Ұлытау аудандық мәслихатының 2024 жылғы 5 наурыздағы № 109 "Ұлытау ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Ұлытау облысы Ұлытау аудандық мәслихатының 2024 жылғы 8 тамыздағы № 135 шешімі. Ұлытау облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 9 тамызда № 145-20 болып тіркелді

      Ұлытау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ұлытау аудандық мәслихатының "Ұлытау ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" 2024 жылғы 5 наурыздағы № 109 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №108-20 болып тіркелген) келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      1) көрсетілген шешімнің 1-қосымшасының 2-тармағының 1) тармақшасы жаңа редакцияда мазмұндалсын:

      "1) Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және олардың нәтижелерін көрсетілетін қызметті алушыға беру жөніндегі жұмысты "бір терезе" қағидаты бойынша ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;";

      2) көрсетілген шешімнің 1-қосымшасының 5-тармағының 2) тармақшасы жаңа редакцияда мазмұндалсын:

      "2) 15 ақпан - Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингенті шығарылған күні:

      оқу жиындарына шақырылған және Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде жiберiлген әскери мiндеттiлерге – 300 000 (үш жүз мың) теңге;

      Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде осы елге жүк жеткiзу үшiн жiберiлген автомобиль батальондарының әскери қызметшiлерiне – 300 000 (үш жүз мың) теңге;

      бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының (бұдан әрі – КСР Одағы) аумағынан Ауғанстанға жауынгерлiк тапсырмалармен ұшқан ұшу құрамының әскери қызметшiлерiне - 300 000 (үш жүз мың) теңге;

      Ауғанстандағы кеңестік әскери контингентке қызмет көрсеткен, жарақат, контузия алған немесе мертіккен не ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталған жұмысшылар мен қызметшiлеріне - 300 000 (үш жүз мың) теңге;

      1979 жылғы 1 желтоқсан – 1989 жылғы желтоқсан аралығындағы кезеңде Ауғанстанға және ұрыс қимылдары жүргізілген басқа да елдерге жұмысқа жiберiлген жұмысшылар мен қызметшiлеріне - 300 000 (үш жүз мың) теңге;

      Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа да мемлекеттердегi ұрыс қимылдары кезiнде жаралануы, контузия алуы, мертігуі, ауруға шалдығуы салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшiлердiң отбасыларына – 50 000 (елу мың) теңге.";

      3) көрсетілген шешімнің 1-қосымшасының 6-тармағы жаңа редакцияда мазмұндалсын:

      "6. Әлеуметтік көмек мұқтаж азаматтардың келесі жекелеген санаттарына бір рет және мезгіл-мезгіл көрсетіледі:

      1) дүлей апаттың немесе өрттің салдарынан зардап шегу себеппен азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келуіне - бір рет жан басына шаққандағы орташа кірісі есепке алынбай 100 (жүз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде. Әлеуметтік көмекке жүгіну мерзімі – жағдай туындаған сәттен бастап үш айдан кешіктірмей;

      2) әлеуметтік мәні бар аурулардың және айналадағыларға қауіп төндіретін аурулардың салдарынан тыныс-тіршілігінің шектелуіне байланысты адамға (отбасыға):

      амбулаториялық емдеу кезеңінде "туберкулез" әлеуметтік мәні бар ауруы бар адамдарға – жылына 1 рет жан басына шаққандағы орташа кірісі есепке алынбай 30 (отыз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      "қатерлі ісіктер" әлеуметтік мәні бар ауруы бар және диспансерлік есепте тұрған адамдарға – жылына 1 рет жан басына шаққандағы орташа кірісі есепке алынбай 30 (отыз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      иммунитет тапшылығы вирусы аурумен ауыратын және диспансерлік есепте тұрған адамдарға – жылына 1 рет жан басына шаққандағы орташа кірісі есепке алынбай 30 (отыз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      иммунитет тапшылығы вирусы аурумен жұқпаланған, диспансерлік есепте тұрған балалардың ата-аналарына немесе өзге де заңды өкілдеріне – ай сайын жан басына шаққандағы орташа кірісі есепке алынбай тиісті қаржы жылына арналған Қазақстан Республикасының "Республикалық бюджет туралы" Заңында белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің 2 (екі) еселенген мөлшерде;

      3) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінің есебінде болған адамдарға – бір рет жан басына шаққандағы орташа кірісі есепке алынбай 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде. Әлеуметтік көмекке жүгіну мерзімі – жағдай туындаған сәттен бастап алты айдан кешіктірмей;

      4) мүгедектігі бар адамды абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарды санаторий-курорттық емдеуге алып жүрген адамдарға санаторий-курорттық ұйымда болу құнына Үлгілік қағидалардың 12-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген құжаттарды және санаторий-курорттық емдеуді алу туралы растайтын құжаттарды (санаторий-курорттық ем алу туралы актісі, шот-фактура) қоса ұсына отырып өтініш негізінде – жылына 1 рет жан басына шаққандағы орташа кірісі есепке алынбай кепілдік берілген соманың 70 (жетпіс) пайызы мөлшерінде;

      5) үйде арнаулы әлеуметтік қызметтер алатын бірінші, екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға және үйде арнаулы әлеуметтік қызметтер алатын жасының егде тартуына байланысты өзіне – өзі күтім жасай алмайтын адамдарға – жылына бір рет жан басына шаққандағы орташа кірісі есепке алынбай 12 (он екі) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      6) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға - жылына бір рет жан басына шаққандағы орташа кірісі есепке алынбай 12 (он екі) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.";

      4) көрсетілген шешімнің 1-қосымшасының 10-тармағы жаңа редакцияда мазмұндалсын:

      "10. Атаулы күндер мен мереке күндеріне орай әлеуметтік көмек оны алушылардан өтініштер талап етілмей көрсетіледі.

      Әлеуметтік көмекті алушылардың санаттарын ЖАО белгілейді, содан кейін Мемлекеттік корпорацияға не өзге де ұйымдарға сұраныс жіберу арқылы олардың тізімдері қалыптастырылады.";

      5) көрсетілген шешімнің 1-қосымшасының 5-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакциядағы абзацпен толықтырылсын:

      "бұрынғы КСР Одағын қорғау, әскери қызметтің өзге де міндеттерін басқа кезеңдерде атқару кезінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі салдарынан немесе майданда болуына байланысты, сондай-ақ Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргізілген басқа да мемлекеттерде әскери қызметін өткеру кезінде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген әскери қызметшілеріне - 300 000 (үш жүз мың) теңге.".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Төраға А. Курмансеитов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады