"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Қармақшы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қармақшы ауданының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемасы мен тәртібін бекіту туралы" Қармақшы ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 28 мамырдағы № 724 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5031 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қармақшы ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қармақшы ауданының әкімі | Ж. Еркінбек |