Үржар аудандық мәслихатының 2020 жылғы 24 маусымындағы № 53-656/VI "Үржар ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебiнен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету қағидасы мен мөлшерін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Абай облысы Үржар аудандық мәслихатының 2024 жылғы 4 наурыздағы № 12-240/VIII шешімі. Абай облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 12 наурызда № 232-18 болып тіркелді.

      Үржар аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Үржар аудандық мәслихатының "Үржар ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс  істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебiнен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік  қолдау көрсету қағидасы мен мөлшерін бекіту туралы" 2020 жылғы 24 маусымдағы № 53-656/VI (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7281 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Үржар ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебiнен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету Тәртібі мен мөлшерін бекіту туралы";

      көрсетілген шешімнің 1 тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Үржар ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебiнен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету Тәртібі мен мөлшерін осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес бекітілсін.";

      көрсетілген шешімнің 1 қосымшасының тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Үржар ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебiнен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік  қолдау көрсету Тәртібі мен мөлшері";

      көрсетілген шешімнің 1 қосымшасының 1 тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Тәртіп "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және Үржар ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебiнен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік  қолдау көрсету тәртібі мен мөлшерін айқындайды.".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Үржар аудандық мәслихатының төрағасы
      А. Омаров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады