Ақтоғай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Ақтоғай ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерінің орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы" Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 10 маусымдағы № 34/02 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №28498 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 болып тіркелген) сәйкес, Ақтоғай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:".
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтоғай ауданының әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ақтоғай ауданының әкімі | А. Аманжолов |