Нұра ауданының аумағында барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындарын белгілеу туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Нұра ауданының әкімдігінің 2024 жылғы 10 мамырдағы № 17/01 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 21 мамырда № 6602-09 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, Нұра ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Нұра ауданының сайлау комиссиясымен бірлесіп (келісім бойынша) Нұра ауданының аумағында барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.

      2. Қарағанды облысы Нұра ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 15 мамырдағы "Нұра ауданының аумағында сайлаушылармен кездесулер өткізу үшін үй-жайлар беру және үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы" № 13/08 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5344 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Нұра ауданының әкімі Б. Муканов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Нұра аудандық

      сайлау комиссиясы

  Нұра ауданы әкімдігінің
2024 жылғы 10 мамырдағы
№ 17/01
қаулысына қосымша

Нұра ауданының аумағында барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар

Елді-мекеннің атауы

Үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары

1

Нұра кенті

Тәуелсіздік және Абай көшелерінің бұрышындағы ақпараттық стенд

2

Қайнар ауылы

Сарыарқа, 2 А көшесіндегі мәдениет үйінің алдындағы ақпараттық стенд

3

Кертінді ауылы

Б. Мамраев, 10 көшесіндегі мәдениет үйінің алдындағы ақпараттық стенд

4

Ахмет ауылы

Бейбітшілік көшесіндегі ақпараттық стенд

5

К. Мыңбаев ауылы

Тәуелсіздік көшесіндегі ақпараттық стенд

6

Көбетей ауылы

Казахстанская, 8 көшесіндегі ақпараттық стенд

7

Құланөтпес ауылы

Ә. Бөкейханов көшесіндегі мәдениет үйінің алдындағы ақпараттық стенд

8

Балықтыкөл ауылы

Бейбітшілік көшесіндегі ақпараттық стенд

9

Жараспай ауылы

Жакупбеков көшесіндегі ақпараттық стенд

10

Ақмешіт ауылы

Д. Шалабеков көшесіндегі ақпараттық стенд

11

Қарой ауылы

Абай көшесіндегі ақпараттық стенд

12

Байтуған ауылы

Тәуелсіздік және Әуезов көшелерінің қиылысындағы ақпараттық стенд

13

Тассуат ауылы

Тәуелсіздік көшесіндегі ақпараттық стенд

14

Мұзбел ауылы

Тәуелсіздік көшесіндегі ақпараттық стенд

15

Егінді аулы

Тәуелсіздік көшесіндегі ақпараттық стенд

16

Изенді ауылы

Байдалы Бокаев көшесіндегі ақпараттық стенд

17

Шахтерское ауылы

Құрылысшылар және Орталық көшелерінің қиылысындағы ақпараттық стенд

18

Заречное ауылы

Ленин көшесіндегі ақпараттық стенд

19

Құланөтпес ауылы

Абылайхан көшесіндегі ақпараттық стенд

20

Шұбаркөл кенті

Рысқұлбеков, 13 көшесіндегі ақпараттық стенд

21

Баршын ауылы

Аблахатов көшесіндегі ақпараттық стенд

22

Жанбөбек ауылы

С. Сейфуллин көшесіндегі ақпараттық стенд

23

Ткенекті ауылы

Акибек көшесіндегі ақпараттық стенд

24

Талдысай ауылы

Сатпаев, 3 көшесіндегі ақпараттық стенд

25

Соналы ауылы

Абай, 13 көшесіндегі ақпараттық стенд


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады