Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Кодексінің 509 бабының 5 тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7 – бабына және "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27 бабына сәйкес, Талас аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін арттыру туралы" Талас аудандық мәслихатының 2018 жылғы 23 қарашадағы №43-3 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3989 болып тіркелген) шешімінің күші жойылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Талас аудандық | |
мәслихатының төрағасы | К. Садубаев |