Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы

Жаңа

Абай облысы Жаңасемей ауданы әкімінің 2024 жылғы 30 қазандағы № 56 қаулысы. Абай облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 31 қазанда № 362-18 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінің 18 - бабының 2) тармақшасына, 139 – бабының 9 - тармағына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі бақсару туралы" Заңының 31 – бабының 2 - тармағына  сәйкес, Жаңасемей ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, азаматтық қызметшілері болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі айқындалсын.

      2. "Абай облысы Жаңасемей ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулыны Абай облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Жаңасемей ауданы әкімдігінің интернет - ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жаңасемей ауданының әкімі
      Р. Базарбаев

  Жаңасемей ауданы әкімдігінің
2024 жылғы 30 қазандағы
№ 56 қаулысына
қосымша

Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі:

      1) комуналдық мемлекеттік мекеменің және коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысы оның ішінде: бөлімдердің, филиалдардың меңгерушілері;

      2) мамандар, оның ішінде: әртістер, кітапханашылар, библиограф, мәдени ұйымдастырушылар, музыкалық жетекшілер, әдіскерлер, хореографтар, суретшілер, баянистер, режиссерлар, көркемдік жетекшілер, бас бухгалтерлар, бухгалтерлар, қоюшы-суретшілер, операторлар, жарық берушілер, үйірме жетекшілері, безендірушілер, дыбыс режиссерлері, бағдарламашылар, домбырашылар, концертмейстерлер, аккомпонияторлар, мәдени жетекшілер.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады