Приозерск қалалық мәслихатының 2023 жылғы 22 желтоқсандағы № 12/74 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Приозерск қаласының мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Приозерск қалалық мәслихатының 2024 жылғы 8 тамыздағы № 19/150 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 9 тамызда № 6631-09 болып тіркелді

      Приозерск қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Приозерск қалалық мәслихатының "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Приозерск қаласының мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2023 жылғы 22 желтоқсандағы № 12/74 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6538-09 болып тіркелген) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларында:

      1-тараудың 2-тармағының 1) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "1) Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және олардың нәтижелерін көрсетілетін қызметті алушыға беру жөніндегі жұмысты "бір терезе" қағидаты бойынша ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;";

      1-тараудың 5-тармағының 5) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "5) 7 мамыр – уәкілетті органның тізімі негізінде 7-тармақтың 2) тармақшасының бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші абзацтарында көрсетілген санаттар үшін ҚР-да Отан қорғаушылар күні;";

      2-тараудың 7-тармағының 22) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "22) азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне табиғи зілзала немесе өрт салдарынан залал келтіруі табиғи зілзала немесе өрт басталған күннен бастап үш айдан кешіктірілмей, адамның (отбасы мүшелерінің) табысына қарамастан жылына 1 рет беріледі, әлеуметтік көмектің мөлшері 100 (жүз) айлық есептік көрсеткішті құрайды;";

      2-тараудың 7-тармағы мынадай мазмұндағы 27-1) және 27-2) тармақшамен толықтырылсын:

      "27-1) азаматтың (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы Қазақстан Республикасының заңнамасында тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 1,5 (бір жарым) еселенген мөлшерінен аспайтын, жергілікті (пешпен) жылытылатын жеке тұрғын үйлерде тұратын, оның жеке меншік иесі (жалдаушылары) немесе меншік иесінің (жалдаушының) отбасы мүшелері болып табылатын, оларда және отбасы мүшелерінде басқа тұрғын үй болмаған жағдайда бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдар, мүгедектігі бар балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар, кәмелетке толғанға дейiн ата-аналарынан айырылған жиырма тоғыз жасқа толмаған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үшін, қатты отынды (көмір) сатып алуға бір реттік әлеуметтік көмек жылыту маусымына 16 (он алты) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, жылына 1 рет көрсетіледі;";

      "27-2) Ауғанстандағы жауынгерлік іс-қимылдарға қатысқан ардагерлерді жерлеуге қайтыс болғаннан кейін үш ай ішінде адамның (отбасы мүшелерінің) табысына қарамастан бір рет 150 (жүз елу) мың теңге мөлшерінде беріледі;";

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қалалық мәслихат төрағасы А. Исатаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады