Жаңаарқа ауданында бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы

Жаңа

Ұлытау облысы Жаңаарқа аудандық мәслихатының 2024 жылғы 20 ақпандағы № 14/92 шешімі. Ұлытау облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 26 ақпанда № 100-20 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы шешім 01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі.

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 696-3-бабының 5-тармағына сәйкес Жаңаарқа аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Жаңаарқа ауданында бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда, корпоративтік немесе жеке табыс салығының мөлшерлемесінің мөлшері салық кезеңінде алынған (алынуға жататын) кірістер бойынша 4 пайыздан 2 пайызға төмендетілсін.

      2. Осы шешім 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

      Аудандық мәслихат төрағасы Ю. Беккожин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады