"Елді мекендердің көшелерін күтіп ұстау, ағымдағы, орташа және күрделі жөндеу кезінде орындалатын жұмыстар түрлерінің сыныптамасын бекіту туралы" Қызылорда облысы әкімдігінің 2016 жылғы 20 қаңтардағы № 307 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қызылорда облысы әкімдігінің 2024 жылғы 25 қаңтардағы № 18 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 29 қаңтарда № 8489-11 болып тіркелді

      Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Елді мекендердің көшелерін күтіп ұстау, ағымдағы, орташа және күрделі жөндеу кезінде орындалатын жұмыстар түрлерінің сыныптамасын бекіту туралы" Қызылорда облысы әкімдігінің 2016 жылғы 20 қаңтардағы № 307 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5368 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Елді мекендердің көшелерін күтіп ұстау, ағымдағы, орташа және күрделі жөндеу кезінде орындалатын жұмыстар түрлерінің сыныптамасының 31-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) жол жамылғылары бойынша, соның ішінде:

      цемент-бетонды жабындысы бар жабынды автожолдар бойынша:

      тозған тақталарды алмастыру, темір-бетон төсемдерінің жеке тақталарын көтеру немесе тегістеу;

      қорғау қабатын салу, үлкен ұзақтықтағы темір-бетон тақталарының және цемент-бетон төсемдерінің жапсарларын жөндеу, жеке учаскелерде асфальт-бетон қабатын салу;

      асфальт-бетонды және өтпелі жабынды автожолдар бойынша:

      жетілдірілген қоспаларды қолданумен үстіңгі қабатты өндеу; жетілдірілген төсемнің тозған жоғарғы қабатын қалпына келтіру және қолданыстағы жол жамылғысын бөлшектеу және қажетті жағдайда қабатты тегістейтін және үстіңгі қабатқа немесе жөнделетін учаскенің барлық ұзындығына тозу қабатына өндеу жүргізу арқылы жеке және иірімді учаскелерде жол жамылғысын салу;

      асфальт-бетон қоспасының қажетті мөлшерін қосу арқылы шорлары, сораптары, жоталары және басқа да өзгерістері мен ақаулары бар жетілдірілген төсемді қалпына келтіру;

      жаңа материалдардың қажетті мөлшерін қосу арқылы және жол жабындарының негізін салу үшін алынған материалдарды, оның үстіне асфальтты-бетон қабатын немесе тозу қабатын төсеу арқылы шорлары, сораптары, жоталары және басқа да өзгерістері мен ақаулары бар жетілдірілген төсемді қайлау және қалпына келтіру;

      жаңа материалдарды және жұмыс өндірісінің технологияларын қолдану арқылы сыналған учаскелерді салу және оларға мониторинг жүргізу; шағылтасты және қиыршықтасты төсемдердің қапталдарын, сондай-ақ материалдар қолдану арқылы топырақты жолдарды қалпына келтіру;

      қиыршықтасты және топырақты жолдардың жүру бөлігін тұтқыр және шаңсыздандыратын материалдармен жақсарту;

      вираждарды салу және қозғалыс үшін қауіпті қисық көрінулерді қамтамасыз ету;

      жөнделетін учаскелердің жүру бөлігін белгілеу;

      жолдың техникалық санатын өзгертпей, ұзақтығы 15 километрден аспайтын ұсақтасты және қиыршықтасты жабынды асфальт-бетонды жабынға ауыстыру.".

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қызылорда облысының әкімі Н. Налибаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады