"Қармақшы ауданының жергілікті атқарушы органдарының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" Қармақшы ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 20 шілдедегі № 18 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қызылорда облысы Қармақшы ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 24 қыркүйектегі № 136 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 26 қыркүйектегі № 8553-11 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Қармақшы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қармақшы ауданының жергілікті атқарушы органдарының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" Қармақшы ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 20 шілдедегі № 18 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5108 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қармақшы ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қармақшы ауданының әкімі Ж. Еркінбек

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады