Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы

Жаңа

Абай облысы Абай ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 5 наурыздағы № 36 қаулысы. Абай облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 10 сәуірде № 253-18 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 18-бабының 2) тармақшасына, 139-бабының 9-тармағына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 2-тармағына сәйкес, Абай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.

      2. "Абай облысы Абай аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулыны Абай облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Абай ауданының әкімдігінің интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Абай ауданының әкімі
      М. Смагулов

 

      "Келісілді"
Абай аудандық
мәслихатының төрағасы М.Нұрсұлтанұлы
Абай ауданы әкімдігінің

  2024 жылғы 5 наурыздағы
№ 36 қаулысына
қосымша

Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі

      1. Басқарушы персонал: арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының басшысы мен оның орынбасары (стационарлық, жартылай стационарлық үлгідегі ұйымдар, үйде қызмет көрсету ұйымдар, уақытша болу ұйымдар, аумақтық және оңалту орталықтары).

      2. Негізгі персонал:әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант, барлық мамандықтағы дәрігерлер, фельдшер, мейіргер, фармацевт, диеталық мейіргер, барлық мамандықтағы мұғалімдер, тәрбиеші, дефектолог, психолог, логопед, әдіскер, әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман, қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер, психоневрологиялық аурулары бар мүгедектігі бар балалар мен 18 жастан асқан мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер, емдік денешынықтыру жөніндегі инструктор, жүзу жөніндегі инструктор, музыкалық жетекші, еңбек терапиясы жөніндегі инструктор, арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау жөніндегі әлеуметтік қызметкер.

      3. Әкімшілік персонал: кітапханашы.

Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі

      1. Басқарушы персонал: мәдениет пен архив ісі саласындағы мемлекеттік мекемесінің және қазыналық кәсіпорнының басшысы мен басшы орынбасары, сектор, бөлім, филиал басшысы.

      2. Негізгі персонал: мамандар, оның ішінде архивист, археограф, экскурсовод, барлық атауы бар әртіс, әдіскер, балетмейстер, кітапханашы, барлық атауы бар суретші, музыкалық жетекші, режиссер.

      3. Әкімшілік персонал: инспектор, мәдени ұйымдастырушы, қор сақтаушысы.

      4. Көмекші персонал: архивариус, мұражай қараушысы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады