Қазақстан Республикасының "Құқықтық актiлер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Панфилов ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Панфилов ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 2 ақпандағы "Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" № 17 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 109741 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Панфилов ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Панфилов ауданының әкімі | М. Сағымбек |