Аудандық маслихат ШЕШТІ:
1. Осакаров аудандық мәслихатының 2023 жылғы 31 қазандағы № 12/110 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6511-09 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларында:
2-тармақтың 1) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
"1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша өтініштерді қабылдау және олардың нәтижелерін көрсетілетін қызметті алушыға беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;";
7-тармақтың 2) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
"2) табиғи зілзала орын алған мекен-жайда тұрақты тұратын азаматтарға (отбасыларға) осы жағдай туындаған сәттен бастап тұрғын үй (тұрғын үй құрылысы) меншік иелерінің біріне алты ай ішінде, жан басына шаққандағы орташа табысы есепке алынбай - бір рет 100 (жүз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
өрттің салдарынан өрт оқиғасы орын алған мекен-жайда тұрақты тұратын азаматтарға (отбасыларға) осы жағдай туындаған сәттен бастап тұрғын үй (тұрғын үй құрылысы) меншік иелерінің біріне алты ай ішінде, жан басына шаққандағы орташа табысы есепке алынбай - бір рет 200 (екі жүз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;";
7-тармақтың 2) тармақшасының мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
"2-1) қатты отынды сатып алуға 3 (үш) ең төмен күнкөріс деңгейінен аспайтын жан басына шаққандағы орташа кіріс болуы және оларда және отбасы мүшелерінде басқа тұрғын үйі болмаған жағдайда, жергілікті (пештік) жылытатын жеке тұрғын үйде тұратын, оның жеке меншік иесі болып табылатын жалғыз басты зейнеткерлік жасқа толған қарт адамдарға және тұрғылықты жері бойынша еңбекке қабілетті кәмелетке толған балалары жоқ және мүгедектігі бар адамдарға - тиісті қаржы жылына белгіленген жылыту маусымына арналған 16 (он алты) айлық есептік көрсеткіш көрсетіледі;
қатты отынды сатып алуға 1 (бір) ең төмен күнкөріс деңгейінен аспайтын жан басына шаққандағы орташа кіріс болуы және оларда және отбасы мүшелерінде басқа тұрғын үйі болмаған жағдайда, жергілікті (пештік) жылытатын жеке тұрғын үйде тұратын, оның жеке меншік иесі болып табылатын аз қамтылған отбасыларға (азаматарға) - тиісті қаржы жылына белгіленген жылыту маусымына арналған 16 (он алты) айлық есептік көрсеткіш көрсетіледі;".
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың төрағасы | К. Саккулаков |