Талдықорған қалалық мәслихатының 2023 жылғы 15 қарашадағы "Талдықорған қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудыңқағидаларын бекіту туралы" №11-68 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Жетісу облысы Талдықорған қалалық мәслихатының 2024 жылғы 30 мамырдағы № 22-133 шешімі. Жетісу облысы Әділет департаментінде 2024 жылы 3 маусымда № 220-19 болып тіркелді

      Талдықорған қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Талдықорған қалалық мәслихатының 2023 жылғы 15 қарашадағы "Талдықорған қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" №11-68 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 188604 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Талдықорған қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:

      2-тармақтың 1) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:


      "1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі - уәкілетті ұйым) - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және олардың нәтижелерін көрсетілетін қызметті алушыға беру жөніндегі жұмысты "бір терезе" қағидаты бойынша ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;"

      7-тармақтың 6) тармақшасының бірінші бөлігінде "5 (бес)" саны "7 (жеті)" санына өзгертілсін.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Талдықорған қалалық мәслихатының төрағасы Т. Ахажан

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады