"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 12 бабының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 108 бабының 5 тармағына сәйкес, Т.Рысқұлов ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Т.Рысқұлов аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Т.Рысқұлов ауданының Қарақыстақ ауылдық округіне қарасты Тасшолақ елді мекенінің шекарасы (шегі) қоса беріліп отырған жерге орналастыру жобаларына сәйкес белгіленсін және өзгертілсін:
1) Қарақыстақ ауылдық округіне қарасты "Қарақыстақ" жер қорынан және шаруашылық субъектілерінің жерінен жалпы ауданы 45,6671 гектар жер учаскелері Қарақыстақ ауылдық округі Тасшолақ елді мекенінің шегіне енгізіле отырып, Тасшолақ елді мекенінің жаңа шекарасы (шегі) жалпы ауданы 109,3871 гектар болып белгіленсін және өзгертілсін.
2. "Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі жер есебі құжаттарына қажетті өзгерістер енгізсін. 3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың экономика, қаржы, бюджет, салық және жергілікті өзін-өзі басқару жөніндегі тұрақты комиссиясына және аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бірлескен қаулы мен шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Т.Рысқұлов ауданының уақытша міндетін атқарушы | Е. Еспенов |
Мәслихат төрағасы | Е. Абуталипов |
Т.Рысқұлов ауданы әкімінің аппараты | |
2024 жылғы 23 қазандағы № 332 мен | |
Т.Рысқұлов аудандық Мәслихат аппараты | |
2024 жылғы 1 қарашадағы № 26-6 | |
бірлескен қаулысы мен шешіміне қосымша |
Қарақыстақ ауылдық округінің Тасшолақ ауылының шекараларын белгілеу бойынша жер учаскелерінің түсіндірмесі
№ | Шекараларда белгіленген жер учаскелері | Жалпы ауданы, гектар | Егістік, гектар | ||||||||
Бар | |||||||||||
1 | Қарақыстақ ауылдық округінің Тасшолақ ауылының жерлері | 109,3871 | 41,7155 | 0 | 4,0 | 0 | 39,3871 | 0 | 18,2845 | 6,0 | |
2 | Оның ішінде елді мекен жерлері | 6,0 | 0 | 0 | 0 | 0 | 0 | 0 | 0 | 0 | 6,0 |