Жамбыл облысы Тараз қаласының, Жамбыл және Байзақ аудандарының шекараларын өзгерту және белгілеу туралы

Жаңа

Жамбыл облысы әкімдігінің 2024 жылғы 25 қыркүйектегі № 243 бірлескен қаулысы және Жамбыл облысы мәслихатының 2024 жылғы 25 қыркүйектегі № 17-5 шешімі. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2024 жылғы 24 желтоқсанда № 5252-08 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 108-бабының 3-тармағына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 11-бабының 2) тармақшасына сәйкес, Тараз қаласы, Жамбыл және Байзақ аудандары әкімдіктері мен мәслихаттарының бірлескен ұсыныстары негізінде Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Жамбыл облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Тараз қаласының шекарасына Жамбыл ауданының жалпы көлемі 11 145,5 гектар жер бөлігін, Байзақ ауданының жалпы көлемі 1 761,2014 гектар жер бөлігін қосу жолымен Тараз қаласының шекараларының жалпы көлемі 31 693,7 гектар болып осы бірлескен Жамбыл облысы әкімдігінің қаулысы мен Жамбыл облыстық мәслихатының шешімінің қосымшасына сәйкес өзгертілсін.

      2. Жамбыл ауданының жалпы көлемі 11 145,5 гектар жер бөлігін Тараз қаласының шекарасына беру жолымен Жамбыл ауданының шекараларының жалпы көлемі 412 514,5 гектар болып осы бірлескен Жамбыл облысы әкімдігінің қаулысы мен Жамбыл облыстық мәслихатының шешімінің қосымшасына сәйкес өзгертілсін.

      3. Байзақ ауданының жалпы көлемі 1 761,2014 гектар жер бөлігін Тараз қаласының шекарасына беру жолымен Байзақ ауданының шекараларының жалпы көлемі 444 259,80 гектар болып осы бірлескен Жамбыл облысы әкімдігінің қаулысы мен Жамбыл облыстық мәслихатының шешімінің қосымшасына сәйкес өзгертілсін.

      4. Осы бірлескен Жамбыл облысы әкімдігінің қаулысының және Жамбыл облыстық мәслихаты шешімінің орындалуын бақылау Жамбыл облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы бірлескен Жамбыл облысы әкімдігінің қаулысы мен Жамбыл облыстық мәслихатының шешімі оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жамбыл облысының әкімі Е. Карашукеев
      Жамбыл облыстық мәслихатының төрағасы А. Нуралиев

  Жамбыл облысы әкімдігінің

  2024 жылғы 25 қыркүйектегі № 243 мен
  Жамбыл облыстық мәслихатының
  2024 жылғы 25 қыркүйектегі № 17-5
  бірлескен қаулысы мен шешіміне қосымша

Жамбыл облысы Тараз қаласының шекарасына (шегіне) қосылатын Жамбыл және Байзақ аудандарының жері бөліктерінің экспликациясы

Жерлердің атауы

Жалпы
ауданы
(гектар)

оның ішінде:

ауыл
шаруашылығы
мақсатындағы
жері
(гектар)

елді
мекендердің
жері
(гектар)

өнеркәсiп,
көлiк,
байланыс
жері,
ғарыш
қызметі,
қорғаныс,
ұлттық
қауіпсіздік,
ядролық
қауіпсіздік
аймағы
мұқтажына
арналған
жер
және
ауыл
шаруашылығына
арналмаған
жер
(гектар)

су
қорының
жері
(гектар)

босалқы
жер
(гектар)

орман
қорының
жері
(гектар)

ерекше
қорғалатын
табиғи
аумақ-тардың
жерi,
сауықтыру
мақсатындағы,
рекреациялық
және
тарихи мәдени
мақсаттағы
жер
(гектар)

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

1

Тараз
қаласының
бекітілген
шекарасы
(шегі)

18 787,0

1 912,0453

13 680,9547

3194,00

-

-

-

-

2

Жамбыл
ауданының
бекітілген
шекарасы
(шегі)

423 660,00

233 944,00

26 204,00

7 918,00

532,00

29
254,00

124
852,00

956,00

3

Тараз
қаласының
шекарасына
(шегіне)
қосылатын
Жамбыл
ауданы
Жамбыл,
Қаратөбе,
Гродеково,
Қарой,
Бесағаш,
Полатқосшы,
Ақбұлым
ауылдық
округтерінің
жерлерінен
жер көлемі

11 145,5

5 734,2

3 180,8235

128,6956

163,9925

1937,
7574

-

-

4

Байзақ
ауданының
бекітілген
шекарасы
(шегі)

446 021,00

158 263,00

24123,00

2 241,00

325,00

40
477,00

220
592,00

-

5

Тараз
қаласының
шекарасына
(шегіне)
қосылатын
Байзақ
ауданы
Қостөбе,
Ботамойнақ,
Қызылжұлдыз,
Бурыл
ауылдық
округтерінің
жерлерінен
жер көлемі

1 761,2014

796,203

806,5227

46,6243

21,7288

90,1226

-

-

6

Тараз
қаласының
шекарасы
(шегі)

31 693,7

8 442,4483

17 668,3009

3 369,3199

185,72

2027,88

-

-

7

Жамбыл
ауданының
шекарасы
(шегі)

412 514,5

228 209,8

23 023,1765

7789,3044

368,0075

27
316,2426

124
852,00

956,00

8

Байзақ
ауданының
шекарасы
(шегі)

444 259,80

157 466,80

23 316,48

2194,38

303,27

40
386,88

220
592,00

-


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады