Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына сәйкес, Т.Рысқұлов аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Т.Рысқұлов ауданында бөлек жергіліктіқоғамдастық жиындарын өткізудің Қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы"Т.Рысқұлов аудандық мәслихатының 2014 жылғы 17шілдедегі №25-11 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №2278 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Мәслихат төрағасы | Е. Абуталипов |