Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңы 37-бабының 8-тармағына және Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Ескелді ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ескелді ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 14 шілдедегі № 249 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 81944 болып тіркелген) "Ескелді ауданы бойынша қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ескелді ауданының әкімі | Е. Ахметов |