Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 11-бабына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына сәйкес, Аягөз аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Аягөз ауданы және Аягөз қаласы бойынша бағалау аймақтарының шекаралары және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерi осы шешімнің 1, 2 қосымшаларына сәйкес бекітілсін.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аягөз аудандық мәслихат төрағасы | |
А. Ибрайшин |
Аягөз аудандық мәслихатының 2024 жылғы 20 қыркүйектегі № 15/285-VIII шешіміне 1 қосымша |
Аягөз ауданы бойынша бағалау аймақтарының шекаралары және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерi
бағалау аймағының № | Бағалау аймағының шекаралары | Түзету коэффициенті |
I | Мамырсу ауылы, Шыңғожа ауылы, Қаражал ауылы, Ақтоғай кенті | 1,50 |
II | Бозай ауылы, Батпақ ауылы | 1,40 |
III | Майлин ауылы, Ескі Майлин ауылы, Қараул ауылы | 1,30 |
IV | Айғыржал ауылы, Көшкентал ауылы, Акклет ауылы, Биесимас ауылы, Қарағаш ауылы, Сарыарқа ауылы | 1,20 |
V | Ақши ауылы, Дөненбай ауылы, Егізқызыл ауылы, Колкутты ауылы, Қарабұлақ ауылы (Ақшәулі ауылдық округі), Ай ауылы, Толенды ауылы, Ай ауылы, Өркен ауылы, Косагаш ауылы, Баршатас ауылы, Мадениет ауылы, Бидайық ауылы | 1,10 |
VI | Айғыз ауылы, Ақтүбек ауылы, Ақшәулі ауылы, Жыланды ауылы, Коңыртау ауылы, Топар ауылы, Ақбұлақ станциясы, Тарбағатай ауылы, Кенқолат ауылы, Қарабұлақ ауылы (Майлин ауылдық округі), Көксала ауылы, Тарлаулы ауылы, Жүзағаш станциясы, Малтүгел ауылы, Ақтас ауылы, Шағрай ауылы, Сатай ауылы | 1,00 |
VII | Абден ауылы, Орта-Арал ауылы, Ақшоқы ауылы, Ақши ауылы, Таңсық станциясы, Қопа ауылы, Ескене бұлақ ауылы, Қопа ауылы, Борлы ауылы, Бақанас ауылы, Қорық ауылы | 0,90 |
VIII | Желдіқара ауылы, Қарақұм ауылы, Қарасу ауылы, Емельтау ауылы | 0,80 |
IX | Шұбартөс ауылы, Егіндібұлақ ауылы, Байқошқар ауылы | 0,70 |
X | Қайрақты ауылы, Көктал ауылы | 0,60 |
XI | Қарабұлақ ауылы (Косағаш ауылдық округі) | 0,50 |
Аягөз аудандық мәслихатының 2024 жылғы 20 қыркүйектегі № 15/285-VIII шешіміне 2 қосымша |
Аягөз қаласы бойынша бағалау аймақтарының шекаралары және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерi
бағалау аймағының № | Бағалау аймағының шекаралары | Түзету коэффициенті |
I | Қаланың орталық бөлігі: солтүстіктен Ш.Уалиханов көшесімен, оңтүстік-шығыс жақтан Х.Дүйсенов көшесімен, оңтүстік жақтан Ғаббасов көшесінің екі жағымен, одан әрі Нуралинов көшесінен "Алматы-Өскемен" тас жолына дейін, батыс жағынан "Алматы-Өскемен" тас жолы бойымен Қарағанды облысына шығатын тас жолға дейін, ары қарай, бұрынғы май зауыты территориясымен қоса алып, тас жол бойымен "Алматы-Өскемен" тас жолынан 150 метрде орналасқан темір жол тармағынан айналма жолға дейін | 1,6 |
II | Бұрынғы Казсельхозтехника және Трансельхозтехника ауданы, бұрынғы геолог-партиясы территориясы, 9-шы шағын аудан (Солтүстік), бұрынғы магистральдық байланыстар мен теледидардың техникалық торабы ауданы | 1,4 |
III | Батыс бөлігі: бұрынғы "Ет комбинаты" ауданы, "Аудандық пайдалану бөлімі" ауданы | 1,2 |
IV | Оңтүстік бөлігі: 6-шы, 7-ші квартал территориясы | 0,8 |
V | Магистральды теміржол желісінде орналасқан қаланың шығыс бөлігі, "Жаңа ауыл" шағын ауданы, 1,2,3,4,5 квартал, 6 - пункт | 0,7 |
VI | Бұрынғы сыра зауыты ауданы. Солтүстік жағынан Қарағанды облысына шығатын тас жол бойымен, шығыс жағынан "Алматы-Өскемен" тас жолы бойымен, оңтүстік жағынан Аягөз өзені бойымен, батыс жағынан Аягөз қаласы шекарасымен | 1,0 |