Ескерту. Шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда – Абай облысы Жарма аудандық мәслихатының 25.04.2024 № 13/243-VIII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 2-9 тармағына, Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 14-1-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 20 маусымдағы № 417 "Тұрғын үй сертификаттарын беру қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18883 болып тіркелген) сәйкес, Жарма аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Жарма ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес айқындалсын.
2. Жарма ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарын алушылар санаттарының тізбесі осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес анықталсын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Мәслихат төрағасы | |
М. Оспанбаев |
Жарма аудандық мәслихатының 2023 жылғы 28 сәуірдегі № 2/16-VIII шешіміне 1 қосымша |
Тұрғын үй сертификатының мөлшері
Ескерту. 1 қосымшаның "1 500 000 (бір миллион бес жүз мың) теңгеден" деген сөздер "1 600 000 (бір миллион алты жүз мың) теңгеден" деген сөздермен ауыстырылды – Абай облысы Жарма аудандық мәслихатының 25.04.2024 № 13 /243-VIII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
1. Қарыз сомасының 10%, алайда әлеуметтік көмек түрі ретінде 1 600 000 (бір миллион алты жүз мың) теңгеден артық емес.
2. Қарыз сомасының 10%, алайда әлеуметтік қолдау түрі ретінде 1 600 000 (бір миллион алты жүз мың) теңгеден артық емес.
шешіміне 2 қосымша |
Тұрғын үй сертификаттарын алушылар санатының тізбесі
Ескерту. 2 қосымша жаңа редакцияда - Абай облысы Жарма аудандық мәслихатының 28.08.2024 № 15/289-VIII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
1) Ұлы Отан соғысының ардагерлері;
2) жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер;
3) басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері;
4) бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдар;
5) мүгедектігі бар балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар;
6) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекiтетiн аурулар тiзiмiнде аталған кейбiр созылмалы аурулардың ауыр түрлерiмен ауыратын адамдар;
7) жасына қарай зейнет демалысына шыққан зейнеткерлер;
8) кәмелетке толғанға дейiн ата-аналарынан айырылған жиырма тоғыз жасқа толмаған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар жатады. Мұндай адамдардың жасы әскери қызметке шақырылған кезде мерзiмдi әскери қызметтен өту мерзiмiне ұзартылады;
9) қандастар;
10) экологиялық зiлзалалар, табиғи және техногендi сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан тұрғын үйiнен айырылған адамдар;
11) "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар;
12) мемлекеттiк немесе қоғамдық мiндеттерiн, әскери қызметiн орындау кезiнде, ғарыш кеңістігіне ұшуды дайындау немесе жүзеге асыру кезінде, адам өмiрiн құтқару кезiнде, құқық тәртiбiн қорғау кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасылары;
13) толық емес отбасылар.