Шу аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Шу ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" Шу аудандық мәслихатының 2023 жылғы 25 желтоқсандағы № 14-4 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5141 болып тіркелген) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін.
көрсетілген шешіммен бекітілген Шу ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларында:
2 - тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорациясы) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және олардың нәтижелерін көрсетілетін қызметті алушыға "бір терезе" қағидаты бойынша беру, электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты ұйымдастыру үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;".
6 - тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"6) туберкулезбен ауыратын және амбулаториялық емдеудегі адамдарға әлеуметтік көмек отбасының жан басына шаққандағы табысы 3 (үш еселенген) ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспайтын жағдайда ай сайын 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;".
6 - тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"7) адамның вирустық иммун тапшылығын (АИТВ) жұқтырған және диспансерлік есепте тұрған балалардың немесе АИТВ-мен ауыратын балалардың ата-аналарына немесе заңды өкілдеріне әлеуметтік көмек отбасының жан басына шаққандағы табысы 3 (үш еселенген) ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспайтын жағдайда ай сайын 30 (отыз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;".
6 - тармақтың 8) тармақшасы алып тасталсын;
7 - тармақтың 5) тармақшасы алып тасталсын;
7 - тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) онкологиялық қатерлі ісік аурулары бар адамдарға стационар жағдайында арнайы емделуден өткені туралы берілген дәрігерлік қорытынды негізінде ең төменгі күнкөріс деңгейінің 5 (бес еселік) мөлшерінен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табысы есепке алынып, 25 (жиырма бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде";".
7 - тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) Санаторийлік – курорттық емделуге әлеуметтік көмек, Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілгендерге, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне, еңбек ардагерлеріне және жасына қарай зейнет демалысына шыққан зейнеткерлерге табыс көзін есепке алмағанда Қазақстан Республикасы аймағында санаторий-курорттық емделуге шығындарды өтеу үшін жылына бір рет 45 (қырық бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетіледі;".
7 - тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"7) Санаторийлік – курорттық емделуге абилитация мен оңалтудың жеке бағдарламасы бар және әлеуметтік қызметтер порталы арқылы санаторий-курорттық емделуге жолдаманы таңдаған бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдардың жолдама құнын өздерінің ілесіп жүретін адамдарының біріне өтеуге құқығы бар;
Жергілікті атқарушы органдар, ілесіп жүретін адамның біреуінің санаторийлік-курорттық ұйымында болу құнын халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган айқындайтын санаторийлік-курорттық емдеу құнын өтеу ретінде ұсынылатын кепілдік берілген соманың 70% (жетпіс пайызы) мөлшелерінде өтейді.
Әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші уәкілетті органға жүгінеді және Үлгілік қағидалардың 12-тармағында көзделген құжаттар тізбесіне қосымша, бірінші топтағы мүгедектігі бар адамды санаторийлік-курорттық емделуге алып жүруге байланысты болған шығыстарды растайтын құжаттар қоса беріледі.
Ілесіп жүрушінің жол жүру шығыстарын төлеу, ілесіп жүрушінің жеке қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Біржолғы көмекке жүгіну мерзімі, жағдай туындаған күннен бастап 3 (үш) айдан кешіктірілмей жасалады.".
15 - тармақ мынадай редакцияда толықтырылсын:
"15. Әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші уәкілетті органға жүгінеді және Үлгілік қағидалардың 12- тармағында қосымша құжаттарды ұсынады.".
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени саланы, денсаулық сақтау, білім, қоғамдық және жастар ұйымдарымен байланысты дамыту, қоғамдық құқықтық тәртіпті сақтау, әкімшілік-аумақтық құрылымды жетілдіру жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және оның алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Шу ауданының мәслихат төрағасы | Ж. Абенов |