Сәтбаев қаласының жер салығының мөлшерлемелерін арттыру туралы

Жаңа

Ұлытау облысы Сәтбаев қалалық мәслихатының 2024 жылғы 30 қыркүйектегі № 151 шешімі. Ұлытау облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 7 қазанда № 149-20 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы шешім 01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі.

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық Кодексі)" Қазақстан Республикасының Кодексінің 510-бабының 1-тармағына сәйкес Сәтбаев қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Сәтбаев қалалық мәслихатының 2013 жылғы 29 наурыздағы № 130 шешімімен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2323 болып тіркелген) бекітілген Нысаналы мақсаты мен пайдаланылу режимi бойынша аумақтарды айқындай отырып, Сәтбаев қаласы жерлерін аймақтарға бөлу схемасының негізінде, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық Кодексі)" Қазақстан Республикасының Кодексінің 505 және 506-баптарында белгіленген жер салығының базалық мөлшерлемелерінен жер салығының мөлшерлемелері осы шешімнің қосымшасына сәйкес арттырылсын.

      2. Осы шешім 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

      Сәтбаев қалалық мәслихатының төрағасы К. Балмагамбетов

  Сәтбаев қалалық
мәслихатының
2024 жылғы 30
қыркүйектегі
№ 151
шешіміне қосымша

Сәтбаев қаласы бойынша жер салығының мөлшерлемелерінің арттыру пайызы

Жер орналастыру аймағы

Территорияның сипаттамасы

Арттыру пайызы

1.

I

есептік тоқсандар: 001, 002, 003, 004, 010, 011; Ерден көшесі мен "Байқоныс" шағын ауданы арасындағы аумақ; Ұлытау көшесі мен темір жолы арасындағы аумақ

50 %

есептік тоқсандар: 005, 006, 007, 008, 009; "Байқоныс" шағын ауданы

40 %

2.

II

әскери бөлімнің аумағы

0 %

3.

III

есептік тоқсандар: 012, 020, 021,022, 025;

0 %

4.

IV

Жеңіс саябағы, Даңқ алаңы, Кеншілер даңқы алаңы, Тәуелсіздік алаңы

50 %

5.

V

автомобиль жолдары, темір жолы, электр жеткізу желісі

0 %

6.

VI

электр қосалқы станциясы, жарылғыш материалдар қоймасы, шаруашылық-ауызсу объектілері

0 %

7.

VII

бау-бақша қоғамдары: Горняк, Восток, Меридиан

0 %

8.

VIII

қорымдар, мал қорымдары, қатты тұрмыстық қалдықтар полигондары

0 %

9.

IX

өзендер, су қоймалары, су қорғау аймақтары мен белдеулерi

0 %

10.

X

тарихи және мәдени ескерткіштер

0 %

11.

XI

бұзылған жерлер

0 %

12.

XII

тұрғын алабы: Жезқазған, Геологиялық барлау пункті, Крестовский, Весовая, Перевалька

0 %

13.

XIII

аттамалы жер учаскесі

0 %

14.

XIV

қалалық резервтік жерлер

0 %


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады