"Мойынқұм ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу мөлшерін және тәртібін айқындау туралы" Мойынқұм аудандық мәслихатының 2020 жылғы 28 тамыздағы № 64-5 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Мойынқұм аудандық мәслихатының 2024 жылғы 6 мамырдағы № 19-10 шешімі. Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 13 мамырда № 5204-08 болып тіркелді

      Мойынқұм ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Мойынқұм ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу мөлшерін және тәртібін айқындау туралы" Мойынқұм аудандық мәслихатының 2020 жылғы 28 тамыздағы № 64-5 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тізілімінде № 4741 болып тіркелген) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін;

      көрсетілген шешімнің қосымшасындағы 7-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "7. Оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу мөлшері әр мүгедектігі бар балаға оқу кезеңінде тоқсанына бір рет алты айлық есептік көрсеткішке тең.".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Мойынқұм аудандық мәслихатының төрағасы Н. Саурыков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады