Курчатов қаласы бойынша шетелдіктер немесе шетелдіктің тұруына ақы төлейтін жеке немесе заңды тұлғалар (шақырушы тарап, туроператор) үшін туристік жарна мөлшерлемесін бекіту туралы

Жаңа

Абай облысы Курчатов қалалық мәслихатының 2024 жылғы 21 ақпандағы № 15/89-VIII шешімі. Абай облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 29 ақпанда № 228-18 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 2-10-тармағына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 14 шiлдедегi № 181 "Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу № 33110 болып тіркелген) сәйкес, Курчатов қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Курчатов қаласы бойынша шетелдіктер немесе шетелдіктің тұруына ақы төлейтін жеке немесе заңды тұлғалар (шақырушы тарап, туроператор) үшін хостелдерді, қонақжайларды, жалға берілетін тұрғын үйлерді қоспағанда, туристерді орналастыру орындарында болатын әрбір тәулік үшін алынатын туристік жарна мөлшерлемелері – 0 пайыз көлемінде бекітілсін.

      2. Курчатов қалалық мәслихатының "Курчатов қаласы бойынша шетелдіктер немесе шетелдіктің тұруына ақы төлейтін жеке немесе заңды тұлғалар (шақырушы тарап, туроператор) туристік жарнасын бекіту туралы" 2023 жылғы 30 қарашадағы № 12/71-VIII (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 180-18 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Курчатов қалалық мәслихатының төрайымы
      Г. Хусайнова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады