Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 2-9 тармағына, Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 14-1-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 20 маусымдағы № 417 "Тұрғын үй сертификаттарын беру қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18883 болып тіркелген) сәйкес, Ақсуат аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Ақсуат ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес айқындалсын.
2. Ақсуат ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарын алушылар санаттарының тізбесі осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес анықталсын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Мәслихат төрағасы | |
Ж. Оразгалиев |
Ақсуат аудандық мәслихатының 2024 жылғы 8 сәуірдегі № 14/15-VIII шешіміне 1 қосымша |
Тұрғын үй сертификатының мөлшері
1. Қарыз сомасының 10%, алайда әлеуметтік көмек түрі ретінде 1 500 000 (бір миллион бес жүз мың) теңгеден артық емес.
2. Қарыз сомасының 10%, алайда әлеуметтік қолдау түрі ретінде 1 500 000 (бір миллион бес жүз мың) теңгеден артық емес.
Ақсуат аудандық мәслихатының 2024 жылғы 8 сәуірдегі № 14/15-VIII шешіміне 2 қосымша |
Тұрғын үй сертификаттарын алушылар санатының тізбесі
№ | Атауы |
1 | Кәмелетке толғанға дейiн ата-аналарынан айырылған жиырма тоғыз жасқа толмаған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар |
2 | "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар |
3 | Бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдар |
4 | Мүгедектігі бар балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар |
5 | Ұлы Отан соғысының ардагерлері |
6 | Жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер |
7 | Жасына қарай зейнет демалысына шыққан зейнеткерлер |
8 | Қандастар |
9 | Экологиялық зiлзалалар, табиғи және техногендi сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан тұрғын үйiнен айырылған адамдар |
10 | Мемлекеттiк немесе қоғамдық мiндеттерiн, әскери қызметiн орындау кезiнде, ғарыш кеңістігіне ұшуды дайындау немесе жүзеге асыру кезінде, адам өмiрiн құтқару кезiнде, құқық тәртiбiн қорғау кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасылары |
11 | Толық емес отбасылар |
12 | Басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері |
13 | Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекiтетiн аурулар тiзiмiнде аталған кейбiр созылмалы аурулардың ауыр түрлерiмен ауыратын адамдар |