Мәдени, спорттық және спорттық-бұқаралық іс-шаралар афишаларын орналастыру үшін арнайы бөлінген орындар тізбесін бекіту туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Балқаш қаласының әкімдігінің 2024 жылғы 3 қазандағы № 49/04 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 4 қазанда № 6663-09 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Жарнама туралы" Заңының 17-2-бабы 1-тармағының 1-1) тармақшасына сәйкес Балқаш қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Балқаш қаласында мәдени, спорттық және спорттық-бұқаралық іс-шаралар афишаларын орналастыру үшін арнайы бөлінген орындар тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Балқаш қаласының әкімі С. Сатаев

  Балқаш қаласының
әкімдігінің
2024 жылғы 3
қазандағы
№ 49/04
қаулысына қосымша

Мәдени, спорттық және спорттық-бұқаралық іс-шаралар афишаларын орналастыру үшін арнайы бөлінген орындар

№ р/с

Мәдени, спорттық және спорттық-бұқаралық іс-шаралар афишаларын орналастыру үшін арнайы бөлінген орындар

1.

Абай және Ағайынды Мусиндер көшелерінің қиылысындағы ақпараттық тақта

2.

З. Сабитова шағын ауданы № 34 үйдің оң жағындағы ақпараттық тақта

3.

Бөкейханов және Абай көшелерінің қиылысындағы ақпараттық тақта

4.

Русаков шағын ауданы № 9 үй маңындағы ақпараттық тақта

5.

Қоңырат шағын ауданы, Русаков көшесі № 9 үйдің оң жағындағы ақпараттық тақта

6.

Балқаш-1 станциясының теміржол вокзалдың әкімшілік ғимараттың алдындағы ақпараттық тақта

7.

С. Мухамеджанов шағын ауданы № 5 үйдің артқы жағындағы ақпараттық тақта


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады