"Меркі ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" Жамбыл облысы Меркі аудандық мәслихатының 2023 жылғы 1 желтоқсандағы № 13-2 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Меркі аудандық мәслихатының 2024 жылғы 22 қазандағы № 31-4 шешімі. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2024 жылғы 31 қазанда № 5239-08 болып тіркелді

      Меркі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Жамбыл облысы Меркі аудандық мәслихатының "Меркі ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" 2023 жылғы 1 желтоқсандағы № 13-2 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5125 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Меркі ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларында:

      2 тармақтың 1) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:

      1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және олардың нәтижелерін көрсетілетін қызметті алушыға беру жөніндегі жұмысты "бір терезе" қағидаты бойынша ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;

      5 тармақтың жиырма бірінші абзацы келесі редакцияда жазылсын:

      бейбiт уақытта әскери қызметiн өткеру кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшiлердiң отбасыларына - 50000 (елу мың) теңге мөлшерінен кем емес;

      5 тармақтың отыз бесінші абзацы келесі редакцияда жазылсын:

      1986 – 1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтарға тiкелей қатысқан адамдарға және 1949 жылдан 1991 жылға дейінгі аралықта Семей ядролық сынақ полигонында өткізілген ядролық сынақ салдарынан жеңілдікті әлеуметтік – экономикалық мәртебесі бар аумақта тұрған, жұмыс істеген немесе бұрынғы ядролық сынақтардың әсеріне ұшыраған әскери қызмет (соның ішінде мерзімді) атқарған азаматтарға - 150000 (бір жүз елу мың) теңге мөлшерінен кем емес;

      5 тармақтың қырықыншы абзацының қазақ тіліндегі мәтінінде "1993 жылғы 14 сәуірдегі" деген сөздері алып тасталынсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді.

      7 тармақтың 2) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:

      2) онкологиялық қатерлі ісік аурулары бар науқастарға стационар жағдайында арнайы емделуден өткені туралы берілген дәрігерлік қорытынды негізінде ең төменгі күнкөріс деңгейінің үш еселік мөлшерінен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табысы есепке алынып, жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      7 тармақтың 5) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:

      5) санаторийлік–курорттық емделуге әлеуметтік көмек, Ұлы отан соғысының ардагерлеріне, жеңілдіктер бойынша Ұлы отан соғысының ардагерлеріне теңестірілгендерге, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне және еңбек ардагерлеріне табыстарын есепке алмай, жылына бір рет, Қазақстан Республикасының аумағында санаторий-курорттық емделуге жұмсалған шығынның 45 (қырық бес) айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерінде көрсетіледі.

      Жасына қарай зейнет демалысына шыққан зейнеткерлерге жылына бір рет Қазақстан Республикасының аумағында санаторийлік-курорттық емделуге жұмсалған шығындарды өтеу үшін жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 3 (үш еселенген) деңгейінен аспайтын, санаторий-курорттық емделуге жұмсалған шығынның 45 (қырық бес) айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерінде көрсетіледі.

      Ұлы отан соғысының ардагерлеріне, жеңілдіктер бойынша Ұлы отан соғысының ардагерлеріне теңестірілгендерге, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне, еңбек ардагерлеріне және жасына қарай зейнет демалысына шыққан зейнеткерлерге санаторийлік-курорттық емделуге жұмсалған шығындарды растайтын құжаттарды (санаторийлік-курорттық емдеу мекемесінен шот-фактура, фискалды түбіртек, атқарылған жұмыстардың актісі) ұсынған жағдайда ақшалай түрде немесе заттай нысанда (мемлекеттік сатып алу заңнамасына сәйкес анықталған санаторий-курорттық мекемелерге жолдамасы), жол шығыны төлемінсіз көрсетіледі.

      Мүгедектігі бар адамды абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес әлеуметтік қызметтер порталы арқылы таңдаған санаторий-курорттық емделуге барған бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдардың жанына ілесіп жүретін адамдардың біріне, отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы ең төмен күнкөріс деңгейінің 3 (үш еселенген) мөлшерінен аспаған жағдайда, жылына бір рет санаторий-курорттық емдеу құнын өтеу ретінде берілетін кепілдік берілген соманың 70% (жетпіс пайызы) мөлшерінде көрсетіледі. Ілесіп жүрушінің жол жүру шығыстарын төлеу ілесіп жүрушінің жеке қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

      Әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші уәкілетті органға жүгінеді және Үлгілік қағидалардың 12-тармағында көзделген құжаттар тізбесіне қосымша, санаторий-курорттық емделуде болған шығыстарды растайтын құжаттар (санаторий-курорттық емдеу мекемесінен шот-фактура, фискалды түбіртек, атқарылған жұмыстар актісі) қоса беріледі. Біржолғы әлеуметтік көмекке жүгіну мерзімі, жағдай туындаған күннен бастап 3 (үш) айдан кешіктірілмей жасалады.

      7 тармақтың 6) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:

      6) әлеуметтік мәні бар аурулармен ауыратын адамдар әлеуметтік көмек тағайындауға жүгінген күннің алдындағы 12 (он екі) ай ішінде әлеуметтік мәні бар ауруына байланысты амбулаториялық ем қабылдағанын растайтын құжатын ұсынған жағдайда отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы 1 (бір еселенген) ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспайтын жағдайда, жылына бір рет 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      7 тармақтың 8) тармақшасының бірінші абзацына "7-1" деген тармақ енгізілсін және келесі редакцияда жазылсын:

      7-1. Тоқсан сайынғы әлеуметтік көмек көрсетіледі:

      адамның вирустық иммун тапшылығын (АИТВ) жұқтырған және диспансерлік есепте тұрған азаматтарға әлеуметтік көмек отбасының табысын есепке алмай тоқсан сайын 25 (жиырма бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.

      7 тармақтың 8) тармақшасының үшінші абзацына "7-2" деген тармақ енгізілсін және келесі редакцияда жазылсын:

      7-2. Ай сайынғы әлеуметтік көмек көрсетіледі:

      1) туберкулезбен ауыратын және амбулаториялық емдеудегі адамдарға, балалардың ата-аналарына немесе заңды өкілдеріне әлеуметтік көмек отбасының табысын есепке алмай ай сайын он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      2) адамның вирустық иммун тапшылығын (АИТВ) жұқтырған және диспансерлік есепте тұрған балалардың немесе АИТВ-мен ауыратын балалардың ата-аналарына немесе заңды өкілдеріне әлеуметтік көмек отбасының табысын есепке алмай ай сайын 20 (жиырма) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.

      2. "Меркі аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Жамбыл облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Меркі аудандық мәслихаты интернет-ресурста орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және оның алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Меркі аудандық мәслихат төрағасы М. Кокрекбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады