"Автомобиль көлігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабының 2-1-тармағына сәйкес Жезқазған қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жезқазған қаласының жолаушылар мен багажды қалалық қатынаста автомобильмен тұрақты тасымалдауға тарифі саралансын:
1) Интернет желілері мен ұялы байланыс құрылғыларын қоса алғанда, электрондық жүйе арқылы қолма-қол ақшасыз төлеу кезінде жол ақы:
- №1 бағыты ""Самсунг" медициналық орталығы -Профилакторий -Сәтбаев алаңы" - 80 (сексен) теңге мөлшерінде;
- №3 бағыты "Сапаржай - 9 орам - Сарыарқа көшесі" - 80 (сексен) теңге мөлшерінде;
- №5 бағыты "Сапаржай - Металлургтер алаңы - Сарыарқа көшесі" - 80 (сексен) теңге мөлшерінде;
- №6 бағыты "Сапаржай - 6 шағын аудан – Сарыарқа көшесі" - 80 (сексен) теңге мөлшерінде;
- №8 бағыты "6 шағын аудан - Сарыарқа көшесі - Кенесары хан шағын ауданы" - 80 (сексен) теңге мөлшерінде;
- №11 бағыты "Сапаржай - Сарыарқа көшесі - 92-93 орамдар" - 80 (сексен) теңге мөлшерінде;
- №14 бағыты "Жезқазған – Әуежай" - 80 (сексен) теңге мөлшерінде;
– №96 бағыты "Жезқазған - Аварийный кенті" - 80 (сексен) теңге мөлшерінде;
- №97 бағыты "Жезқазған - Талап ауылы" - 100 (жүз) теңге мөлшерінде;
- №98 бағыты "Жезқазған - Кеңгір ауылы" - 80 (сексен) теңге мөлшерінде;
- №99 бағыты "Жезқазған - Қабанбай батыр шағын ауданы" - 80 (сексен) теңге мөлшерінде;
– №108 бағыты "Жезқазған – Мыс зауыты саяжайлары" -100 (жүз) теңге мөлшерінде;
– №109 бағыты "Жезқазған- Спутник саяжайлары" - 100 (жүз) теңге мөлшерінде.
2) қолма-қол төлеу кезінде жол ақысы - 150 (жүз елу) теңге мөлшерінде.
2. Жол жүру үшін электрондық төлем жүйесі ақаулы болған жағдайда, Интернет желілері мен ұялы байланыс құрылғыларын қоса алғанда, электрондық жүйе арқылы төлеуді жүзеге асыратын жолаушылардың тегін жол жүруге құқығы бар.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жезқазған қаласының әкімі | К. Шайжанов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Жезқазған қалалық
мәслихаты