Мүгедектігі бар адамдарды қоспағанда, дене шынықтыру-сауықтыру көрсетілетін қызметтерін тегін немесе жеңілдікті шарттармен пайдаланатын азаматтар санаттарының тізбесін, сондай-ақ жеңілдіктердің мөлшерін белгілеу туралы

Жаңа

Ұлытау облысы Сәтбаев қаласының әкімдігінің 2024 жылғы 22 мамырдағы № 36/01 қаулысы. Ұлытау облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 22 мамырда № 120-20 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының "Дене шынықтыру және спорт туралы" Заңының 48-бабына сәйкес, Сәтбаев қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Мүгедектігі бар адамдарды қоспағанда, дене шынықтыру-сауықтыру көрсетілетін қызметтерін тегін немесе жеңілдікті шарттармен пайдаланатын азаматтар санаттарының тізбесі, сондай-ақ жеңілдіктердің мөлшері осы каулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.

      2. Сәтбаев қаласы әкімдігінің "Мүгедектерді қоспағанда, дене шынықтыру-сауықтыру қызметтерін тегін немесе жеңілдікті шарттармен пайдаланатын азаматтар санаттарының тізбесін, сондай-ақ жеңілдіктер мөлшерін бекіту туралы" 2015 жылғы 4 қарашадағы №26/01 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3517 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сәтбаев қаласы әкімінің м.а. А. Саухимов

  Сәтбаев қаласы әкімдігінің
2024 жылғы 22 мамырдағы
№ 36/01
қаулысына қосымша

Мүгедектігі бар адамдарды қоспағанда, дене шынықтыру-сауықтыру көрсетілетін қызметтерін тегін немесе жеңілдікті шарттармен пайдаланатын азаматтар санаттарының тізбесі, сондай-ақ жеңілдіктердің мөлшері

№ р/с

Азаматтар санаты

Жеңілдіктер мөлшері

1

7 жасқа дейінгі балалар

Тегін

2

Көп балалы отбасыларынан оқушы-балалар

Тегін

3

Балалар үйлерінен оқушы - балалар

Тегін

4

Спорт ардагерлері

Тегін

5

Оқушылар

Көрсетілетін спорттық және дене шынықтыру-сауықтыру қызметтері құнынан 50% мөлшердегі жеңілдік

6

Студенттер

Көрсетілетін спорттық және дене шынықтыру-сауықтыру қызметтері құнынан 50% мөлшердегі жеңілдік

7

Зейнеткерлер

Көрсетілетін спорттық және дене шынықтыру-сауықтыру қызметтері құнынан 50% мөлшердегі жеңілдік

      * Ескертпе: Осы тізбе мемлекеттік дене шынықтыру-сауықтыру және спорт құрылыстарына қолданады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады