Теміртау қаласы азаматтарының қалалық қоғамдық көлікте жүру үшін (таксиден басқа) жекелеген санаттарына жеңілдіктер белгілеу туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Теміртау қаласының әкімдігінің 2024 жылғы 4 қазандағы № 48/62 бірлескен қаулысы және Қарағанды облысы Теміртау қалалық мәслихатының 2024 жылғы 4 қазандағы № 20/6 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 9 қазанда № 6669-09 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы көлік туралы" Заңының 13-бабына және Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Теміртау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Теміртау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Теміртау қаласының 7 жастан 18 жасқа дейінгі балаларға тегін жол жүру құқығын растайтын құжат (электрондық жол жүру құжаты) болған жағдайда, қалалық қоғамдық көлікте (таксиден басқа) тегін жүру түріндегі жеңілдік белгіленсін.

      2. Осы бірлескен қаулысы және шешімі алғашқы ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі.

      Теміртау қаласының әкімі Г. Ашимов
      Қалалық мәслихат төрағасы А. Ломакин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады