Жеке тұлғалардың мемлекеттік орман қоры аумағында тегін, рұқсаттама құжаттарынсыз жабайы өскен жемістерді, жаңғақтарды, саңырауқұлақтарды, жидектерді, дәрілік шикізатты және өзге де орман ресурстарын өз мұқтажы үшін жинауына нормалар бекіту туралы

Жаңа

Жетісу облыстық мәслихатының 2024 жылғы 23 қазандағы № 22-133 шешімі. Жетісу облысы Әділет департаментінде 2024 жылы 29 қазанда № 246-19 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының Орман кодексінің 42-бабының 2, 3 - тармақтарына сәйкес, Жетісу облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Жеке тұлғалардың мемлекеттік орман қоры аумағында тегін, рұқсаттама құжаттарынсыз жабайы өскен жемістерді, жаңғақтарды, саңырауқұлақтарды, жидектерді, дәрілік шикізатты және өзге де орман ресурстарын өз мұқтажы үшін жинауына нормалар қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау жетекшілік ететін облыс әкімінің орынбасарына жүктелсін (келісім бойынша).

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Мәслихат төрағасы Г. Тойлыбаева

  Жетісу облыстық мәслихаты 2024 жылғы 23 қазандағы № 22-133 шешіміне қосымша

Жеке тұлғалардың мемлекеттік орман қоры аумағында тегін, рұқсаттама құжаттарынсыз жабайы өскен жемістерді, жаңғақтарды, саңырауқұлақтарды, жидектерді, дәрілік шикізатты және өзге де орман ресурстарын өз мұқтажы үшін жинау нормалары

Аталуы

1(бір) адамға жинау нормасы, килограмм


Өз қажеттіліктеріне дайындау:
қамыс

5,0

1

ши

1,0


сыпырғыш дайындауға керекті шеңгел

2,0


сыпырғыш дайындауға керекті жусан

2,0

 
2

Дәрi-дәрмектік өсiмдiктер мен техникалық шикізат, соның ішінде:
шөптер, гүлдер, гүл шоғырлары, бүршiктер мен тамырлар (кептірілмеген түрде)

Бір түрінен 1(бір) килограмм, әр түрінен ары кеткенде 3 (үш) килограмм


жапырақтар

2,0


емен тұқымы

10,0


Жабайы жемiс-жидектер мен бүлдiргендер:
алма

5,0


шетен

5,0


долана

5,0

3

өрiк

5,0


мойыл

3,0


жиде

3,0


жаңғақ

3,0


саңырауқұлақ

5,0


Әр-түрлі жидектер (кептірілмеген түрде)

5,0

      Ескерту:

      Осы кестеде көрсетілген жабайы жемістерді, жаңғақтарды, саңырауқұлақтарды, жидектерді, дәрілік шикізатты және басқа да орман ресурстарын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 қазандағы "Өсімдіктер мен жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерінің тізбесін бекіту туралы" № 1034 қаулысына сәйкес, сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген өсімдіктер түрлерінің тізбесін қоспағанда, мемлекеттік орман қоры аумағында өз қажеттіліктері үшін өтеусіз жинауға рұқсат етіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады