"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабына сәйкес, Меркі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Меркі ауданында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің Қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы" Меркі аудандық мәслихатының 2014 жылғы 24 маусымдағы №30-7 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілер тіркеу тізілімінде №2286 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. "Меркі аудандық мәслихат аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешім оны ресми жарияланғаннан кейін Меркі аудандық мәслихатының интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Меркі аудандық мәслихат аппаратының басшысына жүктелсін.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Меркі аудандық | |
мәслихат төрағасы | М. Кокрекбаев |