Қарағанды облыстық мәслихатының XII сессияның 2013 жылғы 14 наурыздағы № 129 "Қарағанды облысындағы жылу маусымына дайындық және оны өткізу Қағидалары туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қарағанды облыстық мәслихатының 2024 жылғы 14 наурыздағы № 162 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 15 наурызда № 6571-09 болып тіркелді

      Қарағанды облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Қарағанды облыстық мәслихатының XII сессияның 2013 жылғы 14 наурыздағы №129 "Қарағанды облысындағы жылу маусымына дайындық және оны өткізу Қағидалары туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2311 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:

      Қарағанды облыстық мәслихатының XII сессиясының 2013 жылғы 14 наурыздағы №129 шешімімен бекітілген Қарағанды облысындағы жылу маусымын дайындық және оны өткізу Қағидаларында 38 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "38. Нысандарды қысқы жағдайда пайдалану дайындығы дайындық актісімен расталып, рәсімделеді:

      1) әлеуметтік мәдени тұрмыстық нысандар (білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту саласындағы мекемелер) осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес 1 қыркүйекке дейін;

      2) тұрғын үйлер осы Қағиданың 9-қосымшасына сәйкес, жылумен жабықтаушы ұйым нысандарының дайындығын тексеру актісі мен күзгі тексеру нәтижелері бойынша толтырылған көппәтерлі тұрғын үйлер мен ғимараттардың, үйішілік жүйелерінің жалпы тексеріс актісі негізінде 25 қыркүйекке дейін.

      Энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдардың дайындық паспорты Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген мерзімде, нысанда және тәртіпте ресімделеді.

      Энергия өндіруші ұйымдардың, оның ішінде қазандықтар және АЖЖ иелерінің күзгі-қысқы кезеңге дайындық паспортын алуы үшін, ұйым басшыларына сараптамалық ұйымдардың қорытындысын алу қажет.".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыстық мәслихат төрағасы Н. Кобжанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады