Жарма аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Жарма аудандық мәслихатының "Жарма ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшерімен алушылар санатының тізбесін айқындау туралы" 2023 жылғы 28 сәуірдегі № 2/16-VIII шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 78-18 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімінің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
"Жарма ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санатының тізбесін айқындау туралы";
көрсетілген шешімнің 1-қосымшасында "1 500 000 (бір миллион бес жүз мың) теңгеден" деген сөздер "1 600 000 (бір миллион алты жүз мың) теңгеден" деп өзгертілсін;
көрсетілген шешімнің 2-қосымшасында реттік нөмері 3 жолы алынып тасталсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Мәслихат төрағасы | |
М. Оспанбаев |