Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Ескелді ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ескелді ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 29 мамырдағы "Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" №106 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 112785 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Е. Ахметов |