Жетісу облысының 2024 – 2025 жылдарға арналған спорттың басым түрлерінің өңірлік тізбесін бекіту туралы

Жаңа

Жетісу облысы әкімдігінің 2024 жылғы 4 наурыздағы № 71 қаулысы. Жетісу облысы Әділет департаментінде 2024 жылы 5 наурызда № 170-19 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Дене шынықтыру және спорт туралы" Заңының 8-бабы 1-тармағының 20-5) тармақшасына және Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Жетісу облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Жетісу облысының 2024-2025 жылдарға арналған спорттың басым түрлерінің өңірлік тізбесі бекітілсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Жетісу облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жетісу облысының әкімі Б. Исабаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Туризм және спорт министрлігі

  Жетісу облысы әкімдігінің 2024 жылғы 4 наурыздағы № 71 Қаулыға қосымша

Жетісу облысының 2024 – 2025 жылдарға арналған спорттың басым түрлерінің өңірлік тізбесі

Топтардың атауы

Олимпиадалық емес спорт түрінің атауы

Жазғы олимпиадалық спорт түрінің атауы

Қысқы олимпиадалық спорт түрінің атауы

Паралимпиадалық спорт түрінің атауы

Ұлттық спорт түрінің атауы

"А" тобы

1

Самбо

Бокс

Шорт-трек

Жүзу

Қазақ күресі

2

Унифайт

Еркін күрес


Жеңіл атлетика

Жекпе-жек

3

Каратэ (WKF)

Грек-рим күресі


Үстел теннисі

Тоғызқұмалақ

4

Қол күресі

Садақ ату


Нысана көздеу

Асық ату

5

Пауэрлифтинг

Велосипед спорты
(тас жол)


Садақ ату


6

Шинкиокушинкай каратэ

Дзюдо


Шаңғы жарысы


7

Комбат дзю-дзюцу

Жеңіл атлетика


Пауэрлифтинг


8

Грэпплинг
(АІGA нұсқасы)

Маунтинбайк


Қол күресі


9

Грэпплинг (UWW)

Жүзу


Волейболды отырып ойнау


10

Джиу-джитсу

Көгалдағы хоккей


Голбол


11

Еркін күрес (сурдо)

Регби


Таеквондо


12

Грек-рим күресі (сурдо)

Ауыр атлетика


Дзюдо


13

Арбамен би



Бочча


14

Қол күресі (паралимпиадалық емес)





"В" тобы

1

Индрохоккей

Баскетбол

Шайбалы хоккей


Аударыспақ

2

Панкратион

Таеквондо WTF

Керлинг


Бәйге

3

Жауынгерлік
жекпе-жектің
аралас түрлері (ММА)

Велотрек



Теңге ілу

4

Қоян қолтық ұрыс

Футбол



Көкпар

5

Дойбы

Классикалық волейбол




6

Гір спорты

Спорттық гимнастика




7

Спорттық туризм

Үстел теннисі




8

Кикбоксинг





9

Шахмат





10

Белбеу күресі





11

Футбол сурдо





12

Жүзу сурдо





"С" тобы

1

Киокушинкай-кан каратэ

Спорттық құзға өрмелеу

Конькимен мәнерлеп сырғанау


Жамбы ату

2

Бильярд

Суға секіру

Биатлон


Құсбегі

3

Ушу (кунг-фу)

Әйелдер күресі

Фристайл-акробатика


Дәстүрлі
садақ ату

4

Парапланерлік спорт

Су добы

Фристайл-могул



5

Футзал

Көркем гимнастика

Шаңғымен тұғырдан секіру



6


Велосипедтік мотокросс ВМХ

Шаңғы жарысы



7


Үйлесімді жүзу




8


Теннис




      Ескертпе: аббревиатуралардың түсіндірмесі:

      AIGA – Аматэур Интернейшнал Греплинг Ассосейшн (Amateur International Grappling Association);

      UWW – Юнайтед Уолд Врестлинг (United World Wrestling);

      ММА – Миксд Мартиал Артс (Мixed Martial Arts);

      WKF – Уолд каратэ Федерейшн (World Karate Federation);

      WTF – Уолд таеквондо Федерейшн (World Taekwondo Federation);

      BMX – Bicycle MotoX.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады