"Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 15 наурыздағы № 108 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18404 болып тіркелген) сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Бекітілсін:
1) осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес Қызылорда облысы бойынша 2024 жылға арналған ауыл шаруашылығы жануарлары басының азығына жұмсалатын шығындардың құнын арзандатуға субсидия нормативі, сондай-ақ субсидия алу өлшемшарттары және өтінім беру мерзімі;
2) осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес Қызылорда облысы бойынша 2024 жылға арналған ауыл шаруашылығы жануарлары басының азығына жұмсалатын шығындардың құнын арзандатуға субсидия алу өтінім нысаны.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қызылорда облысының әкіміН. Налибаев |
Қызылорда облысы әкімдігінің 2024 жылғы 17 желтоқсандағы № 190 қаулысына 1-қосымша |
Қызылорда облысы бойынша 2024 жылға арналған ауыл шаруашылығы жануарлары басының азығына жұмсалатын шығындардың құнын арзандатуға субсидия нормативі, сондай-ақ субсидия алу өлшемшарттары және өтінім беру мерзімі
Қызылорда облысы әкімдігінің 2024 жылғы 17 желтоқсандағы № 190 қаулысына 2-қосымша Нысан ________________________ (облыстың) жергілікті атқарушы органы |
Қызылорда облысы бойынша 2024 жылға арналған ауыл шаруашылығы жануарлары басының азығына жұмсалатын шығындардың құнын арзандатуға субсидия алу өтінімі
Өтінім нөмірі: ____ Өтінімнің қалыптастырылған күні: __________ |
1. Тауар өндірушінің атауы _________________________________________________
(жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса),тегі/заңды тұлғаның атауы)
2.Тауар өндірушінің мекенжайы: ______________________________________________
(облыс, аудан, қала/ауыл/көше, үй нөмірі)
3. Тауар өндірушінің телефон нөмірі ________________________
4. Банктік деректемелері (ЖСК, Кбе, БСК):___________________
5. Шаруашылықтың есепке алу нөмірі:_______________________
6. ЖСН-сы/БСН-сы_______________________________________
7.Өтінім берушінің жер учаскелері туралы мәліметтер:
№ | Кадастрлық нөмірі | Жалпы алаңы, гектар | Жер санаты | Нысаналы мақсаты |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1. | ||||
2. |
8. Жасы 18 ай және одан асқан ауыл шаруашылығы жануарларының аналық мал басы туралы мәлімет:
№ | АЖБ-да тіркелген аналық басының ЖСН-сы |
1 | 2 |
1. | |
2. |
9. Субсидиялауға жататын аналық мал басының саны____бас.
10. Субсидиялау нормативі 1 бас үшін_______теңге.
11. Тиесілі субсидияның жалпы сомасы______теңге.
12. Сатып алу-сату шартының электрондық көшірмесі.
13.Электрондық шот-фактура (импорт кезінде талап етілмейді):
№ | ЭШФ беру күні | Айналым жасалған күн | ЭШФ нөмірі | Сатушының ЖСН/БСН | Сатушының атауы | Жалпы құны |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
14. Құнның толық төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі (ел ішінен сатып алған жағдайда: төлем тапсырмасы/банктен үзінді-көшірме/бақылау- кассалық аппараттың чектері/ кіріс кассалық ордер;
шетелден сатып алған кезде: тауарларға арналған кедендік декларация/тауарларды әкелуге және жанама салықтарды төлеуге арналған өтініш(тер) және ақша аударуға өтініш).
Субсидияларды алу үшін қолданылған электрондық шот-фактураларды бұғаттау туралы хабардармын.
Мәлімделген ауыл шаруашылығы жануарларының аналық мал басын жыл бойы сақталуын (мал шығынының зоотехникалық нормасын қоспағанда) қамтамасыз ететінімді растаймын, сақтауды қамтамасыз етпеген жағдайда ауыл шаруашылығы жануарының сақталмаған аналық басы үшін алынған субсидияларды қайтаруға келісемін.
Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға, менің дербес деректерімді жинауға, өңдеуге, сондай-ақ көрсетілген мемлекеттік қызмет бойынша деректерді бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға беруге келісім беремін.
Дербес деректердің трансшекаралық түрде берілуі болмағанын, сондай-ақ дербес деректердің жалпыға бірдей қолжетімді көздерде таратылуы орын алмағанын хабарлаймын.
Жиналатын деректердің тізбесі: жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса) тегі, заңды тұлғаның атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, жеке сәйкестендіру нөмірі, банктік деректемелер, электрондық почта, телефон нөмірі.
Өтінім беруші 20__ жылғы ___ сағат ____ қол қойып, жіберді.
Өтінім беруші туралы ЭЦҚ-дан алынған мәліметтер.
Аббревиатуралардың толық жазылуы:
ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;
БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
ЖСК – жеке сәйкестендіру коды;
Кбе – бенефициар коды;
БСК – банктік сәйкестендіру коды;
ЖСН – жануардың сәйкестендіру нөмірі;
АЖБ – ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқор;
ЭШФ – электрондық шот-фактура;
ЭЦҚ – электрондық цифрлық қолтаңба.