Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "2024 жылға басым дақылдар өндірісін дамытуды субсидиялауға арналған басым дақылдар тізбесін және субсидиялар нормаларын бекіту туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2024 жылғы 3 сәуірдегі № 76 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5189-08 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының 2-қосымшасы осы каулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. "Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулының Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Жамбыл облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Жамбыл облысының әкімі | Е. Карашукеев |
Жамбыл облысы әкімдігінің | |
2024 жылғы "__"_________ | |
№ ___ қаулысына қосымша | |
Жамбыл облыс әкімдігінің | |
2024 жылға "3" сәуірдегі | |
№ 76 қаулысына 2-қосымша |
2024 жылға басым дақылдар өндірісін дамытуды субсидиялауға арналған субсидиялар нормалары
№ | Басым дақылдар атауы |
Өлшем бірлігі | Субсидия нормасы, теңге |
1 | Қант қызылшасы | тонна | 25 000 |
2 |
Қант қызылшасы | тонна | 45 000 |
3 | Дәндік жүгері | тонна | 20 000 |
4 | Майлы дақылдар: | тонна | 20 000 |
- | оның ішінде күнбағыс | тонна | 20 000 |
- | оның ішінде мақсары | тонна | 20 000 |
5 | Өнеркәсіптік жылыжайдағы көкөністер | гектар | 5 000 000 |
6 | Фермерлік жылыжайдағы көкөністер | гектар | 3 000 000 |