Кербұлақ ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Жетісу облысы Кербұлақ ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 13 ақпандағы № 55 қаулысы. Жетісу облысы Әділет департаментінде 2024 жылы 13 ақпанда № 134-19 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңы 37-бабының 8-тармағына және Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Кербұлақ ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Кербұлақ ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Кербұлақ ауданының әкімі К. Есболатов

  Кербұлақ ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 13 ақпандағы № 55 қаулысына қосымша

Кербұлақ ауданы әкімдігінің күші жойылды деп танылған кейбір қаулыларының тізбесі

      1. Алматы облысы Кербұлақ ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 07 қыркүйектегі "Кербұлақ ауданының шалғайдағы елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың тәртібі мен схемаларын бекіту туралы" № 258 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 96026 болып тіркелген);

      2. Алматы облысы Кербұлақ ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 10 қаңтардағы "Пробация қызметiнiң есебiнде тұрған адамдарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квоталар белгілеу туралы" № 03 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 109172 болып тіркелген);

      3. Алматы облысы Кербұлақ ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 10 қаңтардағы "Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" №02 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 109171 болып тіркелген).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады