешенінің қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз етуді ауыстыру, дамыту, толық жаңғырту;

      5) көшелердің пайдалану жай-күйін және көлік құралдары қозғалысының қауіпсіздігін қалпына келтіруді қамтамасыз ететін жұмыстардың басқа түрлері.

5. Елді мекендер көшелері мен ондағы құрылыстарды күрделі жөндеу

      29. Көшелерді күрделі жөндеу көшелердің және ондағы құрылыстардың көліктік-пайдалану жай-күйін арттыруға байланысты, атап айтқанда, қолданыстағы жолдың техникалық санатын өзгертусіз жол жамылғысы мен жол құрылыстарының мықтылығының ұлғаюымен кезеңдік жұмыстардың орындауын көздейді.

      30. Күрделі жөндеуге жататын көше учаскелері қызметтің жөндеу аралық мерзімінің негізінде және көше диагностикасының нәтижесінде белгіленеді.

      31. Көшелер мен ондағы құрылыстардың күрделі жөндеуі барлық объектілерге кешенді орындалады , көшелерінің құрамында тұратын, жобалық (жобалық-сметалық) құжаттамаға сәйкес күрделі жөндеуге жіберілетін, мемлекеттік сараптамадан өткен және жобаларды бекіту Ережесіне (техника-экономикалық негіздеме және жобалық-сметалық құжаттама) сәйкес бекітілген, сондай-ақ бюджет қаражаты және мемлекеттік инвестициялардың өзге де нысандары есебінен объектілерді бекітілген.

      32. Күрделі жөндеу кезінде жекелеген көшелерді қалай жоспарда болса, солай қапталды бойында жөнделіп жатқан жол учаскесінің жалпы ұзындығының ұзақтығы жиырма бес пайызға дейін жалпы көшелерді түзетуге рұқсат беріледі.

      33. Көше-пайдалану қызметінің көпірлері мен жол өтпелерін, сондай-ақ ғимараттар мен құрылыстар кешенін қызметтің жөндеу аралық мерзімінің және олардың диагностикалау нәтижелері негізінде күрделі жөндеуге бағытталуына болады.

      Күрделі жөндеу кезінде келесі жұмыстар орындалады:

      1) жер төсемі және су бұрғыш бойынша:

      жер төсемін жөнделетін жол (кеңейту, көтеру, топырақты ауыстыру, көрінуді қамтамасыз ету, дөңгелету радиусын ұлғайту, бойлық еңістерін жұмсарту, тік иіндерін және жалтарыстарын құру) үшін белгіленген техникалық санатқа сәйкес нормаларға дейінгі оның геометриялық параметрлеріне жеткізумен түзету, жекелеген жол учаскелерін жіктеу;

      жер төсемінің нығаюын қамтамасыз ететін шоқталған, шөккінделген және опырылған учаскелерді жою, кәріздерді, оңашаланған қабатшаларын жабдықтау және басқа жұмыстар;

      қолданыстағыны қалпына келтіру және қайта құру, сондай-ақ субұрғыш жабдықтарға қажетті жаңа құрылыстар, жаңалық қорғау және эрозияға қарсы құрылыстар;

      көшелерінің кесіп өту мен жанасуларында жер төсемдері мен субұрғыш жүйесін құру, сондай-ақ автомобильдерге аялдама, тұрақтар үшін алаңды жайластыру бойынша жұмыстарды орындау, оларға өту-жылдамдық жолағы жабдығымен көшелерінің өтетін бөлігінен тысқары демалу алаңын, аялдамалық павильондар мен аялдамалық қалташықтар орнату;

      көшелердің күрделі жөндеу жөніндегі жұмыстар аймағында орналасқан көше учаскелерін жоятын жол бойындағы қорларды қалпына келтіру;

      су тасқыны, сел, нөсерлік және басқа табиғат апаттарын жою;

      су басып кеткен және қар басқан учаскелерде жер жамылғысын көтеру, көшелерінің және ондағы құрылыстардың жарылған, шайылып кеткен және майысқан учаскелерін қайта жабдықтау;

      2) жол жамылғысы бойынша:

      ұзақтығы бес километрден аспайтын жол жамылғысын нығайту (қалыңдату), кеңейту және регенирациялық және қолданыстағы жол жамылғыларын негізі ретінде қолдану арқылы ең жетілдірілген жол жамылғысы түрлерін жабдықтау, сондай-ақ қайта құрылып жатқан (жіктелетін) жол учаскелерінде және тұрғылықты пункттерін айналма және оларға кіреберісте жаңадан жол жамылғысын құру, көліктік айырығы, инженерлік құрылғыда, аяқ жолдарда, өту және велосипед жолында, автобус аялдамасында және аялдау қалташаларында, демалу алаңында және автокөлік тұрағында, сондай-ақ олардың өту-жылдамдық жолағында жол жамылғысын жабдықтау;

      цемент-бетон жамылғысы бойынша:

      ескі цемент-бетон жамылғысының үстіне, оның тұтастығын бұзбастан асфальт-бетон қоспасын нығайту қабатын құру;

      ескі цемент-бетон жамылғысын алдын-ала ұсақтаумен және осындай түрде алынған негіз болатын материалды ұқыптылықпен тығыздаумен ескі цемент-бетон жамылғысының үстіне, оның тұтастығын бұзбастан асфальт-бетон қоспасын нығайту қабатын құру;

      нығайту қоспасын цемент-бетоннан, армобетоннан, фибробетоннан, түрлендірілген цемент-бетоннан жабдықтау;

      шағылтас пен қиыршық тас жамылғысын, сондай-ақ топырақ жолды жаңа материалдарды қосу арқылы түзету, байланыстыратын материалдармен өту бөлігін жақсарту;

      жасанды және табиғи материалдардан жасалған тозған бордюрлерді, жетілдірілген жамылғысымен жиектерге бекітілетін жолақтар, соның ішінде негізгі жол жамылғысының түрі бойынша ауыстыру және жаңасын жабдықтау;

      жол жамылғыларының, жаңа материалдар мен жұмыс өндірісі технологияларының жаңа құрылымын қолдану арқылы сыналған учаскелерді салу және оларға мониторинг жүргізу;

      көтерілетін және төмен түсетін жерлерде апаттық-тежеуіш еңіс алаңдарын орнату;

      3) жасанды құрылыс бойынша:

      көпірлерді, көлік айрықтарын кеңейту мен нығайту арқылы толығымен немесе ішінара, оның ішінде олардың ғабариттерін реттеумен және есептік жүктеменің қабілеттігіне салмақ түсетін жаяу жүретін, су өтетін, салу, қайта салу (жаңа аралықты қоспастан габариттерін кеңейту арқылы көпірді жөндеу);

      өлшемнің кеңеюімен және жаңа арқалықтардың қосылуымен ригельді үлкейту және күшейту;

      габаритті кеңейтумен жаңа аралықты қосумен бір жағынан немесе екі жағынан тіреуішті кеңейту;

      металл көпірінің басты аралығы мен фермі элементтерін дұрыстау және нығайту;

      металл аралық құрылымын ауыстыру;

      көпірдің өтетін бөлігін ауыстыру;

      су өткізу құбырын салу және қайта салу;

      құбырлардың буыны мен ауызғы бетін ауыстыру және нығайту;

      зақымдалған құбырлар сақинасын ауыстыру;

      жаңа сақина мен ауызғы беті есебінен құбырдың ұзындығын өсіру;

      дәнекерленген көпірлерді, паром өткелдерін, темір жол өткізулерін тұрақты көпірлер мен жол өтпелерімен ауыстыру;

      тіреуіш қабырғаларды, қорғаушы нығайтылатын және реттелетін құрылысты құру және қалпына келтіру;

      қайта салынған және жаңадан салынған көпірлерді салу;

      тоннельдердің құрастырушы элементтерін, тау көшелеріндегі қорғау галереясы мен қалқаларын жөндеу және ауыстыру, сондай-ақ уақытша галерея мен қалқаларды тұрақтыларға ауыстыру;

      4) пайдалану қызметінің ғимараттары, қосалқы құрылыстары мен өндірістік базалары бойынша:

      қолданыстағы ғимаратқа қосалқы-көмектесетін және санитариялық-тұрмыстық үй-жайларды жапсарлас салу, сыртқы қабырғалардың шегінде ғимараттың ішін қайта жоспарлау, тұтқаларды, әртүрлі модификациядағы пандустарды, тігінен және көлбеу орын ауыстыра отырып әртүрлі модификациядағы көтергіштерді, лифтілерді, сатыларды және халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары мен мүгедектігі бар адамдарға арналған баспалдақтарды орнату;

      ғимараттың ақаулықтары мен зақымдалуын қырық па дейінгі қабырға мен жамылғы материалдарын ауыстырумен түзету, ағаш фундаменттерді тұрақтыға ауыстыру;

      орталық жылуды, сумен жабдықтауды, газдарды, канализацияны электрмен жарықтандыруды жабдықтау және қолданып жүрген желіге газ құбыры мен байланыс желісін қосу;

      есік алдындағы құрылыстарды (үш машинаға дейінгі гараждарды, құдық қоймаларын, қазылған ұра және басқалары), аулалық дуал мен үй жанындағы абаттандыруды ғимараттың құнынан жиырма бес пайыздан аспайтын бағасымен жабдықтау;

      көше-пайдалану қызметінің желідегі жұмыскерлерін орналастыру үшін одан әрі осындай үйлерді пайдалану мақсатында көшелерді күрделі жөндеу жөніндегі жұмыстарды жүзеге асыратын орындарда уақытшаның орнына тұрақты түрдегі тұрғын үйлерді, уақытша ғимараттар мен құрылыстарды көзделген сметалық соманың шегінде көше жөндеу бойынша жұмыстар үшін қажетті уақытша ғимараттар мен қосалқы құрылыстар (битумды, тас үгітуші, асфальт-бетонды, цемент-бетонды базалар) салу. Пайдалану қызметінің ғимараттар, қосалқы құрылыстар және өндіріс базалары бойынша осы мақсаттарға арналған жыл сайынғы шығындар ағымдағы жылғы көшелеріді күрделі жөндеуге бөлінген жалпы қаражаттың он пайыздан аспауы керек.

      жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін топырақ қорын, жергілікті тас материалдарының кен орындарын және өндірістік кәсіпорындарының шығарындыларын (әкетілетін күл, бокситтік шламдар және басқалары) игеру, оларға кіру көшелерін, энергиямен қамтамасыз етуді, материалдарды қоймалау үшін алаңдарды жабдықтау;

      5) жолдың қозғалысын, байланысын және жарықтандыруды ұйымдастыру объектілері бойынша көшелерді жайластыру мен орналастыру:

      көшелер немесе олардың жекелеген учаскелерін архитектуралық ресімдеу және орналастыру;

      аялдама, отырғызу алаңдары мен автопавильондарды, тұтқаларды, әртүрлі модификациядағы пандустарды, тігінен және көлбеу орын ауыстыра отырып, әртүрлі модификациядағы көтергіштерді лифтілерді, сатыларды халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары мен мүгедектігі бар адамдарға арналған баспалдақтарды орнату, ауыстыру және жөндеу;

      халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтарына және мүгедектігі бар адамдарға арналған бағдаршамды шақыру түймесін орнату, ауыстыру және жөндеу;

      демалу алаңын (күркемен, су көздерін, қарау шұңқырларын немесе жолдағы және басқаша орналастырылған автомобильді профилактикалық байқау үшін эстакадамен, дәретханамен, жол сервис павильонымен), аялдама немесе автомобиль тұрағына арналған алаңды, аялдау қапталдарын оларға өту-жылдамдық жолағын жабдықтаумен (соның ішінде әр түрлі деңгейлерде), сондай-ақ тұрғылықты пункттер шегінде өтетін қауіпсіздік аралында, аяқ жолдарда, жол учаскелеріндегі өту көшелерінде орнату;

      күрделі жөндеу өтіп жатқан учаскелерде тосқауыл шарбағын, бағыттайтын жаңа құрылғы мен жол белгілерін орнату немесе ауыстыру;

      көшелердің бір және әр түрлі деңгейдегі қолданып жүрген кесіп өту мен жанастыруды, сондай-ақ барлық жолдағы немесе оның учаскелеріндегі жекелеген өтпесін, съез бен миражды, линиялық жол қызметі ғимараттарына және жолдың қызмет көрсету кешеніне кіреберісте жаңадан жабдықтау және қайта жабдықтау;

      қолданып жүрген жазғы трактор жолын, жөндеу кезеңіндегі уақытша айналма жол құрылысын жаңадан жабдықтау және қайта жабдықтау немесе табиғат апатынан қираған көше учаскелерін қалпына келтіру;

      желілік (телетайптық) жол құрылысының жекелеген көшелердің учаскелерінде, көпірлерінде және өткізу паромдарында электрмен жарықтандыру немесе радиобайланыс пен технологиялық байланыстың басқа құралдарын жабдықтау;

      көше жұмыстарын оның жекелеген элементтерін, құрылыстарын және оның үстінен өтетін көлік ағынын зерттеу үшін қажетті қар өлшейтін және су өлшейтін посттарының және басқа құрылымының қозғалысын есептеу жөніндегі пункттерді құру және жабдықтау;

      өткізу қабілетін ұлғайту мақсатында жалпы пайдаланымдағы көшелерінде жолақтарды кеңейтуді қоса алғанда, өткізу пунктін жабдықтау және орналастыру;

      қоршаған ортаны қорғау (қазандықта тозаң түту құрылғысын орнату, су көздерін ластанудан қорғау және басқа жұмыстар) бойынша іс-шараларды жүргізу;

      қажетті коммуникациялық жүйелерге қосылу арқылы көлік құралдарының қозғалысын бақылау және мониторингі үшін өлшеу құралдарын, жабдықтар мен бағдарламалық қамтамасыз етуді орнату;

      күзетуді қажет ететін стратегиялық маңызды объектілерде күзет және видео бақылау жүйесін орнату;

      жол жүру үшін төлем ақы алу бағдарламалық-аппараттық кешенін, басқа да ақпараттық жүйесін тиісті жабдықты монтаждау және қажетті коммуникациялық жүйелерге қосылу арқылы көшелердің зияткерлік көлік жүйелерін орнату;

      дәретханаларды (оның ішінде мүгедектігі бар адамдарға, ана мен балаға арналған бөлмелері, себезгі кабиналары бар), жол сервисі павильондарын орнату, оның ішінде оларды жарықтандыру және электрмен жабдықтау.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады