"Байзақ ауданында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы" Байзақ аудандық мәслихатының 2014 жылғы 16 мамырдағы №30-2 шешімінің күшін жою туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Байзақ аудандық мәслихатының 2024 жылғы 26 ақпандағы № 18-5 шешімі. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2024 жылғы 29 ақпанда № 5157-08 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабына және "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Байзақ аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Байзақ ауданында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы" Байзақ аудандық мәслихатының 2014 жылғы 16 мамырдағы №30-2 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №2240 болып тіркелген) шешімінің күші жойылсын.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Байзақ аудандық
      мәслихат төрағасы Б. Акбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады