Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Көксу ауданының әкімі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Көксу ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Көксу ауданының әкімі | Д. Халелов |
2024 жылғы 3 сәуірдегі № 128 қаулысына қосымша |
Көксу ауданы әкімдігінің күші жойылды деп танылған кейбір қаулыларының тізбесі
1. Алматы облысы Көксу ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 09 сәуірдегі "Үйде тәрбиеленіп, оқитын мүмкіндігі шектеулі балаларға қосымша әлеуметтік көмек көрсету туралы" №153 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 65542 болып тіркелген);
2. Алматы облысы Көксу ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 13 ақпандағы "Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыратын жұмыс берушілердің тізбесін бекіту туралы" № 57 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 63983 болып тіркелген);
3. Алматы облысы Көксу ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 13 ақпандағы "Жастар практикасын ұйымдастыратын жұмыс берушілердің тізбесін бекіту туралы" №56 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 63984 болып тіркелген).