Ұлытау облысының 2024 жылға арналған жер үстi көздерiндегi су ресурстарын пайдаланғаны үшiн төлемақы мөлшерлемелерін бекіту туралы

Жаңа

Ұлытау облыстық мәслихатының 2024 жылғы 21 маусымдағы № 15/140 шешімі. Ұлытау облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 26 маусымда № 128-20 болып тіркелді

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасы Кодексінің 569-бабына, Қазақстан Республикасы Су кодексінің 38-бабының 5) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 5-тармағына сәйкес Ұлытау облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ұлытау облысының жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін 2024 жылға арналған төлемақы мөлшерлемелері осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұлытау облыстық мәслихатының төрағасы Б. Шингисов

  Ұлытау облыстық мәслихатының
2024 жылғы 21 маусымдағы
№ 15/140
шешіміне қосымша

Ұлытау облысының 2024 жылға арналған жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері

№ р/р

Арнаулы су пайдалану түрі

Өлшеу бірлігі

2024 жылға төлемақы мөлшермелері, теңге


Нұра, Сарысу, Кеңгір өзендерінің бассейні

1

Тұрғын-үй пайдалану және коммуналдық қызметтер

теңге/1000 текше метр

227,39

2

Өнеркәсіп, жылу энергетикасын қоса есептегенде

теңге/1000 текше метр

648,74

3

Ауыл шаруашылығы (төмендету коэффицентін есепке ала отырып – 0,5)

теңге/1000 текше метр

93,63

4

Су көздерінен су алуды жүзеге асыратын тоған шаруашылықтары

теңге/1000 текше метр

177,23

5

Су энергетикасы

теңге/1000 килоВатт сағат

-

6

Су көлігі

теңге/1000 тонна километр

-


Торғай, Тобыл, Ырғыз өзендерінің бассейні

1

Тұрғын-үй пайдалану және коммуналдық қызметтер

теңге/1000 текше метр

203,98

2

Өнеркәсіп, жылу энергетикасын қоса есептегенде

теңге/1000 текше метр

581,86

3

Ауыл шаруашылығы (төмендеткіш коэффицентті есепке ала отырып – 0,5)

теңге/1000 текше метр

80,26

4

Су көздерінен су алуды жүзеге асыратын тоған шаруашылықтары

теңге/1000 текше метр

160,51

5

Су энергетикасы

теңге/1000 килоВатт сағат

-

6

Су көлігі

теңге/1000 тонна километр

-


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады