Ұлытау облысының елді мекендерінің көшелерін күтіп-ұстау, ағымдағы, орташа және күрделі жөндеу кезінде орындалатын жұмыстар түрлерінің сыныптамасын бекіту туралы

Жаңа

Ұлытау облысы әкімдігінің 2024 жылғы 16 мамырдағы № 28/01 қаулысы. Ұлытау облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 23 мамырда № 121-20 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасы "Автомобиль жолдары туралы" Заңының 13-бабы 1-1 тармағының 6-8) тармақшасына сәйкес, Ұлытау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ұлытау облысы елді мекендерінің көшелерін күтіп-ұстау, ағымдағы, орташа және күрделі жөндеу кезінде орындалатын жұмыстар түрлерінің сыныптамасы осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. "Ұлытау облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын қажетті іс-шараларды қабылдасын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ұлытау облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Әкім Б. Әбдіғалиұлы

  Ұлытау облысы әкімдігінің
2024 жылғы 16 мамырдағы
№ 28/01
Қаулысына қосымша

Ұлытау облысының елді мекендерінің көшелерін күтіп-ұстау, ағымдағы, орташа және күрделі жөндеу кезінде орындалатын жұмыстар түрлерінің сыныптамасы

1 тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Ұлытау облысының елді мекендерінің көшелерін күтіп-ұстау, ағымдағы, орташа және күрделі жөндеу кезінде орындалатын жұмыстар түрлерінің сыныптамасы (бұдан әрі- Сыныптама) Ұлытау облысының елді мекендерінің көшелерін күтіп ұстау, ағымдағы, орташа және күрделі жөндеу кезінде орындалатын жұмыс түрлерін анықтайды.

      2. Сыныптама жол-жөндеу жұмыстарының көлемдерін негіздеу және оларды орындау үшін республикалық және жергілікті бюджеттерден бөлінетін қаржы қаражаттарын есептеу үшін қолданылады.

      3. Елді мекендер көшелерінің (бұдан әрі - ЕМК) әр нысаны немесе оның учаскесі бойынша жөндеудің қажетті түрі, жұмыстарының құрамы және көлемдері ақаулықтар ведомостерін рәсімдей отырып, автомобиль жолын басқарушы тағайындаған комиссия тарапынан ЕМК көзбен қарау (зерттеу) нәтижелері бойынша анықталады.

      4. ЕМК пайдалану барысындағы жіктелетін жұмыстар құрылыс, жөндеу, күтіп ұстау саласында осы жұмыстар үшін қолданыстағы нормативті-техникалық құжаттардың талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

      5. Осы Сыныптамада келесі анықтамалар қолданылады:

      1) зияткерлік көлік жүйесі (бұдан әрі - ЗКЖ) – автомобиль жолдарын әкімшілік-шаруашылық басқару тапсырмаларын қызметтік және ақпараттық деңгейде шешетін, ғаламдық қызметтер мен процестерді құрайтын интеграцияланған мәліметтерді жинау, өндеу және сақтауды; ақпараттың орталықтандырылған интеграцияланған массивтерін қамтамасыз ететін, интеграцияны қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз ету және енгізуді қамтамасыз ету мәліметтерін басқару, бірыңғай бизнес-ережелер бойынша мәліметтерді түзету және қол жеткізу, шаруашылық-өндірістік есептерді жүргізу жүйесін, өзінің ішкі сәулеттілігі, қызметтері, процестерді және жоғары санаттағы автомобиль жолдарында көлік құралдарының қажетті өткізу қабілеттілігін және қауіпсіздігін қамтамасыз ететін мәліметтері бар жол қозғалысын басқару жүйесін қамтамасыз ететін, өз құрамында Жүйені Басқару Орталығы бар жол қозғалысын басқару мен жол жүру үшін ақы жинау және қозғалысты басқару кешені;

      2) жол жабыны қызметінің жөндеу аралық мерзімі - бұл тозу қабатын қалпына келтіру және тегістілік пен көлік қозғалысының қарқындылығы бойынша қажетті маңыздылығына дейін ұқсас сапаларын орнына келтірумен және ақауларды жоюмен байланысты кезекті орташа жөндеу орындауға қажеттілік туындағанға дейін құрылыс, қайта жаңарту, күрделі немесе орташа жөндеуден кейін көшені пайдалануға тапсырған уақыт кезеңі;

      3) жол жамылғысы - бұл автокөлік құралдарынан түсетін салмақты қабылдайтын және оны топыраққа беретін көшенің бөлінген белдеулерінің шегіндегі көп қабатты құрылғы;

      4) жол жамылғысы қызметінің жөндеу аралық мерзімі - бұл көше құрылысының көтеру қабілеттілігін (күшейту) арттырумен байланысты кезекті күрделі жөндеуге дейінгі құрылыс, қайта жаңарту немесе күрделі жөндеуден кейін көшені пайдалануға тапсырған күннен басталған кезең;

      5) көше (көшенiң көлiк жүретiн бөлiгi) – елдi мекендер шекарасының шегiндегi автомобиль жолы;

      6) көшелер мен көше құрылыстарын пайдалануды басқару - бұл көшелер мен көше құрылыстарының қажетті техникалық деңгейін және көліктік-пайдалану жай-күйін қамтамасыз ету бойынша ұйымдық және регламенттейтін кешені;

      7) көшелерді қысқы күтіп-ұстау - көшелерді және ондағы құрылыстарды қар басып қалудан қорғауға, оларды уақтылы тазартуға және жол жамылғысының қысқы тайғақтығымен күресуге байланысты айрықша жұмыстар кешені;

      8) көшелерді маршрутты жөндеу тәсілі – бұл көлік қозғалысы үшін қауіпті ақаулықтарды жою және жергілікті учаскелердегі жол жабынының тегістігін қалпына келтіру жұмыстарын қоса алғанда, маршрут бойынша орындалатын жөндеу кешені;

      9) көшелердің жай-күйіне мониторинг жүргізу – бұл пайдалану және қоршаған ортаның ықпал етуі нәтижесінде мүмкін болатын антропогендік өзгерістердің жай-күйін қадағалау мен бақылау, бағалау мен болжамдау жүйесі;

      10) көше-жөндеу жұмыстарының стратегиясы – бұл бөлінетін ресурстарды тиімді пайдалану кезінде көшелер мен көше құрылыстары желісінің көліктік-пайдалану жай-күйін сақтау және жақсарту бойынша аса тиімді ұзақ уақытты техникалық шешімдерді және басқаратын ықпал етулер кешені.

2 тарау. Елді мекендер көшелерін күтіп ұстау

      6. ЕМК күтіп ұстау бойынша жұмыстар жұмыстардың өзге түрлерінен жыл бойы ЕМК бүкіл бойымен, ЕМК элементтері бойынша үздіксіз орындалуымен ерекшеленеді және көктемгі, жазғы, күзгі маусымдағы және қыс кезіндегі күтіп ұстау бойынша жұмыстарға бөлінеді. Жолдарды және жол құрылыстарын күтіп ұстау бойынша жұмыстарды дер кезінде орындау мақсатында оларды қадағалап отыру мердігер ұйымдармен мердігерлік келісім шарттар шеңберінде күнделікті жүзеге асырылады.

      Мердігерлік келісім-шарт негізінде мердігер ұйымның ЕМК күтіп ұстау бойынша жұмыстарды орындау барысында жаяу жүргіншілер мен көлік құралдарының жыл барысындағы үздіксіз, қауіпсіз және ыңғайлы жүруі қамтамасыз етілуі тиіс.

      Күту бойынша жұмыстарды орындау жобалық құжаттаманы құруды қажет етпейді. Олар ЕМК байқау нәтижелері, жергілікті бюджеттен бөлінетін қаржы қаражаттары шектерінде жоспарланады.

      7. ЕМК мен ондағы құрылыстарды көктемгі, жазғы, күзгі кезеңдерде күтіп ұстау кезінде, яғни жыл сайын мынадай жұмыстарды орындайды:

      1) жер жамылғысы мен су өткізу жүйесі бойынша:

      тазарту су қайтару арықтарын, жол бойы арық желісін және суағарларды көктемде қардан, ал жазда қоқыстарды пайдаға асыруға тиеу, шығару және беру арқылы жиналған қоқыспен балшықтан тазалау;

      жиектердегі, иірімді учаскелердегі кептіргіш науаларды қазу және себу;

      жиектерді, бөлу жолақтарын жоспарлау, шөптермен себу;

      шабу және шабылған шөптерді жинау;

      шабылған материалдарды пайдаға асыруға тиеу, шығару және беру арқылы жер жамылғысының жиектері мен шеттеріндегі бұталарды қазып алу, ағаштарды, жабайы өсетін бұталарды тамырымен жұлу;

      материалдар қоспастан жиектер, бөлу жолақтар мен себу бермдерін жоспарлау;

      2) бөлінген белдеулер бойынша:

      су ағысын қамтамасыз ету үшін бөлу жолағын жоспарлау;

      жиектерін балшықтан тазарту;

      бөлінген белдеуді, жиектерді, шеттерді және көгал алаңдарды жүйелі түрде тазалықта ұстау;

      шабылған материалдарды тиеу, шығару және пайдаға асыруға беру арқылы жол қозғалысының қауіпсіздігіне ықпал ететін ағаштарды, бұталарды, жабайы өсетін бұталарды шабу және тамырымен жұлу;

      шөпті бөлінген белдеуінде шабу, шабылған шөпті жинау және қоқыс орнына шығару;

      3) күрделі жамылғысы бар жүру бөлігі бойынша:

      шұңқырларды жою, шарықшақтарды, шұңқырларды, отырыңқы жерлерді бітеу, жол учаскесінің жиектерін тегістеу;

      көшелерді бағдарлы тәсілмен жөндеу жүргізу кезінде көшелерді күтіп ұстау, сондай-ақ бағдар бойынша анықталған қозғалыс үшін қауіпті ақаулықтарды жою жұмыстары, жергілікті учаскелерде жол төсемінің тегістілігін қалпына келтіруді қамтитын жөндеу жұмыстары кешені, оның ішінде ресайклинг әдісімен жүргізіледі. Жөндеудің бағдарлы тәсілі кезінде жөндеу жұмыстары аралас бағдардың барлық ұзындығында, жергілікті учаскелердегі жол төсемінің маңызды ақаулықтары мен бұзылулары шоғырланған жерлерде орындалады;

      ылғалдың, ауаның, күн радиациясының кіруінен асфальтбетонды жабындыны тиімді оқшалау үшін жаңартылған сұйықтықты пайдалану, атмосфералық ықпалдың әсерінен бұзылған битумды қалпына келтіру, жамылғының суға төзімділіғін сақтау және қалпына келтіру;

      жүру бөлігін қоқыстан, шаңнан және батпақтан тазарту, бейтаныс заттардан тазалау;

      төсемді сумен шаңсыздандыру;

      қалалық жаппай іс-шаралар кезінде жүзеге асырылатын жеке жұмыстар;

      4) аяқ жолдарда, алаңдарда:

      сыпыру, бөгде қоқысты жинау, шаю және сумен шаңсыздандыру;

      5) көлік құралдарының уақытша тұрақтарында, өтпелі, қара немесе жабыны жақсартылған қара жолды кіріс жолдарында:

      сумен шаңсыздандыру, бөгде қоқысты жинау;

      6) жер үсті су қайтару жүйесінде, жол бойы арық және жаңбырлы кәріз жүйелерінде;

      топырақты-құмды сорғылардан болған және жиналған қоқыстан тазарту;

      су қайтару жүйелерінің пайдалануға жарамдығын жүйелі түрде күту;

      дренаж құрылғыларын, нөсерлі кәрізді тазарту және шағын бұзылуларының жою;

      жабайы өспелерді шабу;

      7) аяқ жолдарда, саябақтардың, скверлердің, бульварлардың жолдары мен алаңдарында және ЕМК аула іші жолдарында:

      аяқ жолдарды, жолдар мен алаңдарды және өзге нысандарды шаң мен қоқыстан тазарту;

      кіші архитектуралық пішіндерді (қоршауларды, орындықтарды және жолды жайландырудың өзге нысандарын) жуу заттарын қолдана отырып үнемі тазарту және жуып отыру;

      8) жол жүру реттеудің техникалық құралдары (бұдан әрі - ЖЖР ТҚ) және қауіпсіздік нысандары, жолдардың ұйымдастыру және жайландыру бойынша:

      жол жабынын белгілеу;

      автопавильондар, дәретханалар, күркелер, жол белгілері, қоршаулар және автомобиль жолдарының басқа жайғастыру элементтерін жөндеу, сырлау және ақтау, тік және көлденең белгілерді түсіру;

      көшені жарықтандыру бағандарын бояу;

      жаяу жүргіншілер жолдарының металл бағыттаушылары мен жаяужолдардың бағаншаларының бұзылуларын түзету және қалпына келтіру;

      металл аралық қоршаулардың бұзылуларын түзетумен сегменттердің тозған бөліктерін қалпына келтіре және ауыстыра отырып, соның ішінде жол көлік оқиғасынан (бұдан әрі - ЖКО) кейін;

      бетон аралық қоршаулардың бұзылуларын түзету (қажетті жағдайда бояу);

      жол бойындағы шағын сәулет қалыптарының және көгалдандыру элементтерінің, соның ішінде орман ағаштарының, гүлзарлардың, гүл бақшаларының, гүлдерге арналған вазондардың, жолды жарықтандыру элементтерінің ЖКО кейінгі бұзылуларын жою;

      қалқандарды толық ауыстыра отырып, жол белгілері мен көрсеткіштерді, бағандар мен бекіткіштері бар ақпараттық қалқандарды жөндеу, соның ішінде ЖҚО кейін;

      жаяу жүргіншілер және олардың жайландыру элементтерін тазалық пен тәртіпті күту;

      қоршауларды, сигнал беру бағандарын, белгілерді, ақпараттық көрсеткіштерін, қалқандарды үнемі тексеру, бекіткіштерін тарту, қалқандарды түзету, шаң мен балшықтан тазалау, жуу;

      жетіспейтін белгілер мен аялдамалық павильондарды, қоршауларды орнату, бұзылуларды, панноларды түзету, жол жиектерінің тастарын орнату және жөндеу, жол жайландыру элементтерін қалпына келтіру;

      жол жүру схемасының өзгеруімен байланысты қосымша бағдаршамдарды (бағдаршамдардың қосымша секцияларын), жол белгілерін, жол жабынындағы белгілерді орнату;

      жаяу жүргіншілер өтпелерінің жайластыру элементтерін "Жаяу жүргіншілерді шақыру таблосы" батырмасынан сұратымы бойынша жүрудің жаяу жүргіншілер фазасын шақыруы бар бағдаршамды сигнализациясымен қосымша жасақтауы;

      жолдарды, көпірлерді, жол өткізгіштерді, үңгі жолдарды, көлік айрықтарын, паромдық өткелдерді және басқа жол құрылыстарын электрмен жабдықтау желілерін тазалықта және ретке келтіріп ұстау, істен шыққан шамдарды, шамшырақтарды, сымдарды, кабельдерді, трансформаторларды, жарық тіреулерін және басқа электрмен жабдықтау элементтерін ауыстыру және жаңаларын монтаждау, радио байланысын, ақы алу жүйесін, зияткерлік көлік жүйесін (ИТЖ), басқа технологиялық және сигнал беру байланысының басқа құралдарын, кабель желілерін, сондай-ақ, бағдаршам объектілерін, қозғалысты ұйымдастыру құралдарын, олардың қызмет етуі үшін байланыс каналдарын жалға алуды қоса алғанда, қозғалысты диспетчерлік және автоматтандырып басқару құралдарын тазалықта және ретке келтіріп ұстау;

      9) жасанды құрылыстар бойынша:

      көпірлердің металл элементтерінің жергілікті боялуы;

      су өткізу құбырларын жөндеу;

      шайылуларды себумен жиектерді жөндеу;

      кіші архитектуралық пішіндер конструкциясын өзгертпей жөндеу және жыл сайын бояу;

      көпірлер мен құбырлардың жандарындағы жеткізуші және қайтарушы арналарды, құлама арналарды, сатылы арналарды қоқыстан және бөгде заттардан тазарту, шағын зақымдануларын жөндеу;

      жабайы өспелерді шабу;

      жинау техникасы өткеннен кейін жаяу жүргіншілер жолдарының бойындағы жүру бөлігін балшық пен бөтен заттардан тазалау;

      су қайтаратын түтіктерді балшықтан, тастардан және қардан тазалау;

      сорғылардан болған деформациялық жіктерінің су қайтаратын науаларын тазалау;

      қабаттарды ашық типті деформациялық жіктерге алмастыруға арналған ойықтарды балшықтан тазалау;

      ашық типті деформациялық жіктердің күрделі құрылыстарының механизмдерін тазалау және майлау;

      жаяу жүргіншілер жолдарын балшықтан, қардан, қоқыстан және бөтен заттардан тазалау;

      суды жіберуге арналған жаяу жүргіншілер жолдары шығырларындағы терезелерді тазарту;

      сүйеніш, тосқауыл қоршауларын, жол белгілерін кір мен қардан тазалау;

      арқалықтардың үстін кірден, жағылған топырақтан, өсімдіктерден тазалау;

      арқалықтардың тірек тораптарын жуу;

      тірек бөліктерінің жұмыс істейтін үстіне графитті құрылыстарды жағу;

      темір тірек бөліктері бекіткіштерінің бұрандамаларын тарту;

      конустар мен еңіс бекіністерін кірден, шөптен және талдардан тазалау;

      байқау құралдарын (баспалдақтар, арбашалар) тазалау;

      көпір құрылыстарын ағымдағы және кезеңді тексеру;

      қоқыстарды және кесілген ағаштарды пайдаға асыруға тиеу, шығару және беру арқылы көпір және су өткізу құбырлары аймақтарынан арақашықтығы 50 метрге дейін, ағыны бойынша жоғары және төмен бұталы өсімдіктерді жою және ағаштарды шабу, көпір астындағы аймақтарды санитарлық тазалау;

      темір-бетон құбырларының аралықтарын лай мен балшықтан тазалау.

      8. Көгалдандыру жұмыстары ЕМК күтімі құрамына кіреді және көгалдандыру барысында пайдаланылатын өсімдіктердің биологиялық ерекшеліктеріне орай агротехникалық шаралардың талаптарын орындай отырып жыл маусымдары бойынша жүзеге асырылады.

      9. ЕМК көгалдандыру қарлы және құмды борасындардан, мүжілуден қорғау және сәулеттік-көркемдік безендіру үшін орындалады. Көгалдандыру өндірістік базалардағы орман ағаштарын, жасыл өсімдіктерді, көлік айрықтарындағы гүлзарларды, гүл бақшаларын, көгал алаңдарын күтуді, оларды жасау, қалпына келтіру және сәнді безендіруді құрайды.

      10. Ағаш отырғызуды күтуге мынадай жұмыстар жатады:

      1) жер қыртысын күту (трактормен культиваторлау, қатарлардағы жер қыртысын қопсыту, арам шөптермен химиялық күрес);

      2) орман жолақтарын жырту;

      3) саябақтарда, скверлерде, бульварларда, көшелерде және аула аумақтарында көтеріңкі санитарлық талаптар қойылатын бөлек жерлерде сөндірілген әкпен әктеу және ағаш діңдерін сырлау;

      4) көшедегі орман ағаштарының зиянкестерімен және ауруларымен химиялық және механикалық күресу;

      5) тұқым дайындау, жаңа орман ағаштарын отырғызу және өсіру, бар өсімдіктерді суғару және күту;

      6) жапырақтардың түсуі кезінде автомобиль жолдарының бөлу жолағында, көшелердің және магистральдердің бойындағы көгал алаңдарында және аула аумақтарында түскен жапырақтарды тазалау, жинау және шығару;

      7) қолданыстағы жасыл өсімдіктерді күтіп ұстау, суару және күту жұмыстары.

      11. Ағаш отырғызу, қалпына келтіру және сәнді безендіруге мынадай жұмыстар жатады:

      1) ағаш отырғызуға жер қыртысын дайындау, сәнді безендіру және ағаштар мен бұталардың көшеттерін өсіру;

      2) орман алқаптарын салу және сәнді безендіру;

      3) отырғызу, суғару, топырақты құнарту;

      4) топырақтағы дің маңы суғару шеңберлерін, ағаш аралық суағарларды (арықтарды) және ағаш екпелерінің отырғызу қатарларының арасындағы дренаждық арықшаларды құру;

      5) қазылып алынған өсімдіктердің орнына қосымша ағаш отырғызу (қалпына келтіру).

      12. Гүлзарларды, гүл бақшаларын, жол маңындағы гүл вазондарын, көгал алаңдарын және сәнді гүл өсімдіктерді күтуге мынадай жұмыстар жатады:

      1) топырақты суару, тыңайту;

      2) арамшөптерді отау және жинау;

      3) өсу мерзімі өткеннен кейін бір жылдық өсімдіктерді жинау және ұйымдастырылған күресінге шығару;

      4) жол маңындағы гүл вазондарына құнарлы топырақ жеткізу және салу, оны жаңа құнарлы топыраққа ауыстыру;

      5) жол маңындағы гүл вазондарын жөндеу және жаңаларына ауыстыру;

      6) көгал алаңдарында шөп отырғызу, топырақты суару, тыңайту, газондардың шөбін шабу, шабылған шөпті жинау және күресінге шығару.

      13. ЕМК күтімінің өзге жұмыс түрлері:

      1) күнделікті жолдарды тексеру;

      2) көлік құралдарының өтуіне кедергі жасайтын нысандарды әкету;

      3) қатты тұрмыстық қалдықтарды полигонға (күресінге) шығару;

      4) жол құрылымдарын күзету;

      5) қоғамдық көліктің аялдамаларын аялдаманың екі жағынан орындықтармен, қоқыс салғыштармен және жарықпен жабдықтау;

      6) жаяу жүргіншілер жолдарына қоғамдық көліктің әр аялдамасында жеткілікті жарық түсетіндей белгі салу;

      7) әлеуметтік маңызды обьектілер маңындағы, әсіресе мектептер, балабақшалары және балалар келетін басқа да обьектілердің жол учаскелерін қозғалыс жылдамдығы бойынша шектеуші, ескертуші жол белгілерімен жабдықтау және әлеуметтік маңызды обьектілер маңындағы барлық жолдарды жеткілікті жарықтандыру.

      14. ЕМК қысқы күтімінің негізгі мақсаты қоғамдық жолаушылар көлігінің қалыпты жұмысы мен қызметін, көліктер мен жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сонымен қатар, қар, мұз, қоқыс, балшықтың жиналуын және шығарылуын, жол жабындарына көктайғаққа қарсы материалдардың себілуін қамтамасыз ету, көгал алаңдарын мен жасыл өсімдіктерді үсіктен қорғау болып табылады.

      15. Қысқы күтім жұмыстарының қатарына жататыны:

      магистральдерді және көшелерді қысқы тазарту, соның ішінде:

      1) бірінші кезекті операциялар:

      жүру бөлігін көктайғаққа қарсы үйкелісті, химиялық және басқа материалдармен өңдеу, оларды жүру бөлігінен талап етілген уақыттан кейін келесі жинау;

      ЕМК жүру бөлігіндегі және өзге құрылымдық элементтеріндегі қарды механикаландырылған әдіспен сыпыру және қарды науалардағы қар үйінділеріне жинау;

      көшелердің жүру бөлігінің және өтетін жолдарының жаймалары бойы қар жалыны қалыптастыру, жүру бөлігінен және жаяужолдардан тазартылатын қарды жайма бөлігіне жылжыту және келесі әкету;

      қарды жол жиектеріне, қиябеттерге және бөлінген жерлерге сырғытып, кейіннен шығару;

      көшелердің бір деңгейдегі қиылыстарында (көшелердің қиылыстарында) және жанасуда, темір жол және трамвай өтпе жолдарында, қалалық жолаушылар көлігі аялдамаларында, әкімшілік және қоғамдық ғимараттардың кіреберістерде, аулаларға кіріс орындардың және квартал іші өтпе жолының алдында, жаяу жүргіншілер өткелдерінде, жаяужолдарда қар белдерінде ажырауларды ұйымдастыру;

      жүру бөлігінен жиналған қарды кейіннен шығару үшін уақытша бөлінген жер жолағына жинау;

      саябақтардағы, орманды бақтардағы, бақтардағы, скверлердегі, бульварлардағы және басқа жасыл аумақтарындағы жаяужолдардан жинаған кезінде құрамында химиялық реагенттері жоқ жиналған қарды, жасыл желектерді сақтау және еріген судың кетуін қамтамасыз ету шартымен, сол мақсаттарда алдын ала арнайы дайындалған алаңдарға уақытша жинау;

      қалалық қоғамдық жолаушылар көлігі аялдамаларынан, жер үсті жаяу жүргінші өткелдерінің, көпірлерден және жол өткелдерінің, адамдардың көптеп жиналатын орындарының (ірі әмбебап дүкендерінің, қонақ үйлердің, вокзалдардың, театрлардың, базарлардың), ауруханалардың және өзге де әлеуметтік маңызға ие жерлердің аумағына кіріс жолдардағы қарды арнайы дайындалған алаңшаларға бірінші кезекті (іріктеу бойынша) шығару.

      2) екінші кезек операциялары:

      ЕМК құрылымдық элементтеріндегі қар жалын тазарту, қар массаларын тиеумен және құрғақ полигондарға, қар еріту зауыттарына апарумен;

      қар жалын өзі төккіш жүк көліктеріне тиер немесе бос аумақтарға аудару алдында автогрейдермен жаяужолдардың жиектерінен өңдеу;

      қарда тазарғаннан кейін жүру бөлігіндегі жол науаларын тазарту;

      мұзды жару және жүру бөлігіндегі мен жаяужолдардағы қарлы-мұзды жинақтарды тазарту;

      көліктің қауіпсіз жүруін қамтамасыз ету мақсатында ЕМК құрылымдық элементтерінінің және ЖЖР ТҚ қар жинақтарынан және мұздан тазарту;

      ЕМК қарды іріктеп шығару (қалалық қоғамдық жолаушылар көлігі аялдамаларынан, жаяу жүргінші өткелдерінен, көпірлерден, жол өткелдерінен, эстакадалардан, тоннельдерден, адамдардың көптеп жиналатын орындарынан және жаяужүргіншілер жүрісі қарқынды жерлерден, әлеуметтік маңызға ие объектілерінің жандарынан).

      3) қар массаларын жаппай шығару:

      қарды қорытынды (жаппай) шығару тапсырыс берушімен анықталатын арнайы дайындалған алаңшаларға кезектілігі бойынша және бірінші кезекті шығарудан кейін жүзеге асырылады;

      құрам бөліктерді жеткізу, дайындау, сұйық және қатты реагенттерді дайындау, көктайғаққа қарсы материалдарды сақтау және кейіннен олармен жол жабындарын өңдеу;

      жүру бөлігін фрикциялық, химиялық және өзге көктайғаққа қарсы материалдармен өңдеу және кейіннен оларды қажетті уақыт өткеннен кейін жүру бөлігінен жинау;

      аралық жолағы бар магистральдерде жүру бөлігін сыпыру басталатын жағынан бастап жиектасқа дейін екі метрлік науа маңы аумақтарын кезеңді түрде қар мен мұздан тазарту;

      аралық жолақтарды, жаяужолдарды, жер үсті жолаушылар көлігінің аялдама қалталарын және аялдама павильондарын, жаяу жүргіншілердің жолдарын қар жауу және көктайғақтану кезінде де, одан кейін де кезеңді түрде қар мен мұздан тазарту;

      көлік қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында аралық бетон қабырғаларын, металл қисық сызықты арқаларды, барьерлік қоршауларды, жол белгілері мен меңзерлерін кезеңді түрде қар мен мұздан тазарту;

      көпір құрылғыларын, жер асты және жер үсті жаяу жүргіншілер өткелдерінің баспалдақтарын қар мен мұздан тазарту;

      жаяу жүргіншілер жолдарын, бақша дивандарын, күлтөкпелерді және ЕМК өзге элементтерін, олардың алдын және жанындағы кеңістіктерді және оларға барар жолдарды қар мен мұздан тазарту;

      қар көшкініне қарсы шараларды орындау;

      табиғи су көздерінің қатуына қарсы күрес;

      инженерлік желілердегі апаттар салдарынан туындаған жаяужолдар мен жолдардың жүру бөлігіндегі қатқан мұзды аршу және кейіннен оларды жарылған мұз бен қоқысқа арналған орындарға шығару;

      жол-жөндеу қызметтерінің ғимараттарын, жол техникасының тұрақтары мен жылыту пункттерін жылумен қамтамасыз ету;

      тайғақ жабынды учаскелерде қысқа мерзімді әрекетті жол белгілерін орнату;

      жол техникасы мен механизаторлардың (соқалы-щеткалы қар тазартқыштарының, қатты реагенттерді шашу машиналарының) қолайсыз ауа райы жағдайларында тәулік бойы, сонымен ішінде демалыс және мейрам күндерде, кезекшілігін ұйымдастыру;

      кейбір жағдайларда жетіспейтін белгілер мен қоршауларды орнату;

      жаяужолдарды және аула іші жаяу жүргінші жолдарын асфальтқа дейін қар мен мұздан қысқы жинау және тазарту, көліктің еркін өтуіне және жаяу жүргіншілердің жүруіне кедергі жасамайтын жерлерде жинау, көктайғаққа қарсы материалдардармен өңдеу.

      4) қалалық аула іші жолдарын қысқы жинау (қысқы күтімі), соның ішінде:

      жаңа түскен қарды сыпыру;

      қалыңдығы 2 сантиметрден асатын жаңа қарды жинау;

      көктайғаққа қарсы материалдармен өңдеу;

      қатқан мұздан және қардан тазарту;

      қар жаумаған күндері сыпыру;

      контейнерлік алаңшаларды жинау.

      16. Ұзақ уақыт жаумаған және жол жабындарында қар болмаған кезеңдерде, құрғақ ауа райы жағдайында науа маңы аумақтарын, ЕМК осьтік және резервтік жолақтарын механикаландырылған әдіспен сыпыру және тазарту жұмыстарын жүзеге асыру қажет етіледі.

      Механикаландырылған әдіспен сыпыру процессін міндетті түрде шаңын баса отырып, соның ішінде келесі жұмыстарды орындай отырып жүзеге асыру қажет:

      1) ауаның тұрақты оң температурасында және күн жылып кеткенде ластануларды сыпыру алдында алдын ала ылғалдандыру;

      2) ауаның тұрақты кері температурасында сыпыру аумағындағы шаңды пневматикалық әдіспен сорып алатын машиналарды пайдалана отырып сыпыру;

      3) жылдың қысқы мерзімде ЕМК жүру бөлігі аса ластанған жағдайда ауаның тұрақты оң температурасында жүру бөлігін су шашқыш жуу машиналарын пайдалана отырып жуу және тазалау;

      4) ЕМК жүру бөлігінің шаңын басу үшін ең аз тарату тығыздығы көктайғаққа қарсы сұйық материалдарды бір рет шашуға рұқсат етіледі. ЕМК жүру бөлігінің шаңын басудың көктайғаққа қарсы сұйық материалдарды пайдалана отырып келесі циклін орындауға ЕМК жүру бөлігін сумен жуғаннан кейін ғана рұқсат етіледі.

3 тарау. Елді мекендер көшелер мен ондағы құрылыстарын ағымдағы жөндеу

      17. ЕМК ағымдағы жөндеу - маршруттық тәсілмен орындалатын, бұзылған учаскелерді жөндеу жөніндегі іс-шараларды қоса алғанда, бүкіл жыл бойы жүргізілетін, ЕМК авариялық жағдайлар, ақаулар туындауының алдын алу, сондай-ақ ЕМК шұғыл қалпына келтіру және тәртібімен орындалатын жұмыстар кешенін қарастырады.

      Ағымдағы жөндеуге жергілікті бюджеттен бөлінетін қаржы қаражаттары шектерінде ақаулықтар тізбесі бойынша жолдарды тексеру нәтижелері негізінде жоспарланады. Жұмыстарды бағдарлы тәсілмен орындау кезінде жұмыстарды сметалық есептер негізінде орындауға жол беріледі. Мүмкін болатын үдеудің және олардың аса маңызды бұзылуларға айналуының алдын алу мақсатында ағымдағы жөндеу шеңберінде ақаулықтар мен бұзылуларды жою жұмыстарын толығымен орындамауға жол берілмейді.

      18. Aғымдағы жөндеуге жататын ЕМК элементтерінің жол белгілеулерін салу жұмыстары асфальт-бетон жабынын қалыпқа келтіру жұмыстары аяқталған соң уәкілетті орган бекіткен қозғалыстың ұйымдастырылу схемаларына сәйкес жүргізіледі.

      19. Көктем-жаз-күз кезеңінде ЕМК жағдайы жалпыға ортақ пайдаланылатын жолдарға және олардың техникалық және көлік-пайдалану сипаттамаларына қойылатын нормативтік талаптарға сай келу тиіс. Осы талаптар орындалуы үшін қала көшелерін пайдалану барысында туындайтын ақауларды жою шаралары әрдайым жүргізіліп тұру қажет.

      20. ЕМК мен ондағы құрылыстарының ағымдағы жөндеу жүргізу кезінде келесі жұмыстар орындалады:

      1) жер төсемi және су қайтарғыш бойынша:

      жер қабатындағы, су бұрудағы, резервтердегі, қорғайтын, нығайтатын және ретке келтіретін құрылыстардағы жекелеген ұсақ зақымдарды ретке келтіру;

      көлік құралдарының қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ететін материалдарын себумен, себу, кесіп алу және жол жиектерін жоспарлау.

      2) жол жамылғылары бойынша, оның ішінде асфальт-бетон жабыны бойынша:

      ұсақ ақаулар мен зақымдануларды (шұңқырларын, отырыңқы жерлерін бiтеу), жиектерді, жалғыз шағын томпиған тұстарды жою, жабындардағы жарықтарды бітеу, жол жабындарындаңғы шұңқыршаларды жөндеу, жолтабандарды кетіру;

      асфальт-бетон және цементбетон жабындардың қабыршақтанған және сырланған тұстарына эмульсия-минералды қоспалардан және тозыған қабаттардан қорғайтын қабаттар жасау;

      жарылған жерлердегі тарамдалулар мен тегіс емес жерлерді жолтабандармен жүріп отырып ішінара фрезерлеу немесе сылып алу, жолтабандарға қара шағыл немесе асфальт-бетон толтыру және жабынның бүкіл еніне эмульсия-минералды қоспадан қорғайтын қабат жасау;

      жергілікті карталар бойынша, беткі қабатқа арналған майда түйірлі өңдеумен оқшаулайтын қабат жасай отырып, жарықтар мен жарықтар өрмегінің үлкеюін тоқтату және алдын алу;

      асфальт-бетон жабындарының тозған беткі қабатын қалыпқа келтіру және оларды жолдардың аздаған бөлігіне ұзыннан қайта төсеу;

      томпиған және ішінара топырағы бар жол учаскелеріне күтім жасау, оларды уақытыша қоршау, ауа воронкаларын жасау және үю, жол жабыны мен жер қабатының үстінен судың ағып кетуін қамтамасыз ету;

      алдын-ала фрезерлеп немесе тозығы жеткенін қазып алып тастап, орнына жаңа қабатты төсеп, тротуарлардағы жабындарды шұңқырлы жөндеу.

      3) жасанды құрылыстар бойынша:

      кішігірім зақымдануларды, құрылыстың жекелеген элементтерін (тіреу бөліктерді, таяныштарды, бөгет болатын қоршауларды, төсемдерді, тұғырларды, қиғаш тетіктерді, дуал қабырғаларын, дренаж құрылғыларын) түзеу;

      құрылғылардағы жарықшақтарды бiтеу, қаландыларды, сылақтарды жөндеу, тойтармаларды жекелеп алмастыру;

      орлар арқылы өтпелi және көшпелi көпiрлердi ауыстыру және түзету;

      көпірлердің, жол өткізгіштердің жүру бөлігіндегі төсемді шұңқырлы жөндеу, төсемдегі жарықшақтарды бітеу;

      өтпелi тақталардың жанасу тораптарын герметизациялау;

      деформациялық жіктерді ұсақ жөндеу;

      деформациялық жiктердiң ағуын бұрандамаларды тарту арқылы жою;

      деформациялық жіктерді ескі шайырдан алдын ала тазалау арқылы шайыр құю;

      сырғанау тақталарының деформациялық жiктерiн дәнекерлеу (олар жұлынып қалған жағдайда), жетiспейтiн серiппелердi орнату;

      деформациялық жiктердiң механизмдерi мен құрылғыларын ұсақ жөндеу;

      деформациялық жіктердің аймағындағы немесе жіктердің алдындағы төсемді алмастыру;

      аяқ жолдардың асфальт-бетон төсемдеріндегі жарықшақтар мен еңістерді бітеу;

      аяқ жолдардың цемент-бетон төсемдеріндегі жарықшақтар мен еңістерді бітеу;

      сүйеу қоршауларының бояу қабатын (бояма) жергілікті қалпына келтіру;

      жүру бөлігінің жиектас қоршауларына белгі қою;

      автожолдардың үстіндегі жол өткізгіштерінің маңдай алды арқалықтарының астына тік белгілер қою;

      автожолдардың үстіндегі жол өткізгіштерінің тіректеріне тік белгілер қою;

      нығайтқыштың бетон плиталарының арасына цемент ертіндісін құйып өту;

      құбырлардың жеке буындарын, бастарын жиектердін қанаттарын, арнаның шығыс және кіріс бекінісін жөндеу және алмастыру және құбырдың науасын түзету, нобайланған тасты қалпына келтіру;

      құбырлардың гидро оқшаулануын жөндеу және олардың буындары мен бөлiктерi арасындағы жiктердi бiтеу;

      үйінділердің шайылған жергілікті жерлерін және реттеу құрылыстарын жою;

      үйіндісі бар көпірлердің жанасқан жерлеріндегі шайылуларды себу, осы жерлердегі суды бір уақытта жою;

      тіректердегі шайылу шұңқырларын бітеу.

      4) қозғалыс, байланыс, жарықтандыруды ұйымдастыру объектiлерiне көшелерді салу және жайластыру бойынша:

      зақымдалғанын және ескірген түзеу және ауыстыру, сондай-ақ жетіспейтін жол қоршауларын, жол белгілерін қайта орнату;

      жаяу жүргіншілер қоршаулары мен тротуар бағандарының металл бағыттауыштарының зақымдалған тұстарын жою;

      зақымдалған бағандар ауыстырылу, ал жетіспейтіндері қалыпқа келтірілу керек;

      жол қозғалысын ұйымдастыратын, көлік жолына орнатылған және зақымдалған (жетіспейтін) техникалық құралдарды ауыстыру (қалыпқа келтіру);

      шағын сәулеттік безендіру және көріктендіру элементтерінің жекелеген зақымдануларын және жөнсіздіктін түзеу;

      үйшіктердің, отырғыштардың тозған жерлерін жөндеу және сырлау;

      қозғалыс ұйымдастыру, байланыс, жарықтандыру нысандарын жекелеген зақымданулары мен жөнсіздіктерін түзеу, ИКЖ зияткерлік көлік жүйесі нысандары мен жабдықтарының, соның ішінде жол шетіндегі жабдықтардың, дербес жұмыс станцияларының, Орталық басқару пунктінің (ОБП), байланыс құралдарының, ОБП-нің серверлік, желілік және бейне жабдықтарының тораптары мен бөлшектерін паспорттық деректердің талаптарына сай жоспарлы жөндеу және жоспарлы ауыстыру.

      5) жөндеу, соның ішінде ЖКО кейін:

      көшедегі жарықтандырудың металл тіреулерін, жарықтандырудың кабельдік линиясын, жарық беру арматурасын жөндеп, паспорттық деректердің талаптарына сәйкес әуе линиясының сымдары мен созбаларын, ағымдағы жөндеу көлемінде жолға жарық берілуді басқару автоматикасы мен телемеханикасын қатар ауыстыру, соның ішінде зақымдалған және жөндеуге, қалыпқа келтіруге келмейтін тораптар мен агрегаттарды ревизиялау және ауыстыру;

      жолға жарық беретін моральды және физикалық тозған элементтерді қызмет ету мерзіміне сәйкес ауыстыру;

      тротуар мен көшенің көлік жүретін бөлігі арасындағы газонды жөндеу;

      6) ЕМК өзге конструктивтік элементтері мен көріктендіру элементтері бойынша:

      жаңа негіз бен құрсама жасап, отырып қалған немесе шағылған жиек (ернеу) тастың жоспары мен бейінін (кеңістіктегі орналасымын) түзету, сондай-ақ жабындардың барлық түрлеріне, жалпы ұзындығының, соның ішінде ЖКО мен шайылудан кейін жаңасын (қажет болса) орната отырып, жиек (ернеу) тастың жекелеген бүлінген тұстарын ауыстыру;

      жекелеген жиек (ернеу) тастың цементбетон тіреулерін жөндеу;

      қоғамдық көліктер тоқтайтын аймақтардағы жасанды тас материалдарынан жасалған жиек тастарды (ернеулерді) маусымдық сырлау;

      жұмыс істемейтін (иесіз) құдықтарды қоса алғанда, құдық люктарын жол жабынының деңгейімен бір деңгейге теңестіру;

      су құйылатын құдықтардың торларын жол жабынының деңгейімен бір деңгейге теңестіру;

      жол жабындарындағы жарықтарды битуммен және битум мастикалармен бітеу (құю);

      жол жабындарын сіңіргіш герметик құрамдармен өңдеу;

      жолдың жағасына төсем төгу және нығайту;

      бетоннан жасалған бөгет қоршаулардағы зақымдануларды жою (қажет болған жағдайда сырлап);

      су өткізетін құбырлардың беті мен түйіспелерін жөндеу;

      шұқырларды төсем төсеп, құламаларды жөндеу.

      21. Aсфальт-бетон жабынын шұңқырлы жөндеу құрамына ағымдағы (шұңқырлы) жөндеу кіреді, оның ішінде:

      талап етілетін тегістіліктің қамтамасыз етілуімен жол жамылғысының тозған жоғарғы қабатын қалыпқа келтіру;

      жол жабынын шұңқырлы жөндеу, бір немесе бірнеше қозғалыс жолағының еніне немесе жабынның бүкіл енінен міндетті түрде фрезерлеу жасап, жол жабынының тұрақсыз қабаттарын ауыстыра отырып, көлік жүретін бөліктегі жолтабандар мен тегіссіздіктерді жою, жылжып кетуге төзімді және тозғақ жаңа асфальт-бетон қабатын төсеу кіреді;

      22. ЕМК жол белгілеулерін салу жұмыстары ағымдағы жөндеуге кіреді және осы жөндеудің аясында жұмыстың келесі түрлері орындалады:

      1) сырт көзбен қарап тексеру;

      2) ақаулық актіне сәйкес тозған жол белгілеуін қайта таңбалау немесе жол қозғалысының ұйымдастырылуының өзгеруіне байланысты қайта таңбалау;

      3) келесілерді қолдана отырып, жол белгілеулерін салу:

      бояларды;

      термопластиктер мен суық пластиктерді;

      түрлі түсті жабындарды, соның ішінде сырғанауға қарсы жабындарды.

      23. Сапа бақылау жұмыстарын орындау:

      орындалған жұмыстардың сапасын бағалау, жөндеу үшін пайдаланылған жол-құрылыс материалдарын зертханалық сынау, асфальт-бетон қоспалары мен жол жабыны үлгілерін зертханалық сынау, жол жабынының ұстасу коэффициенті мен тегістігін өлшеу.

4 тарау. Елді мекендер көшелер мен ондағы құрылыстарын орташа жөндеу

      24. Орташа жөндеу ЕМК мен ондағы құрылыстарының алғашқы пайдалану сапасын қалпына келтірумен байланысты жұмыстарды кезеңді орындауды көздейді.

      25. ЕМК орташа жөндеу кезінде жол жамылғысының тозған қабатын және тегістілігін кезеңді қалпына келтіру, сондай-ақ жер төсемінің, су бұрғыштардың, жасанды, қорғау, бекіту, реттеу және басқа жол құрылыстарының бұзылуларын түзету жүргізіледі.

      Орташа жөндеу бойынша жұмыстар көлемдерін ақаулықтар тізбесінің негізінде жасалған сметалық есептер анықтайды.

      26. ЕМК жолдары мен жол құрылыстарына орташа жөндеу жүргізу кезінде келесі жұмыстар орындалады:

      1) жер төсемі және су бұрғыш бойынша:

      дымқыл және қар борайтын жерлердің жер төсемінің ұзақтығы бойынша учаскелерін көтеру және кеңейту, кішкене иірім учаскелерді жою;

      қолданыстағы су бұрғыш жыраларды тазалау, қоқыс тастайтын жерге қоқыстарды тиеу және шығару, жаңа жыраларды қазу, үйінділер мен қуыстар жиектерінің бұзылуларын түзету және құламаларын азайту, құрғату, қорғау және бекіту құрылғыларын, су бұрғыш құрылғыларды және көпірлер мен құбырлардың бұру арналарын түзету;

      тұрақты шымды жабынды құру бойынша қажетті агротехникалық іс-шараларды жүргізу арқылы жер төсемі мен резервтердің жиектерін шөппен себу, опырылған, мүжілген жерлерді, сең шығарындыларын тазалау;

      жиектерді себу, шабу, жоспарлау және бекіту.

      2) жол жамылғылары бойынша:

      күрделі жабындардың көлік жүретін бөлігіндегі жолтабандар мен тегіссіздікті жойып, бір немесе бірнеше қозғалыс жолағының еніне немесе жабынның бүкіл еніне жылжуға төзімді және тозғақ асфальт-бетоннан жасалған жаңа қабатты төсеп, міндетті фрезерлеп, жол жабынының тұрақсыз қабаттарын ауыстыру;

      жолдың техникалық санатын өзгертпей, ұзақтығы 15 километрден аспайтын ұсақтасты және қиыршықтасты жабынды асфальт-бетонды жабынға ауыстыру;

      жетілдірілген төсемнің тозған жоғарғы қабатын қалпына келтіру және қолданыстағы жол жамылғысын бөлшектеу және қажетті жағдайда қабатты тегістейтін және үстіңгі қабатқа немесе жөнделетін учаскенің барлық ұзындығына тозу қабатына өндеу жүргізу арқылы жеке және иірімді учаскелерде жол жамылғысын салу;

      жаңа материалдардың қажетті мөлшерін қосу арқылы және жол жабындарының негізін салу үшін алынған материалдарды, оның үстіне асфальтты-бетон қабатын немесе тозу қабатын төсеу арқылы шорлары, сораптары, жоталары және басқа да өзгерістері мен ақаулары бар жетілдірілген төсемді қайлау және қалпына келтіру;

      жөнделетін учаскелердің жүру бөлігін белгілеу.

      3) жасанды құрылыстар бойынша:

      ақаулық жіктердің астындағы су бұрғыш науаларды қалпына келтіру;

      су бұрғыш түтіктерді жөндеу (түтіктерді өсіру немесе қосымша түтіктерді салу);

      жаяу жүргіншілер жолына гидрооқшаулаудың жанасқан жерлеріндегі төсемнің жіктерін салу және оларды шайырмен құю;

      су бұрғыш түтіктердегі оқшаулануды жөндеу;

      10 сантиметрден асатын отыру кезінде үйінділері бар көпірмен жанасқан тораптарды жөндеу (шағылтасты себу арқылы қосымша төсемнің есебінен тегістеу);

      көпірлердің шеткі арқалықтарын ауыстыру;

      тротуар плиталарын ауыстыру;

      жол жамылғысын қалпына келтіру арқылы ауыспалы тақталардың жеке ығысуын жою;

      тақталарды ашу арқылы оларды жуу кезінде ауыспалы тақталардың астына топырақ себу;

      болаттан жасалған элементтері бар ақаулық жіктердің бөлшектерін жекелеп алмастыру;

      жұмыстар жол жамылғысы деңгейінде орындалған кезде шайырлы және резеңке толтыратындары бар жабық типті ақаулық жіктерді алмастыру;

      аяқ жолдардың ақаулық жіктерді алмастыру;

      аяқ жолдардың төсемдерін тегістеу, жаңа төсемді салу;

      аяқ жолдардың блоктарындағы жалпақ саңылаулардың шұңқырларын бітеу, аяқ жолдардың алдын қорғау төсемімен өндеу;

      аяқ жолдардың блоктарындағы жеке сынықтар мен жарықшақтарды жою;

      аяқ жолдардың блоктарындағы жапсарларды басу және оқшаулау;

      аяқ жолдардың қалпына келтіру, жеке бұзылған блоктарды күшейту немесе алмастыру;

      аяқ жолдардың тақталарының сынған жерлерін жою;

      оқшау жерлерді салу немесе аяқ жолдарға асфальт-бетон төсеу;

      жеке секцияларды жөндеу, сүйеніштердің жеке тіректерінің анкерлерін күшейту;

      барлық ұзындығында немесе көпір құрылысы ұзындығының бөлігінде сүйеніштерді алмастыру;

      барлық ұзындығында сүйеніштерді сырлау;

      жаңа анкерлері бар сүйеніштердің тіректеріндегі бекіткіштердің тораптарын алмастыру;

      бетон құрылымының барлық үстіңгі бетін (тақталар, қабырғалар, аралықтар және басқа элементтер) гидрофобизациялау немесе сырлау;

      диафрагманың жапсарларын жөндеу;

      көпірлер мен жол өткізгіштерді жартылай қайта жасау немесе жөндеу, сондай-ақ техникалық құжаттамамен бекітілген жөнделетін жол үшін белгіленген техникалық санатқа сәйкес келетін нормаларға габариттері мен есептік салмақтарын жеткізу арқылы су өткізгіш құбырларды толық немесе жартылай қайта құру;

      көпірлерде жеңіл жөндеу жұмыстарын орындау (төсемелерін, арқалық торларын, жеке тораптарын және элементтерін ауыстыру, жер жамылғысымен жанасқан қалауын түзету және т.б.);

      алдын ала-кернеулі темір-бетон және темір аралық құрылыстардың құрылыс көтермесін бақылау;

      көпірдің жүру бөлігіндегі төсемді қалпына келтіру немесе алмастыру;

      жаяу жүргіншілер жолдарының блоктарындағы жіктерді басу, жаяу жүргіншілер жолдарында төсемдер салу;

      қоршауларды жөндеу немесе қайта жаңарту;

      материалдар мен құрылымдарды алмастыру арқылы ақаулық жіктерді жөндеу;

      гидрооқшаулауды жөндеу;

      жаяу жүргіншілер жолдарын, сүйеніштерді, жиектастарды жөндеу және алмастыру;

      көпірдің жүру бөлігіндегі судың бұрылуын жақсарту, су бұрғыш түтіктер мен терезелерді алмастыру;

      темір-бетон құрылымдарының алдыңғы бетін гидрооқшаулауды, басты арқалықтардың бетін сырлау;

      жарықшақтарды беттік герметизациялау, қуыстарды, сынықтарды бітеу, көпірдің темір-бетон элементтерінің қорғау қабатын қалпына келтіру;

      темір аралық құрылыстарды тегіс сырлау;

      арқалықтардың бір-бірімен байланысуын қалпына келтіру;

      құрғатқыш пен су бұрғышты, өтпелі тақталарды алмастыру арқылы көпірдің үйіндімен жанасқан жерін жөндеу;

      жер төсемі және реттеу құрылыстары жиектерінің бекіткіштерін жөндеу;

      жиектер мен реттеу құрылыстарының шұңқырларын жою;

      темір аралық құрылыстардың жеке элементтерін күшейту, алмаспайтын фермалары бар көпірлерде торлардың элементтерін түзету;

      аса төзімді бұрандамалардағы тойтармаларды алмастыру;

      тірек бөліктерінің жобалық қалпын жөндеу және қалпына келтіру;

      тіреу алаңдарындағы ағындыларды жөндеу және қалпына келтіру;

      қаптау жіктерін сөгу, жарықшақтарға ерітінділерді егу;

      аралық құрылыстар мен тіректердің көру құрылғыларын жөндеу және қалпына келтіру;

      тіректерді жөндеу;

      темір-бетон аралық құрылыстардың шығып тұрған жерлеріндегі тірек бөліктерін күшейту;

      құбырлардың жеке буындары мен бастарын алмастыру немесе жөндеу, оқшаулануы мен жапсарларын түзету;

      сүйеу қабырғаларын, бекіту және реттеу құрылыстарын жөндеу, галереялар мен бастырмаларды, сондай-ақ, олардың жеке элементтерін алмастыру.

      4) қозғалысты ұйымдастыру, байланыс, жарықтандыру объектілеріне жолдарды салу мен жайластыру бойынша:

      жаңа жеке қоршауларды салу, жөнделетін учаскелерде жаңа жол белгілерін және сілтеме құрылыстарын орнату және ауыстыру (қалпына келтіру), жеке айрықтарды, демалыс алаңдарын, автокөлік тұрақтарын, көрнекті орындарды сәулеттік безендіру және абаттандыруды қоса алғанда, қоршауларды жөндеу;

      сигнализацияны, жол қозғалысын ұйымдастыру (бағдаршамдар, электронды және жол белгілері, ақпараттық таблолар), байланыс және жарықтандыру объектілерін жөндеу және салу;

      ЕМК ақпараттық жүйелерін және кешендерін, жеке жобалау белгілері мен таблоларын, жол қозғалысын диспетчерлік және автоматтық басқару элементтері мен жүйелерін; ауыспалы ақпараты бар автономды және дистанциялық басқару белгілері мен таблоларын, бағдаршам объектілерін қалпына келтіру;

      автожолдарды (автопавильондар, тіреу қабырғалары, ақпараттық панно және басқа құрылыстар) салу элементтерін жөндеу.

      5) жолдың пайдалану жай-күйін және көлік құралдары қозғалысының қауіпсіздігін қалпына келтіруді қамтамасыз ететін жұмыстардың басқа түрлері.

5 тарау. Елді мекендер көшелер мен ондағы құрылыстарын күрделі жөндеу

      27. ЕМК күрделі жөндеу жолдың және жол және ондағы құрылыстардың көліктік-пайдалану жай-күйін арттыруға байланысты, атап айтқанда, қолданыстағы жолдың техникалық санатын өзгертусіз жол жамылғысы мен жол құрылыстарының мықтылығының ұлғаюымен кезеңдік жұмыстардың орындауын көздейді.

      28. Күрделі жөндеуге жататын жол учаскелері қызметтің жөндеу аралық мерзімінің негізінде және жол диагностикасының нәтижесінде белгіленеді.

      29. ЕМК күрделі жөндеуі мен құрылысы оларға кешенді орындалады – барлық объектілерге, автомобиль жолдарының құрамында тұратын, жобалық (жобалық-сметалық) құжаттамаға сәйкес күрделі жөндеуге жіберілетін, заңнамамен белгіленген тәртіппен мемлекеттік сараптамадан өткен.

      30. Күрделі жөндеу кезінде жекелеген жолдарды қалай жоспарда болса, солай қапталды бойында жөнделіп жатқан жол учаскесінің жалпы ұзындығының ұзақтығы жиырма бес пайызға дейін жалпы жолдарды түзетуге рұқсат беріледі.

      31. Күрделі жөндеу кезінде мынадай жұмыстар орындалады:

      1) жер төсемі және су бұрғыш бойынша:

      жер төсемін жөнделетін жол (кеңейту, көтеру, топырақты ауыстыру, көрінуді қамтамасыз ету, дөңгелету радиусын ұлғайту, бойлық еңістерін жұмсарту, тік иіндерін және жалтарыстарын құру) үшін белгіленген техникалық санатқа сәйкес нормаларға дейінгі оның геометриялық параметрлеріне жеткізумен түзету, жекелеген жол учаскелерін жіктеу;

      жер төсемінің нығаюын қамтамасыз ететін шоқталған, шөккінделген және опырылған учаскелерді жою, кәріздерді, оңашаланған қабатшаларын жабдықтау және басқа жұмыстар;

      қолданыстағыны қалпына келтіру және қайта құру, сондай-ақ субұрғыш жабдықтарға қажетті жаңа құрылыстар, жаңалық қорғау және эрозияға қарсы құрылыстар;

      ЕМК кесіп өту мен жанасуларында жер төсемдері мен субұрғыш жүйесін құру, сондай-ақ автомобильдерге аялдама, тұрақтар үшін алаңды жайластыру бойынша жұмыстарды орындау, ЕМК өтетін бөлігінен тысқары демалу алаңын, аялдамалық павильондар мен аялдамалық қалташықтар орнату;

      жолдың күрделі жөндеу жөніндегі жұмыстар аймағында орналасқан жол учаскелерін жоятын жол бойындағы қорларды қалпына келтіру (жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес);

      су тасқынының, селдің, көшкіннің, нөсердің, сейсмикалық және басқа да дүлей апаттардың салдарын жою.

      2) жол жамылғылары бойынша, асфальтбетон жабыны төселген жол жамылғылары бойынша:

      ұзақтығы бес километрден аспайтын жол жамылғысын нығайту (қалыңдату), кеңейту және регенирациялық және қолданыстағы жол жамылғыларын негізі ретінде қолдану арқылы ең жетілдірілген жол жамылғысы түрлерін жабдықтау, сондай-ақ қайта құрылып жатқан (жіктелетін) ЕМК және тұрғылықты пункттерін айналма және оларға кіреберісте жаңадан жол жамылғысын құру, көліктік айырығы, инженерлік құрылғыда, тротуарда, өту және велосипед жолында, автобус аялдамасында және аялдау қалташаларында, демалу алаңында және автокөлік тұрағында жол жамылғысын жабдықтау;

      жасанды және табиғи материалдардан жасалған тозған бордюрлерді, жетілдірілген жамылғысымен жиектерге бекітілетін жолақтар, соның ішінде негізгі жол жамылғысының түрі бойынша ауыстыру және жаңасын жабдықтау;

      алдымен фрезерлеп және үстіңгі қабатты, ал қажет болған жағдайда төменгі және тегістейтін қабаттарды төсеп барып, жол жамылғысы жабынының тозған қабаттарын ауыстыру;

      жол жабынының қабаттарын төсемей тұрып, жарық түзілуді алдын алу шараларын жүргізу (жарықтарды бітеу, жарықты үзетін қабатшаларды және арматуралайтын материалдарды төсеу).

      3) ЕМК конструктивтік элементтері бойынша:

      басқа заманауи технологиялардың қолданылуымен тіреу плиталары мен жиектемелерге орнату арқылы қарайтын құдықтардың люктарының мойын тұстарын және су қабылдау құдықтарының торларын күшейту;

      жол жиектерін жөндеу, жол жамылғысының ауыстырылуымен велосипед жолдарын, тротуарларды, автокөліктер қоятын тұрақтарды орнату және жөндеу.

      4) су бұрғыш бойынша:

      дренаждар орнату, қолданыстағыны қалпына келтіру және қайта құру, сондай-ақ субұрғыш жабдықтарға қажетті жаңа құрылыстарды құру;

      лотоктардың түгел ауыстырылуымен жол шетіндегі-арық ашық жүйесін күрделі жөндеу.

      5) жасанды құрылыс бойынша:

      көпірлерді, көлік айрықтарын кеңейту мен нығайту арқылы толығымен немесе ішінара, оның ішінде олардың ғабариттерін реттеумен және есептік жүктеменің қабілеттігіне салмақ түсетін жаяу жүретін, су өтетін, салу, қайта салу (жаңа аралықты қоспастан габариттерін кеңейту арқылы көпірді жөндеу; габаритін кеңейтумен және риғелді ұлғайту мен нығайтумен, жаңа аралықты қосумен бір жағынан немесе екі жағынан тіреуішті кеңейту);

      металл көпірінің басты аралығы мен фермі элементтерін дұрыстау және нығайту;

      металл аралық құрылымын ауыстыру;

      көпірдің өтетін бөлігін ауыстыру;

      су өткізу құбырын салу және қайта салу;

      құбырлардың буыны мен ауызғы бетін ауыстыру және нығайту;

      зақымдалған құбырлар сақинасын ауыстыру;

      жаңа сақина мен ауызғы беті есебінен құбырдың ұзындығын өсіру;

      дәнекерленген көпірлерді, паром өткелдерін, темір жол өткізулерін тұрақты көпірлер мен жол өтпелерімен ауыстыру;

      тіреуіш қабырғаларды, қорғаушы нығайтылатын және реттелетін құрылысты құру және қалпына келтіру;

      қайта салынған және жаңадан салынған көпірлерді салу;

      тоннельдердің құрастырушы элементтерін, тау жолдарындағы қорғау галереясы мен қалқаларын жөндеу және ауыстыру, сондай-ақ уақытша галерея мен қалқаларды тұрақтыларға ауыстыру;

      баспалдақтарды, тіреу қабырғаларды жөндеу, оның ішінде олардың конструкцияларын анағұрлым жетілдірілген түрлеріне өзгертумен байланысты.

      6) инженерлік коммуникациялар бойынша:

      техникалық шарттарға сәйкес жерасты және жерүсті инженерлік коммуникацияларды қайта орнату.

      7) жолдарды көріктендіру және жабдықтау, ЕМК көріктендіру, қозғалыс қауіпсіздігін ұйымдастыру және қамтамасыз ету бойынша:

      ЕМК бір және әр түрлі деңгейдегі қолданып жүрген кесіп өту мен жанастыруды, сондай-ақ барлық жолдағы немесе оның учаскелеріндегі жекелеген өтпесін, съез бен виражды, жол қызметі ғимараттарына кіреберісте жаңадан жабдықтау және қайта жабдықтау;

      жетіспейтін тротуарларды орнату, аялдама, отыру алаңдарын, қоғамдық көлік автопавильондарын, қауіпсіздік аралдарын, автокөліктер тоқтайтын немесе аялдайтын алаңдар, жаяу жүргіншілер жолдарын (соның ішінде әртүрлі деңгейдегі), сондай-ақ елді мекендердің шегінде өтетін тротуарлар, жаяу жүргіншілер жолдарын орнату;

      жаңа уақытша айналып өту жолдарын орнату немесе қолданыстағыларын қайта орнату, жөндеу кезеңіне арналған уақытша айналып өту жолдарын құру немесе дүлей апат салдарынан бүлінген жол учаскелерін қалпына келтіру;

      желілік (телетайптық) жол құрылысының жекелеген жол учаскелерінде, көпірлерінде және өткізу паромдарында электрмен жарықтандыру немесе радиобайланыс пен технологиялық байланыстың басқа құралдарын жабдықтау;

      металдан жасалған бөгет қоршауларды күрделі жөндеу, соның ішінде блоктарды, плиталарды ауыстыра отырып және қорғайтын-сәндік жабынды қалпына келтіре отырып, бетоннан жасалған бөгет қоршауларды күрделі жөндеу;

      күрделі жөндеу өтіп жатқан учаскелерде тосқауыл шарбағын, бағыттайтын жаңа құрылғы мен жол белгілерін орнату немесе ауыстыру;

      жолды жасанды түрде тегіссіз ету;

      жол жолақтарының арасын бөліп тұратын жерлердегі және газондардағы жасыл желектерді қалпына келтіру және (немесе) егу;

      күрделі жөндеу кезеңіне арналып уақытша жасалған және арналған жол белгілеуін жасау және алып тастау;

      жол жамылғысы ауыстырылған соң жол белгілеуі сызықтарын жасау;

      ЕМК немесе олардың жекелеген учаскелерін архитектуралық ресімдеу және орналастыру;

      көлік жолында күрделі жөндеу жүргізілетін уақытта уақытша жол белгілерін (уақытша бағдаршам нысандарын) орнату, жұмыстар аяқталған соң белгілерді (бағдаршам нысандарын) демонтаждау.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады