Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 2-9-тармағына, Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 14-1-бабының 2-тармағына сәйкес, Абай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Абай ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес айқындалсын.
2. Абай ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарын алушылар санаттарының тізбесі осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес анықталсын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Мәслихат төрағасы | |
М. Нұрсұлтанұлы |
Абай аудандық мәслихатының 2024 жылғы 28 наурыздағы № 14/8-VIII шешіміне 1 қосымша |
Абай ауданы бойынша тұрғын үй сертификатының мөлшері
1. Қарыз сомасының 10%, алайда әлеуметтік көмек түрі ретінде 1 600 000 (бір миллион алты жүз мың) теңгеден артық емес.
2. Қарыз сомасының 10%, алайда әлеуметтік қолдау түрі ретінде 1 600 000 (бір миллион алты жүз мың) теңгеден артық емес.
Абай аудандық мәслихатының 2024 жылғы 28 наурыздағы № 14/8-VIII шешіміне 2 қосымша |
Абай ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарын алушылар санатының тізбесі
Ескерту. 2 қосымша жаңа редакцияда - Абай облысы Абай аудандық мәслихатының 08.10.2024 № 19/6-VIII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
№ | Атауы |
1 | Ұлы Отан соғысының ардагерлері |
2 | Жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер |
3 | Басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері |
4 | Бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдар |
5 | Мүгедектігі бар балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар |
6 | Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекiтетiн аурулар тiзiмiнде аталған кейбiр созылмалы аурулардың ауыр түрлерiмен ауыратын адамдар |
7 | Жасына қарай зейнет демалысына шыққан зейнеткерлер |
8 | Кәмелетке толғанға дейiн ата-аналарынан айырылған жиырма тоғыз жасқа толмаған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар |
9 | Қандастар |
10 | Экологиялық зiлзалалар, табиғи және техногендi сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан тұрғын үйiнен айырылған адамдар |
11 | "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар |
12 | Мемлекеттiк немесе қоғамдық мiндеттерiн, әскери қызметiн орындау кезiнде, ғарыш кеңістігіне ұшуды дайындау немесе жүзеге асыру кезінде, адам өмiрiн құтқару кезiнде, құқық тәртiбiн қорғау кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасылары |
13 | Толық емес отбасылар |