Жуалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Жуалы аудандық мәслихатының 2024 жылғы 18 наурыздағы № 18-7 "Жуалы ауданы бойынша аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5179-08 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
"Жуалы ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы";
шешімінің 1-тармағы келесі редакцияда жазылсын:
"1. Жуалы ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі осы шешімнің қосымшасына сәйкес айқындалсын.";
көрсетілген шешімге қосымшаның атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"Жуалы ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі";
көрсетілген шешімнің қосымшасында:
1-тармағының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Жуалы ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі (бұдан әрі - Тәртіп) "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және "Тұрғын үй көмегін беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 117 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33763 болып тіркелген) сәйкес әзірленді.";
3-тармақтың орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
4 -тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Көрсетілетін қызметті алушылардың жиынтық табысына шекті жол берілетін шығыстар деңгейі 5 (бес) пайыз мөлшерінде айқындалды.";
5-тармақтың 1) тармақшасының екінші абзацының орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
5-тармақтың 1) тармақшасының үшінші абзацының орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
5-тармақтың 1) тармақшасының бесінші абзацының қазақ тіліндегі мәтінінде "тұлға ретінде тіркелгені" деген сөздер "адам ретінде тіркелуі" деген сөздермен ауыстырылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді;
5-тармақтың 1) тармақшасының тоғызыншы абзацының қазақ тіліндегі мәтінінде "тұтынуға арналған шоттары" деген сөздер "тұтыну шоттары" деген сөздермен ауыстырылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді;
5-тармақтың 2) тармақшасының бірінші абзацына қазақ тіліндегі мәтінінде "2) Порталға:" деген сөз "2) "электрондық үкіметтің" веб-порталына:" деген сөздермен ауыстырылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді;
5-тармақтың 2) тармақшасының екінші абзацының қазақ тіліндегі мәтінінде "электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған" деген сөздер "ЭЦҚ-сымен куәландырылған" деген сөздермен ауыстырылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді;
5-тармақтың 2) тармақшасының бесінші абзацының қазақ тіліндегі мәтінінде "алимент" деген сөз "алименттер" деген сөзбен ауыстырылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді;
5-тармақтың 2) тармақшасының алтыншы абзацының қазақ тіліндегі мәтінінде "шотыың" деген сөз "шотының" деген сөзбен ауыстырылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді;
7-тармақтың 4) тармақшасының екінші абзацының қазақ тіліндегі мәтінінде "сегіз" деген сөз "8 (сегіз)" деген сөзбен ауыстырылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді;
8- тармақтың бесінші абзацы қазақ тіліндегі мәтіні алып тасталсын;
10-тармаққа орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
11-тармаққа орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді.
2. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жуалы аудандық мәслихатының төрағасы | З. Бурлибаев |